Лотос немесеШамгүл (лат.Nelúmbo) — қос жарнақты өсімдіктерініңЛотос тұқымдасына (лат.Nelumbonaceae) жататын көп жылдық су өсімдіктерінің бір туысы. Лотостың 100-ге жуық түрі бар. Бұл өсімдіктің тамырлары тоғанның түбіне бекініп, жапырақтары мен гүлдері судың бетінде орналасады.
Жапырақтары дөңгелек, енді, суда қалқып тұрады. Қанық түсті гүлдері хош иісті. Сабақтары ұзын, гүлдері ақшыл реңді, қызыл түсті. Тұқымдары қатқыл, қоңыр-сұр түсті.
Лотостың тамырсабағы - қызғылт-сұр түсті, дәмі картоп дәміне ұқсас. Оның құрамында түрлі талшықтар, С, В-1, В-2 дәрумендері,калий,мыс жәнемагний болады. Лотостың тамыр сабағы тыныс алу аппаратының жұмысы бұзылғанда ем болады. Өсімдіктерінде улы зат — нелюмбин бар.
Лотостың гүлдері судың бетінде қалқып тұрады. Ақ немесе қызғылт түсті күлтежапырақтары-ұзын,сына тәріздес, бірнеше қабаттан тұрады. Лотос-көне көне символдардың бірі, ол өміршеңдіктің, денсаулықтың, ар-намыс пен табыстың символы болып келеді.
Лотос Таяу Шығыс,Азия,Аустралия менЖаңа Гвинеяның кейбір аймақтарында кездеседі. Лотостың қоңыржайаймақ пен тропиктік жерлерде өсетінжаңғақты лотос жәнесары Лотос деген түрлері бар. Бұл түрлердің айырмашылығы — гүлдерінің түсінде (қызыл, сары).Атпа тамыры және тұқымдары арқылы көбейеді. Қазақстанда соңғы жылдарыІле өзенініңБалқаш көліне құятын тұстарында қолдан өсіріледі. Лотос - Үндістан мен Вьетнамның ұлттық гүлі.
Тұқымы мен тамыры тамаққа пайдаланылады. Олар дәрі ретінде де, тағамға да пайдаланылады. Бұл тұқымдар-протеин көзі, оларды әл жинау мақсатында пайдаланады. Лотостың тұқымдарын бүйрек, көкбауыр, жүректің жұмысы бұзылғанда қолдану пайдалы. Сондай-ақ оларды жүрек соғысы жиілеп кеткенде ұйқысыздыққа қарсы қолданады.