Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Исаак Ньютон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Исаак Ньютон
ағылш.Sir Isaac Newton
Туған күні

25 желтоқсан1642 жыл

Туған жері

Вулсторптағы Колстерворт,Линкольншир

Қайтыс болған күні

1727 ж.наурыздың 20 (84 жаста)

Қайтыс болған жері

Кенсингтон,Лондон

Азаматтығы

Англия

Ғылыми аясы

физика,математика,астрономия,табиғи философия,алхимия,теология

Жұмыс орны

Кембридж университеті
Корольдік қоғам

Альма-матер

Тринити колледж

Ғылыми жетекші

Исаак Барроу
Бенжамин Пуллейн

Атақты шәкірттері

Роджер Коутс
Уиллиам Уистон
Джон Уиккинс
Хамфри Ньютон

Несімен белгілі

Ньютон механикасы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
жарықты талдау

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

ШығармасыУикиқайнарда.

Исаак Ньютон (25 желтоқсан 1642 жыл — 20 наурыз 1727 жылюлиан күнтізбесі бойынша, Англияда 1752 жылға дейін қолданылған, 4 қантар 1643 жыл — 31 наурыз 1727 жылгригориан күнтізбесі бойынша) —ағылшынфизигі,математигі,астрономы, табиғифилософы,алхимигі жәнетеологы, Корольдік қоғамның мүшесі.

Оның1687 жылы жарық көргенТабиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютонбүкіл әлемдік тартылыс заңын жәнеқозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатынклассикалық механиканың негізінін қалаушысы. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысыныңзаңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы менаспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша олгелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютонимпульстің жәнебұрыштық импульстің сақталу заңын алға тартты.Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлытелескоп жасап шығарып, үшбұрыштыпризманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. ОлНьютонның суу заңын тұжырымдап,дыбыс жылдамдығын зерттеді.

Табиғат философиясының математикалық қағидалары, Ньютонның өзі ұстаған кітабы

Математикада НьютонГоттфрид Лейбницпен қатардифференциалдық жәнеинтегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатынНьютон әдісін тапты.Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.

Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.

Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.[1] Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668 жылғы) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды.[2] Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Готфрид Вильгельм Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.[3]

2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалыАльберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.[4]

Кембридждағы өмірбаяны

  • 1664 жылыКембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді
  • 1665 жылы бакалавр дәрежесін алды
  • 1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды
  • 1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)

Шығармашылығы

Ньютонның құрметіне аталған:

  • Физикалқ бірлік (ХБЖ)
  • Айдағы кратер және Марстағы кратер
  • Исаак Ньютон медалі - бұл физика саласындағы халықаралық марапат, 2008 жылдан бастап Британ физика институты жыл сайын береді.
  • Әр түрлі ғылыми заңдар, теоремалар мен тұжырымдамалар үшін Исаак Ньютон атындағы объектілер тізімі.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Ысқақов М.Ө., Математика мен математиктер жайындағы әңгімелер, 3-кітап, А.-А., 1971
  2. Вавилов С.И., Исаак Ньютон, М., 1961
  3. Жәутіков О. А., Математиканың даму тарихы, А.-А., 1967
  4. Newton beats Einstein in polls of scientists and the public. The Royal Society. Тексерілді, 25 қазан 2006.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар:Isaac Newton
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Исаак_Ньютон&oldid=3514493» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp