Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожаушашеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқылы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы —адвентиция қабығынан тұрады. Оның ішкі бетінің екі бүйірінде екі дыбыс қатпары, олардың аралығында дыбыс саңылауы орналасады. Дыбыс қатпарының негізіндыбыс байламы мендыбыс бұлшықеті құрайды. Демді сыртқа шығару кезінде дыбыс байламының тербелуі нәтижесінде дыбыс шығады. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің жәнеадам көмекейінің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған – дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілерде (мыс., кит тәрізділерде) дыбыс сіңірі болмайды, ал кейбір маймылдарда ол шала дамыған. Көмей қуысының алдыңғы жағы тыныс алу саңылауы арқылыжұтқыншаққа, артқы бөлімі кеңірдек қуысына жалғасады. Көмекей жұтқыншақтан дамыған, ал оның шеміршегі – түрі өзгергенжелбезек доғалары. Құйрықты қосмекенділердің көбінде, барлық құйрықсыз қосмекенділердің К-інде ожау және оймақ тәрізді шеміршек болады. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көмекейінің құрылысы ұқсас. Сүтқоректілердің бұл мүшесінде жоғарыда айтылған шеміршектерден басқа қалқан тәрізді және бөбешік, т.б. ұсақ қосымша шеміршектер болады. Сүтқоректілердің көбінде болатын дыбыс сіңірлері ожау тәрізді және оймақ тәрізді шеміршектер арасында керіліп тұрады. К-дің құрылысы қоректену және тыныс алу ерекшелігіне байланысты. Мысалға, кит тәрізділер мен жаңа туған қалталысүтқоректілердегі ожау және оймақ тәрізді шеміршектер түтікше ұзарып, көмекей қуысына еніп тұрады. Көмекейдің мұндай құрылысы арқасында қалталылар бір мезгілде сүт еме алып, әрі тыныс ала алады, ал кит тәрізділер қорегін жұтқанда, оның көмекейіне су құйылмайды. Адамның көмейінен дыбыс органына және кеңірдекке ауа өтеді, сондай-ақ, бұларға қатты, не сұйық зат түсіп кетуден қорғайды; қ. дауыс.
Көмекей — тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Ол екі бағытта (сыртқы ортаға және ішке өкпеге) ауа өткізетін тыныс жолы және дыбыс мүшесі.[1]
Көмекейдегідыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның жәнеөкпесімен тыныс алатын жануарлардың көмекейінде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін – дыбыс шығару аппараты болады.