| Мнонг | |
| M’Nông | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
|---|---|
92 451 | |
22 000 | |
| Тілдері | |
| Діні | |
дәстүрлі сенімдер | |
Мнонг —Вьетнамның оңтүстігінде жәнеКамбоджаның шығысында тұратын халық. Кхмер таулы тобына кіреді. Вьетнамдағы халық саны 92 451 адам (1999 ж.), Камбоджада 22 мың адам тұрады.[1]
Олар банари кіші тобына жататынмнонг тілінде сөйлейді, сонымен қатарма тілі де кең таралған.[2]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[3]
Дәстүрлі кәсіптер қолмен атқарылатын егіншілік (күріш,тары,жүгері, тәтті картоп,көкөністер),аңшылық жәнебалық аулау. Қолөнерден – ұсталық, тоқымашылық, ағаш өңдеу, қайықтар жасаумен айналысады. Олардың қолға үйретілген пілдері бар.[4]
Ауылдық қауымдарды ақсақалдар басқарады. Некепатрилокальды немесе матрилокалды. Қыздардың туыствығы ана жағынан, ұлдар әке жағынан есептеледі.[5]

Үйлері қадаларда орналасқан, кейбіреулері жер үйлерде тұралы. Ұзын қадасыз үйлерде (100 м-ге дейін) туысқан шағын отбасылар тұрады.[6]
Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын таңғыш мата, әйелдердікі –белдемше. Тістерді кесу жиі кездеседі.[7]
Мнонгтар пісірілгенкүрішті жейді. Жас бамбук түтігінде пісірілген күріш («лам» күріші) танымал тағам болды. Егістікте жұмыс істегенде олар кептірілген асқабаққа салынған қышқыл ботқа жейді. Көптеген адамдар самогон ішуді, темекі шегуді немесе шайнайтын темекіні пайдалануды ұнатады.[8]