Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Йога — психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгіҮндістанда пайда болған ұғым[1][2]. Йоганың негізгі бағыттары — раджа-йога, карма-йога, джнана-йога, бхакти-йога және хатха-йога.
Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. Инд өзенінің алқабында табылған және Үнді өркениеті кезеңіне жататын (Б.з. д. 3300-1700 ж. ж.) бірнеше мөрлерде медитация немесе йогикалық позалардағы фигуралар бейнеленген. Бұл археологиялық деректер Хараппа өркениетінің халқы йоганың ежелгі формаларының бірін немесе оған байланысты рәсімді қолдану мүмкіндігін көрсетеді.
Йога жүйесіведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесінің теориялық нұсқауында және практикалық негіздемесінде рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босату туралы айтылады.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Йога ең алғаш Ригведада пайымдалған. Бірақ шындап б.з.д. 6-5ғғ. шамасында жүйелі діни философиялық мектеп ретінде пайда болған. Құдайға сенеді, адамды жетілдіруді көздейді.
Йоганың дұрыс жерлері де, бұрыс жерлері де бар. Дұрыс жері Шоғырлану, Толғану, Медитация, тыныс алуды басқару, дене мен жанды тәрбиелеу секілділер. Бұл барша адамға керек құндылықтар.
Ал, дұрыс емес жері ол бір үнділік көне секта, табиғаты түңілуге толған көне үнділердің діни танымы.