Латекс (лат.latex — сұйықтық) —полимерлердің судағы дисперсиясы. Латекстертабиғи жәнежасанды болып бөлінеді. Табиғи латекс — сүт тәрізді сұйықтық түріндегі каучукты өсімдіктердің шырыны. Құрамында 52 — 60% су, 34 — 37% каучук, 2 — 2,7% белок, 1,65 —3,4% шайыр, 1,5 — 4,2% қант, 0,7 — 0,2%минералды заттар болады. Табиғи латекс құрамы ағаштың жасына, климаттық жағдайға, ауа райына, жыл мезгілдеріне, т.б. байланысты әр түрлі болады. Жасанды латекстерге сфералық полимер бөлшектерінен тұратын коллоидтық жүйелер (дивинил-стиролды, дивинил-нитрилді, дивинил-акрилатты, хлорпренді латекстер) жатады. Латекстердіаммиак (0,5 — 0,7%) қосып жабық күйде сақтайды. Латекстен, әдетте қатты каучуктен алынбайтын заттарды — көбікті резеңке, кейбір жасанды тері түрлерін алуда,полиграфия, аяқ киім, химия өндірісінде желім ретінде, т.б. өнеркәсіп салаларында қолданылады.[1][2]
- ↑Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын –Павлодар:2007 - 1028 б.ISBN 9965-08-286-3
- ↑Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады: - осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
- мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
- өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
|