Иена(жапон.円эн,қыт.圓 «юань») — Жапонияның ақша бірлігі, әлемнің негізгі резервтік валюталарының бірі. 1 иена 100 сенге (бұл ақшалай бірлік 1954 жылы айналымнан шықты) тең. Халықаралық коды:JPY. Иенаның символы ретінде ¥ белгісі қабылданған. Иенаның алтын және күміс монеталары 1869-1871 жылдары соғыла бастады.
Иенаның ұлттық валютаға айналуына дейін Жапонияда Токугава сегунатының ақшалай жүйесі қолданылды. 1869 жылы алғаш рет соғылған иена Жапониядағы 1871 жылы жүргізілген ақша реформасынан кейін негізгі бірлік ретінде қабылданды. 1871 жылғы үкіметтің шешімімен XVI ғасырдың аяғынан жапон феодалдарының шығарған тайпалық қағаздарын ауыстыру тыйым салынды. Қаржы министрлігінің 1868 жылғы зерттеуіне сәйкес Жапонияда Токугава дәуірі кезінде 244 тайпа, 14 магистрат, сегунның 9 қызметшілері басып шығарған 1694 тайпалық қағаздардың атаулары кездескен. 1879 жылға қарай тайпалық қағаздарды жаңадан енгізілген валютамен алмастыру жұмыстары аяқталды.[1]