Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Монако

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:43°44′00″ с. е.7°25′00″ ш. б. / 43.73333° с. е. 7.41667° ш. б. /43.73333; 7.41667 (G) (O) (Я)
Монако кінәздігі
фр.Principauté de Monaco
БайрақЕлтаңба
Ұран:«Deo Juvante»
Әнұран:«Hymne Monégasque»(тыңдау (ақп.))
Тарихы
Тәуелсіздік күні8 қаңтар1297 жыл (Генуядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліфранцуз тілі
ЕлордаМонако
Ірі қалаларыМонако,Монте-Карло,Ла-Кондамин,Фонвьей
Үкімет түріКонституциялық монархия
Князь
Премьер-министрі
Альбер II
Серж Тель[1]
Мемлекеттік дінікатолицизм
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 194-ші-орын
2,2 км²
0
Жұрты
• Сарап (2015)
• Санақ (2016)
Тығыздығы

38 400[2] адам (217-ші-орын)
38 897 адам
18,713 адам/км² (1-ші-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2015)

115,700 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

6,401 млрд.[3] $ (148-ші-орын)
166,726[4] $ (1-ші-орын)
ВалютасыЕуро
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.mc
ISO кодыMC
ХОК кодыMON
Телефон коды+377
Уақыт белдеулеріUTC+1,
жазғы уақыттаUTC+2

Монако (фр.Monaco), ресми атауы —Монако кінәздігі (фр.Principauté de Monaco) — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 км2. Халқы 39 мың (2001). Этностық құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италиялықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды.

Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі.

Халқының 96%-ы христиан-католиктер.

Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 19 қараша.

Монако — конституциялық монархия. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — княз. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – ұлттық Кеңес. Жоғарғы атқарушы орган – Үкімет кеңесін мемлекеттік министр басқарады. Монако 1993 жылдан БҰҰ-ға мүше. Климаты – жерортатеңіздік, субтропиктік.[5]

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ежелгі замандаМонако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. 10 – 1 ғасырларда бастапқыдафиникиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, 8 – 10 ғасырларда арабтардың билігі орнады. 11 ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 жылыФранцияның қамқорлығына өтті. 1814 жылыВена Конгресінің шешіміменСардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс Монакодағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді. 1865 жылы Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды. 1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралық орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың біріншіКонституциясы өз күшіне енді. 1951 жылы Монако мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 1962 жылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы болып саналады.[5]

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Монако — Еуропадағы туризмнің негізгі орттарының бірі. Елде халықараралық деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа дәл өлшегіш аспаптар, дәрі-дәрмектер шығарады. ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 26170 АҚШ доллорына тең (1995).[6]

Географиялық орны

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Монако Еуропа оңтүстігіндеЛигурия теңізінің жағалауында, Ниццадан солтүстік-шығыста 20 км жерде орналасқан. Құрлықта князьдік Франциямен шекараласады.

Елдің ауданы 2,02 км² құрайды. Жағалау сызығының ұзындығы - 4,1 км, құрлықтағы шекаралардың ұзындығы - 4,4 км. Соңғы 20 жылда теңіз аумақтарын құрғату есебінен ел аумағы 40 гектарға ұлғайды.

Климаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Монако климаты субтропикалық, жылы, құрғақ жазы бар (орташа температура 20-25 °C) және жұмсақ жаңбырлы қыста (орташа температура 10-12 °C). Жауын-шашынның басым бөлігі күзде және қыста түседі, жылдың шуақты күндері — шамамен 300, жаңбырлы — шамамен 60. Монаконың климаты Францияның оңтүстік жағалауына ұқсас.

Білім

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Монакода 10 мемлекеттік білім беру мекемесі бар, оның ішінде 7 балабақша мен бастауыш мектеп және бір орта мектеп (Чарльз III колледжі), жалпы және техникалық білім беретін бір лицей (Альберт I лицейі) және туризм бойынша білім беретін бір лицей. Сондай-ақ, Монакода діни қауымдастықтар қаржыландыратын екі жеке мектеп (Ассиси Николас Барр Франциск институты және Доминикан мектебі) және бір халықаралық мектеп (Монако халықаралық мектебі) бар. Монакода бір ғана жоғары оқу орны бар — Монако халықаралық университеті.

