Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Марксизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Марксизмнің негіздеушісі — Карл Маркс

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдарыКарл Маркс пенФридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалықнеміс философиясы (Г. Гегель,Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

Философия саласында марксизмтабиғат,қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымшақұн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішіндепролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм менкоммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

  1. алғашқы қауымдық,
  2. құл иеленушілік,
  3. феодалдық,
  4. капиталистік және
  5. коммунистік формациялардан тұрады. \

Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

  1. В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
  2. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.

Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштерРесейдегіҚазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады.1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.ISBN 9965-11-274-6
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
  3. А. Қалибасұлы. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.ISBN 978-601-215-003-2
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Негізгі тақырыптар
Саяси жүйелер
Академиялық пәндер
Әкімшілік басқару
Саясат
Басқару органдары
Қатысты тақырыптар
Аралық тақырыптар


ЭкономикаБұл — экономика бойынша мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Марксизм&oldid=2474808» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp