Солтүстік ЕуропаныңСкандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады.Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан:Ресеймен — 196,Финляндиямен — 727 км, алШвециямен — 1619 км шекарасы шектесіп жатыр.
Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында.
Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстіктен басталған аласа таулар легі оңтүстікке қарай биіктеп, таулы өлкеге айналып сала береді. Мемлекеттің ең биік нүктелері — Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледі.
Норвегияның ең ірі өзендері шығыста орналасса, батысында қысқа, бірақ ағысты өзендері ағады. Елдің оңтүстік өлкесі келбетті көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнім беретін өсімдіктері жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егістікке қолайлы болып келеді. Сол секілді жануарлар әлемі де корольдікте аса мәз емес.
Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облыстыфүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.
Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкі. Айталық елде 5 миллион 468 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бірі — бір Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге ірі қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдің қалған бөлігі халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.
Елдегі бала туу — 11,89% құраса, адам өлімі — 9,51%. Елдегі балалар өлімі ең төменгі деңгейде. Және статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег ауылдық жерді мекен етеді екен.
Норвегияның негізгі халқы — германиялық біртекті ұлт. Ал елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуықсаам халқы мекен етеді. Елденорвег тілінің екі түрі кездеседі —букмол жәненюнорск.
Норвегияның көп бөлігінСкандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі –Гальхепигген тауы 2469 м).Солтүстік жәнеНорвег теңіздерінің жағалауларыфьордтармен тілімделген. Климаты – баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы –2 – 12ӘС, шілдеде 6 – 15ӘС болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км². Мол сулы ірі өзендері –Гломма,Логен және тағы басқалары. Жерінің 27 пайызын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солтүстігі мен биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым. Жануарлар дүниесінтүлкі,сілеусін,ақкіс,сусар,бұлан,солтүстік бұғысы,ақтиін, қоян құрайды. Жағалауларында құс базарлары көп. Норвегия теңіздері балыққа бай. Кен байлықтарынантемір,никель,мыс,молибден,кобальт,күміс кентастары белгілі. 1970 жылыСолтүстік теңізіненмұнай менгаз кен орны ашылған.
Норвегия — демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері мемлекет королі —V Харальд.
1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерістер мен толықтыруларды бастан кешірген ел конституциясына сай, корольдің уысына елдің үш билігі бірдей берілген.
Министрлер кабинеті Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкіметбасыға елдің атқарушы билігі табысталған.
Стортинг аталатын ел парламентіне 169 депутат мүше бола алады.
Корольдікте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белді партиялары қатарына — «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистік солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады.
Норвегияның экономикасы жөнінде алып-қашпа әңгімелер көп. Бұған себеп — үлкен мұнай қорына иелік ете тұра, корольдіктің сыртқы саяси ойында аса белсенділік танытпауында жатыр. Дегенмен, қазіргі таңда ІЖӨ индексі бойынша Норвегия әлемнің ең бай мемлекеттерінің қатарында. 1970 жылдары басталғанСолтүстік теңізі кенішіндегі мұнай мен газ өндірісі елдіБатыс Еуропа нарығындағы ең ірі мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдік саудаға мұнай шығаруданСауд Арабиясынан кейінгі 2-ші орынға көтеріп тастады. 2005 жылыІЖӨ 194,7 млрд.АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42,4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздіктер тізбегіндегі 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдік тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-орынға көтерілді.
Ел экономикасындағы негізгі сала — мұнай мен газ өндірісі. Алайда елдегі энергия көзі осы мұнайдан алынып отыр деу — жаңсақ. Өйткені Норвегия мұнайы түгелімен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзінен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзін қосу — жоспарда. Бұл дегеніңіз — қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкіметі химия технологиясына қатты мән береді.
Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейін Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешіргені белгілі. ӨйткеніXIX ғасыр менXX ғасыр орта шеніне дейін елдің негізгі экономикалық саласы — ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгілі.
Корольдік ежелден теңізшілер елі саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлігі жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлірек айтқанда біздің дәуірдің 1000 жылдарывикингтер аталатын тәжірибелі қарақшы-теңізшілер тобыАтлант мұхитын кесіп өтіп,Жаңа Дүниенің есігінен енген. Бұл ерте дәуірден-ақ Норвегия жерінде теңіз шаруашылығының кең өріс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулім сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлігі аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемі жағынан 1997 жылы 6-орынды иеленген.
Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнінен Норвегия дүниежүзі бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдікте балық шаруашылығы саласының ең негізгісі —майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негізгі бәсекелесі —Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.
Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Өйткені Норвегия жері географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бір бөлігі орманды алқап. Алайда ағаш өсімінің өте баяу екенін ескеретін болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпінді тірегіне айналмағанына көз жеткізу қиынға соқпайды.
Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшін тиімсіз сала, себебі географиялық жағадайлардың қолайсыз болуы. Мысалы егін егуге корольдіктің таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5,2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлінген жердің 3 пайызы ғана өңделіп, пайдаланылған. Мұнай өндірісі ашылғанға дейін ел экономикасының негізгі салаларының бірі болғанымен, бүгінде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлінбейді.
Норвегияның өңдеу өнеркәсібінде алға қойылған салалар — электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсіптері. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудадаГермания,Швеция,Ұлыбритания,Дания,Нидерланд,Еуропа одағы елдерімен жәнеАҚШ мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негізгі өнімдері —мұнай менгаз (55 пайыз) және дайын өнімдер (36 пайыз). Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары — дайын өнімдер (81,6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнімдері (9,1 пайыз).
Норвегиядағы ең ірі газеттердің қатарында күнделікті «Верденс ганг» (365 мың дана), «Афтенпостен» (250 мың)[6], «Дагбладет» (183 мың)[7] бар, олар сыртқы саяси материалдарды кеңінен ұсынады. Норвегия жан басына шаққандағы мерзімді басылымдар саны бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірін алады. Норвегиялық газеттер одағы 1998 жылы 152 газетті біріктірді. Басылымдардың көпшілігін Консервативті партия қолдайды немесе бақылайды — 44 басылым, жалпы таралымы 800 мың дана.
Ұлттық ақпарат агенттігі — Норвегия телеграф бюросы — NTB (акционерлік қоғам). 1867 жылы құрылған. NTB - норвегиялық газеттер, радио мен телеарналар үшін бірінші жаңалықтар провайдері. Норвегияның мемлекеттік радио және телехабар таратуын (кабельдік және коммерциялық теледидардан басқа) Норвегиялық хабар тарату корпорациясы (Norsk Rikskringkasting, NRK) басқарады, оған NRK P1, NRK P2, NRK P3, NRK1, NRK2 және NRK3 радиоарналары кіреді. Бергендегі коммерциялық ТВ2 телеарнасы 1992 жылы 5 қыркүйекте көрсетіле бастады, танымалдылығы жағынан NRK-мен бәсекелес. Одан кейін TVNorge мен TV3 келеді. Жақында фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуге мамандандырылған жаңа норвегиялық MEtropol телеарнасы ашылды.
FM-диапазонында аналогтық хабар таратудан бас тарту
Норвегия FM-диапазонындағы аналогтық хабар таратудан толығымен бас тартқан әлемдегі алғашқы ел болды. Өшіру 2017 жылдың 11 қаңтарында басталды. Жоспар бойынша жалпыұлттық радиостанциялар жыл соңына дейін цифрлық сигналға (DAB) ауысуы тиіс; Жергілікті хабар таратушыларға бұл процедураны орындауға бес жыл беріледі.
Норвегия1900 жылыПариж ойындарынан бастап барлықЖазғы Олимпиада ойындарына және1924 жылғыШамони ойындарынан бері барлық қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Жазғы ойындарда жалпы саны 150-ге жуық (оның ішінде елуден астам алтын) және қысқы ойындарда үш жүзден астам (оның ішінде жүзден астам алтын) медальмен, Олимпиада ойындарының жалпы есептік көрсеткіштерінде, Норвегия жазғы ойындарда үздік жиырмалыққа және қысқы ойындарда үшінші орынға табан тіреді.
Қысқы түрлері басымырақ дамыған. Норвегиялықтаршаңғы жарысы менконьки тебу спортында ең көп медаль жеңіп алды. Биатлон командасы Ресей мен Германиямен бірге әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Қазіргі заманғы ең көрнекті биатлоншы — биатлоннан әлемдегі жалғыз сегіз дүркін Олимпиада чемпионы және басқа жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегеріУле-Эйнар Бьорндален. Алайда, кеңінен таралған ойындар хоккей мен футболда басқаларына орын береді. Футбол командасының ең үлкен жетістігі — 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатының 1/8 финалына шығуы. Ұлттық құрама ойыншыларының көпшілігі Англия чемпионатында ойнайды. Норвегия чемпионатында дәстүрлі түрде «Русенборг» (20 дүркін чемпион), «Бранн», «Волеренга», «Викинг» және басқалары көш бастап тұр. 1990 жылдары «Русенборг» Чемпиондар Лигасында сәтті ойнап, 1/4 финалға дейін жетіп, 2008 жылы Интертото Кубогын жеңіп алды. Атақты футболшылар —Уле Гуннар Сульшер,Туре Андре Фло,Джон Карью,Йон Арне Риисе,Эрлинг Холанд және т.б.
Норвегиялық шахматшыМагнус Карлсен 2013 жылдан бері әлем чемпионы және тарихтағы ең жоғары Эло рейтингіне ие.
Ел аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар норвегиялық музыканың ежелгі бастауларын ашады. Көптеген халық аспаптарыскрипка,арфа жәнефлейталардың әртүрлі түрлері бар. Норвегиядағы этникалық музыка өте алуан түрлі. Атап айтқанда, оған викинг дәуірінде жасалған лиро-эпикалық мотивтер кіреді.
2005 жылы a-ha
Норвегиялық академиялық музыкаБатыс Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда біршама кеш дами бастады, бұлДанияға 400 жылдан астам тәуелділікпен байланысты. XVIII ғасырдың соңында Линнеман ("норвегиялық Бахи") композитор-органистер отбасы даңққа ие болды. Ұлттық музыка мектебінің негізін қалаушылар көбінесе Норвегиялық романсты жасаушы Хальфдан Хьерульф; импровизатор және виртуозды скрипкашы Уле Булл; Рикард Нурдрок — ұлттық музыканы насихаттаушы, мемлекеттік әнұранның авторы. Ең маңызды норвегиялық композиторды норвег романтизмінің негізгі дәстүрлерін салғанЭдвард Григ деп атауға болады. Сонымен қатар, «Григтен кейінгі ең ірі ұлттық композитор» деп аталатынКристиан Синдинг норвегиялық музыканың дамуына елеулі үлес қосты; Додекафония принциптерін өз жұмысында қолданғанФ.Вален (Арнольд Шёнбергтің шәкірті); Альф Хурум,Харальд Северуд және т.б. Композитор мен орындаушыКетиль Бьёрнстад пен Аксел Кольстадтың отаны.
1970 -ші жылдардың аяғы мен 1980 -ші жылдардың басында Норвегияда Kjøtt, De Press, The Aller Værste!, Blaupunkt сияқты топтардан тұратын «жаңа толқын» пайда болды.
Норвегияның ең танымал музыкалық тобы — 1983 жылы Осло қаласында құрылғанa-ha тобы.A-ha — «жаңа толқынның» соңында пайда болғансинтипоп (электропоп) стилінің жетекші ұжымдарының бірі.
Норвегиялық электронды музыканыKygo, Röyksopp, Сусанна Суннфер және т. б. орындаушылар ұсынады.
Норвегиялық джаздағы ең маңызды музыкантты кең стилистикалық диапазонда жұмыс істейтін саксофонист Ян Гарбаректі атауға болады: фри-джаз, этно-джаз, симфониялық музыка.
Рой Хан, бірегей барқыт дауыс иесі және Kamelot метал тобының бұрынғы вокалисі, ол да Норвегиядан шыққан. 2014 жылы музыкалық сыншылардың назарын джаз композицияларының жас орындаушысы Анджелина Джордан аударған болатын.
Бірнеше стильдерді біріктіретін музыкалық топтардың ішінде Katzenjammer атап көрсетуге болады.
Норвегия «Eurovision» конкурсында үш рет жеңіске жетті (1985, 1995, 2009 жылдар).
Норвег әдебиеті өзінің бай тарихын Норвегиядан қоныс аударушылар жасаған ескі исланд сагаларынан алады. Алайда,Даниямен одақ жасалғаннан кейін, жазбаша норвег тілі біртіндепдат тілімен алмастырылды, алXX ғасырдың басына дейін норвег жазушылары өз шығармаларын даттан іс жүзінде ажыратылмайтын тілде жасады. Норвегияның мәдени тәуелсіздігі үшін күрескен Генрик Вергеланн Норвегияның әдеби тілінің жандануына айтарлықтай ықпал етті. Оның еңбектері XIX ғасырдың екінші жартысындағы ұлы жазушыларға —Генрик Ибсен менБьорнстьерн Бьорнсонға әсер етті.
XIX ғасырдың аяғында норвегиялық модернистер өздерін дәлелдей бастады. Кнут Хамсун мен Зигбьорн Обстфеллер модернизмнің көрнекті өкілдері болды. Модернизм 1960 жылдары дамыды. Осло университетінде шығатын «Профиль» (норв.Profil студенттік журналы әр түрлі әдеби формалармен тәжірибе жасаған жас авторлардың тобын өз айналасына жинады. Олардың көпшілігі кейіннен норвег әдебиетіне үлкен үлес қосты: Даг Сульстад,Тур Обрестад,Эльдрид Лунден және басқалар. Драматург Юн Фоссе де модернизмнің көрнекті өкілі.
Норвегиябалалар әдебиетімен де әйгілі болды. 1874 жылыПетер Асбьёрнсен менЙорген Му норвегфольклорының негізінде«Norske Folkeeventyr» халық ертегілерінің жинағын шығарды, ол «Норвегиялықағайынды Гримм» деген атқа ие болды. Қазіргі заманғы балалар жазушылары —Анна-Катарина Вестли және норвегиялық балалар әдебиетінің өсіп келе жатқан жұлдызы Мария Парр бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды.
Елдің қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңіз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде 6 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны — 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы ІЖӨ-нің 1,9% құраған.