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2020 жылда болған жағдай бойынша Монаконың тұрғындары 39 039 адамды құрайды, бірақ азаматтарының шамамен 20% -ы монегаскалар екенін ескерген жөн. Олар салықтан босатылған және ескі қала аймағында қоныстануға құқылы. Халық тығыздығы 18 679 адам/км² құрайды. Халықтың жоғары тығыздығы Монаконың ергежейлі мемлекет болуына байланысты. Халықтың жылдық өсу қарқыны жылына 0,386% құрайды (2007 жылғы мәліметтер). 2015 жылғы мәліметтер бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 89,63 жылды құрайды. Халықтың ішінде әйелдер аздап басым. Ерлер мен әйелдердің арақатынасының қатынасы 1000 әйелге шаққанда 947,34 еркекті құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша). Халықтың 62% -ы еңбекке қабілетті. Сауаттылық деңгейі 99% құрайды.

Ұлттық құрам (2008):

  • Француздар- 28,24%;
  • Монегасктар - 21,5%;
  • Итальяндықтар - 18,57%;
  • Британдықтар - 7,5%;
  • басқалары - 24,19%.

Ең үлкен діни топ - католиктер. Оларға князьдік халқының 82% -ы кіреді.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Le Ministre d'État / Ministère d'État / Le Gouvernement / Gouvernement et Institutions / Portail du Gouvernement - Monaco
  2. Monaco Statistics / IMSEE — Monaco IMSEE  (фран.). Imsee.mc. Тексерілді, 3 тамыз 2016.
  3. The World Bank Group. The World Bank Group. Тексерілді, 18 қыркүйек 2019.
  4. The World Bank Group - GDP per capita.
  5. abСтраны мира, краткий политико-экономический справочник, Минск, 1999; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.
  6. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
 
Монако
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АлбанияАндорраАустрияӘзербайжан2БеларусьБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаВатиканГерманияГрекияГрузия2ДанияИрландияИсландияИспанияИталияКипр1Қазақстан1ЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесей1РумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркия1УкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧерногорияЧехияШвейцарияШвецияЭстония
Мойындалмаған және жартылай
мойындалған мемлекеттер
Тәуелді аймақтар
Дания
Ұлыбритания
Арнайы әкімшілік аймақтар
Финляндия
Норвегия
1 Негізінде Азияда.2 Еуропа мен Азия арасында жүргізілген шекарасы бойынша негізінде немесе толықтай Азияда.
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Жерорта теңізімен шектесетін елдер мен аймақтар
Егеменді елдер
Мойындалмаған және
жартылай мойындалған мемлекеттер
Тәуелді және басқа да аймақтар
 

Мүшелері:АустрияАлбанияАндорраАрменияӘзербайжанБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаГерманияГрекияГрузияДанияИрландияИсландияКипрИспанияИталияЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесейРумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркияУкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧехияЧерногорияШвейцарияШвецияЭстония

Кандидаттар:Беларусь

Бақылаушылар:АҚШВатиканЖапонияИзраильКанадаМексика

 

АлбанияАндорраАрменияБельгия (Бельгия француз қауымдығы) •БенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГана1ГвинеяГвинея-Бисау2ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанада (Нью-БрансуикКвебек) •Катар1Кипр1КоморларКонго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар2Мали2МароккоМолдоваМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және ПринсипиСейшель аралдарыСенегалСент-ЛюсияСолтүстік МакедонияТогоТунисФранция (ГваделупаМартиникаСен-Пьер және МикелонФранцуз Гвианасы) •ЧадШвейцарияЭкваторлық Гвинея

Қараушы елдер:АустрияБАӘБосния және ГерцеговинаГрузияДоминикан РеспубликасыЛатвияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСербияСловакияСловенияТайландУкраинаУругвайХорватияЧерногорияЧехияЭстония

1Қауымдастырылған мүше •2Мүшеліктен шыққан


Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.


Мақала бастамасыБұл — мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Монако&oldid=3232838» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp