Координаттар:1°19′38″ с. е.172°59′04″ ш. б. / 1.32722° с. е. 172.98444° ш. б. /1.32722; 172.98444 (G) (O) (Я)Кирибати Республикасы (кириб.Ribaberiki Kiribati,ағылш.Republic of Kiribati) (қаз. оқылуы "Кирибас") –Тынық мұхиттың батыс жағындағыСолтүстік Тарава атолласы менГильберта,Лайн,Феникс,Банаба (Ошен) аралдарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 717 км²
Халқы – 81 мың адам (1998). Негізгі тұрғындарыполинезиялықтар менмикронезиялықтар, сондай-ақ,қытайлар менеуропалықтар да тұрады. Халқыхристиан дінініңкатолик жәнекельвиншілдік тармақтарын ұстанады.
Астанасы –Баирики қаласы. Елді президент басқарады (1998 жылданТебуроро Тито). Кирибати –Британ Достастығына мүше. Заң шығарушы органы –Ассамблея палатасы. Ұлттық ақшасы –Аустралия доллары.
Кирибати орналасқан аралдар кейін пайда болған. Мұхиттан 80 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Климаты экваторлық. Жыл бойғы орташа температура бірқалыпты (26 – 28оС). Жыл бойғы орташа жауын-шашын мөлшері 1000 – 3000 мм. Аралдарда, көбінесе, бұталы өсімдіктер, ал солтүстіктегі аралдарда орман өседі.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Кирибати жеріне оңтүстік-батыстан австронезия тілінде сөйлейтін тайпалар келіп қоныстанады. 1606 ж. аралдарға тұңғыш рет испанжиһанкездері келді. 18 ғ-дың аяғында Кирибати территориясына ағылшын теңізшілері қоныстана бастады. 1857 ж. елге христиан миссонерлері келіп, өз діндерін уағыздады.1892 ж. Гильберта (Кирибати) жәнеЭллис (Тувалу) аралдары, 1916 – 39 ж. бұрын адамдар тұрмаған Феникс, Рождество, Банаба, Лайн аралдары Ұлыбритания отары болып жарияланды. 1942 – 43 ж. Кирибати жерін жапондар басып алды және АҚШ пен Жапония әскерлері арасында қызу шайқастар жүрді. 1950 ж.Рождество аралында Ұлыбритания ядролық қару сынады.1963 ж. аралдарда заң шығарушы орган құрылды.1975 ж. негізгі халқы меланезиялықтар болып саналатын Эллис аралы Ұлыбританиядан бөлініп, Тувалу мемлекетін құрды. 1977 ж. микрозиялықтар тұратын Гильберта аралы өзін өзі басқаруға қол жеткізді. 1977 ж. аралдардың барлығы бірігіп Британ Достастығына кіретін тәуелсіз Кирибати республикасы атанды.
Халқы, негізінен, ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Ұлттық байлығы – жылына 76 млн.АҚШ доллары, жан басына шаққанда 980 доллар.Экспортқа балық, теңіз өсімдіктері, банан, нан ағашы өнімдерін, таро шығарады. Өнімдерін, негізінен, АҚШ-қа шығарады. Шеттен азық-түлік, машиналар мен құрал-саймандар, шаруашылық тауарларын алады. Негізгі сауда серіктестері:Австралия,Бангладеш,Жапония,АҚШ,Франция,Жаңа Зеландия,Қытай, т.б.