| Лаху | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
760 000 | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
453 000 | |
155 000 | |
54 000 | |
15 000 | |
14 000 | |
| Тілдері | |
| Діні | |
Лаху —Қытайдың оңтүстігінде, сондай-ақВьетнамның солтүстік аймақтарында,Таиланд,Мьянма жәнеЛаоста тұратын халық. Қытайдың 56 ресми танылған халықтарының және Вьетнамның 54 ресми танылған халықтарының қатарына кіреді.[1]
Лаху тілінде «ла» «жолбарыс» және «ху» «отқа қуыру» дегенді білдіреді. «Лаху» сөзі «отқа қуырылған жолбарыс еті» дегенді білдіреді. Халықтың бұл атауы тарихи тұрғыдан лахулардың негізгі кәсібі аңшылық болғанын көрсетеді.[2]
2000 жылғы халық санағы бойынша олар:
Жалпы саны - 760 мың адам (2009).[3]
Олар қытай-тибет отбасының тибет-бирма тобыныңлаху тілінде сөйлейді. Диалектілер: лаху на, лаху ши, лаху ньи. 19 ғасырдан бастап жазу латын әліпбиіне негізделген.[4]

Дәстүрлі лаху дініполитеистік.Буддизм 17 ғасырдың аяғында пайда болып, кең тарады. Қытайдағы көптеген лахулар буддистер.Христиандық 19 ғасырда Бирмада пайда болды және содан бері таралуда.[5]
Лахулар қолмен атқарылатынегіншілікпен (жүгері, ішінаракүріш),терушілікпен,аңшылықпен жәнебалық аулаумен айналысады. Қолөнерден ұсталық, бамбук тоқу (жиһаздар, төсеніштер, ыдыстар) және тоқымашылық дамыған.[6]
Лахулар отбасы шағын болып келеді, некепатрилокальды, матрилокалдылық пен матрилиналдықтың қалдықтары сақталған.[7]

Елді мекендері тау баурайында шашыраңқы орналасқан 3-4 үйден тұрады. Тұрғын үйлері қадаларда орналкасқан, көрші халықтардың әсерінен жер үсті үйлер салынуда.[8]
Ерлер киімі – жағасызкүрте және кеңшалбар. Әйелдер киімі – оң жағында ілгектері бар ұзын халат, шалбар.[9]
Лаху өкілдері негізінен кәдімгікүріш, көкөніс, жеміс-жидек, ет жейді. Тағамдарды кептіру және маринадтау сияқты сақтаудың кейбір әдістері бар. Лаху өкілдерінің жұмыс күндері, әсіресе мерекелерде, үйлену тойларында және қоныс тойларында самогон ішетін әдеті бар. Темекі шегу ерлер мен әйелдер арасында кеңінен таралған.[10]