Мэн (ағылш.Maine) —АҚШ-тың солтүстік батысындағы штат, халық саны - 1 274 923 адам (2000),Жаңа Англия штаттарының бірі.[1]
Атлант мұхитының жағалауында орналасқан,Канадамен жәнеНью-Хэмпширмен шекаралас. Ауданы 85 801 шаршы шақырым. Астанасы —Огаста. ШтатАппалачимен қиылысады, ең жоғарғы нүктесі 1606 м (Катадин қаласы) осы жерде. Жергілікті ойпаттарында көлдер мен аңғарлар көп, Атлант жағалауында көрікті құз-жарлар бар. Алғашқы қоныстанушылар алгонкин үндістері болған. Еуропалықтар өзен аңғарларынан және жағалауларынан пенобскот және пассамакодди тайпаларын анықтады.
Мэн әкімшілік ғимараты, сәулетшісіЧарльз Балфинч, 1829–1832 жылдары тұрғызылды
1603 жылы француздар Мэнді Акадия провинциясының құрамына енгізді,1606 жылы ағылшындар бұл жерлердіПлимут компаниясының территориясы деп жариялады. 17 ғасырда ағылшындар мұнда сирек кездесетін мекеннің негізін қалады, бүкіл аймақ1763 жылыБатыс Канада ағылшын отарына айналғанға дейін ағылшындар мен француздар арасындағы жанжалдардың аймағына айналды.
Мэн1652 жылдан бастапМассачусетс отарының округы болды.1820 жылы Миссурий мәмілесіСІ бойынша АҚШ-тың 23-ші штаты болды. 1842 жылы Канада екеуінің арасына шекара қойылды. 19 ғасырдағыАзаматтық соғыс пен Өнеркәсіптік төңкеріс Мэндегі капиталдар мен жұмыс күшінің жылыстауына ықпалын тигізді.
20 ғасырда төменгі қарқынмен болса да, әсіресе, оңтүстік батыстағы көмір қазатын аудандарда экономика дамып жатты. Экономикасы ауыл шаруашылығына және пайдалы қазбаларды шығаруға негізделген. Негізгі өнім – қаңылтыр, орман материалдары, картоп және шаян. Сондай-ақ туризмнің де маңызы зор.