Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Неміс тілі (нем.Deutsch, deutsche Sprache) — неміс халқының тілі.Үндіеуропа тілдерініңбатыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі.Германияда,Аустрияда,Лихтенштейнде,Швейцарияда,Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте жәнеБельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тіліағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынастары бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі жәнеЕуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілдіана тілі ретінде 87[1][2]миллион адам қолданады.
Неміс тілінде 16дауысты, 3дифтонг, 19дауыссыз және 3аффрикат фонема бар. Дауыстылар қысқа және созылыңқы, ашық және жабық айтылады да сөз мағынасына әсер етеді: kam – “тарақ”, kām – “келді”, mer – “аңыз”, mēr – “теңіз”. Дауыссыздары шұғыл, ызың, діріл болып бөлінеді. Дауыстыларға тән ерекшелік – умлаут, сыну және аблаут. Олар қосымша морфол. функция – жекеше, көпше, жақ, рай мағыналарын білдіреді. Екпін сөздің түбір буынына, көбінесе бірінші буынға түседі. Сөз қорын байытуда, термин жасауда сөз біріктіру тәсілінің маңызы зор. Неміс тілінде етістіктің шақ категориясының 6 түрі бар: презенс – осы шақ,имперфект,перфект, плюсквам-перфект – өткен шақ; футурум 1,футурум 2 – келер шақта Сөйлемде баяндауыш 2-орында, бастауышбаяндауыштың не алдынан, не соңынан тұрады.[3]
↑Lewis, M. Paul, ed (2009). Ethnologue: Languages of the World (16 ed.). Dallas, Texas: SIL International.
↑Marten, Thomas; Sauer, Fritz Joachim, eds (2005) (in German). Länderkunde - Deutschland, Österreich, Schweiz und Liechtenstein im Querschnitt [Regional Geography - An Overview of Germany, Austria, Switzerland and Liechtenstein]. Berlin: Inform-Verlag. p. 7.ISBN 3-9805843-1-3
↑“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9
Гухман М.М., От языка немецкой народности к немецкому национальному языку, ч. 1 – 2, М.–Л., 1955 – 59;
Жирмунский В.М., Немецкая диалектология, М.–Л., 1956;
Жирмунский В.М., История немецкого языка, М., 1965;]
Москальская О.И., Грамматика современного немецкого языка, М., 1972;