Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Жүгері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жүгері

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Дара жарнақтылар
(unranked)Commelinids
Сабы:Poales
Тұқымдасы:Poaceae
Кіші тұқымдасы:Panicoideae
Тайпасы:Andropogoneae
Тегі:Zea
Түрі:Z. mays
Екі-есімді атауы
Zea mays
L.

Жүгері (лат.Zea mays) —астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

ЕуропалықтарОңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін ЕуропағаХристофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жеріМолдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады.Азот,фосфор тыңайтқыштары қажет.[1]

Әлемдегі өндіріс

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Әлем бойынша жүгері өнімі (мың тонна)
1965226 544
1970265 831
1975341 661
1980396 623
1985485 527
1990483 343
1995517 329
2000592 039
2005714 191
2010851 680
20151 052 097
20161 100 226
20171 134 747
20181 147 689
Ең көп жүгері өндіретін елдер (мың тонна)
Ел201420162018
Америка Құрама ШтаттарыАҚШ361091384778392451
ҚытайҚытай215646231674257174
БразилияБразилия798826414382288
АргентинаАргентина330873979343462
УкраинаУкраина284972807535801
ИндонезияИндонезия190082037030254
ҮндістанҮндістан241702626027820
МексикаМексика232732825127170
РумынияРумыния119891074618664
КанадаКанада114871234913885
Мәдени өсіру үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрлері

Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында:көмірсу,ақуыз,май,калий,фосфор,магний,кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәніненұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі,үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам.Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа,компот,шырын,кисель,простокваша,айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Variegated maize ears
Zea mays 'Ottofile giallo Tortonese'
Лихтенштейндегі жүгері алаңы

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Астық дәнді дақылдар
Бұршақ дәнділер
Басқажарма дақылдары
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жүгері&oldid=3137706» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp