Маньчжурлар (маньчжу, нялма) —Қытайдың Солтүстік-Шығысында орналасқан байырғы халық.[1]Этнографиялық жағынан түркі,моңғол халықтарына жақын. Ішкі Моңғолия,Хэбэй,Ганьсу,Шыңжаң өлкелері менПекин,Тянь-Цзинь,Сиань, т.б. ірі қалаларды мекендейді. Халық саны 10,3 млн. шамасында (2003).
Маньчжурлар Қытайдың тарихи деректеріндемохэ деген атаумен берілген.Мохэ тайпаларын моңғол тектесқидандаржуржэн, түркілер шүршіт деп атады. 12 ғасырдың басында шүршіттерЦзинь мемлекетін құрды (1115 — 1234).Шүршіттер 13 — 16 ғасырларда Юань жәнеМин империяларының қарамағында болды. 1616 жылы бұрынғы Цзинь мемлекетінің билігі қалпына келтірілді.Хуан-Тайцзи патша 1636 жылы Цзинь мемлекетінің атауынЦинь (Дацин), шүршіт атауын маньчжур деп өзгертті. 1644 жылы Маньчжурлар Қытайды басып алып, Мин әулетін биліктен кетірді.Цинь әулеті Қытайды 1911 жылға дейін басқарып тұрды. МаньчжурларҚытай тарихы мен мәдениетіне зор үлес қосты. Маньчжур-Цинь империясының жүздеген жылдарға созылған басқыншылық жорықтарының нәтижесінде ІшкіМоңғолия,Тибет, ШығысТүркістан менЖоңғария жеріимперия отарына айналып, қазіргі ҚХР-дың мемлекеттік саяси шекара аумағының қалыптасуына негіз болды.[4]
Отбасылары шағын болып келеді. Ұл балаларды асырап алу жүйесі бар. Көп әйел алу бұрын тек билеуші элита мен бай қала тұрғындарының аз ғана бөлігі арасында байқалды. Соңғы уақытқа дейін қыздарыныңмұрагерлікке құқығы болмаған. Ұл баланың дүниеге келуі қуанышты оқиға болып саналады және аталып өтіледі. Ұл туған әйелді отбасы, туған-туыстары сыйлайды, көршілері де құттықтайды. Ұл туылғанда үй есігіне үш жебемен садақ және қызыл орамал ілініп, қыз туғанда тек қызыл орамал ғана болады.
Дәстүрліелді мекендері өзендердің жағасындағы, таулар мен қыраттардың етегіндегінде орналасқан. Ауылдары бұрыштарында мұнаралары бар үлкен балшықпен сыланған қабырғалармен қоршалған. Дәстүрлі тұрғын үйлері бір немесе екі қосалқы ғимараты бар қаңқалы-бағыналы болып келеді. Терезелері мен есігі бар қасбеті оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қарайды. Мекен-жәйға мал қорасы, шошқа қорасы, ауылшаруашылық құралдарына арналған сарайлар да кірді.[6]
Маньчжурлардың киімдері қазіргі уақытта қытайлықтармен бірдей. Ерлердің дәстүрлі киімдерін шаруалар көбірек сақтайған. Ол кең, қуыс шалбардан (факури), матабелдемшеден (умесун),күртеден (аджиге ней гахари) және бас киімнен тұрады. Үйден шыққанда оны жеңсіз күрте (дехеле) немесешапан (гахари) толықтырады.Әйелдер киімі негізінен ерлер киіміне ұқсайды. Ол жемпір мен тобыққа дейін созылатын шалбардан тұрады, олар көк немесе түрлі-түсті қағаз матадан тігілген. Егде жастағы әйелдер қара түсті киімдерді, жас әйелдер ашық түстерді, көбінесе гүлді өрнекті пайдаланады. Ұзын халат (ципао) оның үстіне кейде жеңсіз күрте немесе кең күрте-курма (куруме) киеді. Соңғы жылдары еуропалық стильдегі сатып алынған көйлектер, пальтолар мен тондар әйелдер арасында, әсіресе қалаларда таралуда.
↑В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 327. — 930 б. —100 000 таралым. —ISBN 5-85270-155-6.