Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Жапония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:46°49′00″ с. е.104°00′00″ ш. б. / 46.81667° с. е. 104.00000° ш. б. /46.81667; 104.00000 (G) (O) (Я)
Жапония
жап.日本
(Нихон, Ниппон)
БайрақЕлтаңба
Ұран:«Kimi ga Yo  (君が代)»
Әнұран:«Кими га ё»(тыңдау (ақп.))
Жапонияның орналасуы, ашық-жасыл түспен Ресей оккупация (Курил аралдары) жасап алған территориясы көрсетілген
Тарихы
Құрылды11 ақпанб.з.д. 660 жыл (ресми)
III—IV ғасыр (кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліжапон тілі
ЕлордаТокио
Ірі қалаларыТокио,Иокогама,Осака,Нагоя,Саппоро,Кобе,Фукуока,Киото,Кавасаки,Сайтама
Үкімет түріконституциялықмонархия
Императоры
Премьер-министрі
Нарухито
Санаэ Такаити
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 61-орын
377 973[1] км²
3,55
Жұрты
• Сарап (2020)
• Санақ (2020)
Тығыздығы

125 900 000 адам (11-орын)
24 адам
333,1 адам/км² (41-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

5,749 трлн.[2] $ (4-орын)
45,565[2] $ (31-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

5,176 трлн.[2] $ (3-орын)
41,021[2] $ (26-орын)
АДИ (2017) 0,909[3] (өте жоғары) (19-орын)
Этнохоронимжапондар
Валютасыжапон иенасы (¥)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.jp
ISO кодыJP
ХОК кодыJPN
Телефон коды+81
Уақыт белдеулеріжапон стандартты уақыты

Жапония (жап.日本, аударғанда «Күншығыс елі»[4], ресми атауы«Нихон коку», «Ниппон коку» (ақп.) (жапон.日本国?)) —Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағыТынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет.

Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері:Хоккайдо,Хонсю,Сикоку,Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халық саны 126 млн. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (императорАкихитоның туған күні күні).

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады.XIX ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.

Халқы

Жапония — бір ұлтты мемлекет. Халқының 99,4%-і —жапондар. Бұдан басқақытайлар,корейлер,америкалықтар тұрады. Ресми тілі —жапон тілі. Негізгі діндері —синтоизм жәнебуддизм.

Әкімшілігі

Жапония —конституциялымонархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы

Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

Қалалары

Токио

Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.

Жапонияның ең үлкен қалалары:

Табиғаты

Дайканбо Станциясы

Жапония аралдарының жан-жағынТынық мұхит пен оған кіретінЖапон,Охот, ШығысындаҚытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары:Хидака менКитами (Хоккайдо аралында),Оу,Эчиго,Хида,Кисо,Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі —Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқанФудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларындацунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтарыКанто немесеТокио жазығы (Хонсю аралында),Ишикари (Хоккайдо аралында). Климатымуссонды. Территориясының басым бөлігі —субтропикалық белдеуде, солтүстік —қоңыржай, оңтүстік —тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температураХоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС,Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатынтайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай — Асахи,Никко,Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.

Климат

Жапония төрт мезгілі бар температуралық аймаққа жатады, бірақ оның климаты солтүстіктегі төмен температурадан оңтүстікте субтропиктікке дейін созылады. Климат сонымен қатар қыста континенттен және керісінше жазда соғатын маусымдық желге байланысты.

Жапонияны шамамен алты климаттық аймаққа бөлуге болады:

  • Хоккайдо төмен температура аймағына жатады, ол ұзақ қыста аязды және жазда салқын болады.
  • Жапон теңізінде солтүстік-шығыстық маусымдық жел қыста қалың қар жауады. Тынық мұхит аймағына қарағанда жаз аз жылы, бірақ кейдефёноменге байланысты өте жоғары температура байқалады.
  • Орталық таулардың климаты - бұл қыс пен жаздың, түн мен күннің температурасы әр түрлі өзгеретін типтік арал климаты.
  • Ішкі теңіз аймағы Чугоку және Сикоку аймақтарындағы таулардың маусымдық желдерді жауып тұруына байланысты қалыпты климатқа ие.
  • Тынық мұхитына суық қыста мезгіл-мезгіл қар жауады, ал жазда оңтүстік-шығыс маусымдық жел кезінде ыстық және ылғалды болады.
  • Оңтүстік-батыс аралдары - субтропикалық аймақ. Қыс жылы, жаз ыстық. Жауын-шашын деңгейі өте жоғары, бұл жаңбырлы маусымның болуы ментайфундардың пайда болуынан көрінеді.

Табиғи қауіпті жағдайлар

Сакурадзима

Жапон аралдары -Тынық мұхитындағы от сақинасының бөлігі. 1990 жылдардың басында әлемдегі вулкандық белсенділіктің 10% -ы Жапонияда тіркелген. Жыл сайын күші 4-тен 6-ға дейін 1500-ге дейінжер сілкінісі сирек емес. Еліміздің әр түкпірінде күн сайын ұсақжер сілкіністері болып, ғимараттар шайқалуда.

Жапония бірнеше ірі жер сілкіністерін бастан кешірді:

  • 1923 жылы 1 қыркүйектеКантодағы үлкен жер сілкінісі болды (магнитудасы 8,3), ең қатты зардап шеккенТокио менЙокогама қалалары болды - жүздеген мың адам қайтыс болды (542 мың адам әлі жоғалып кетті, 143 мың адам қайтыс болды), миллионға жуық адам үйсіз қалды өрттердің салдарынан.
  • 1995 жылы 17 қаңтардаКобеде жер сілкінісі болды (магнитудасы 7,3), 6434 адам қайтыс болды.
  • 2011 жылдың 11 наурызында Жапония тарихындағы ең үлкен 9 баллдық жер сілкіністерінің бірі солтүстік-шығыс жағалауында болды,[5] жер сілкінісі жойқынцунами тудырды. Ең көп зардап шеккен Мияги префектурасы жәнеСендай қаласы болды, мұнда толқын жотасының биіктігі 10 м-ге жетті.Сендай жағалауында 200-ден 300-ге дейін мәйіттер табылды.[6]

2011 жылдың 11 мен 25 наурызы аралығында Жапонияда 1-ден 9-ға дейінгі жер сілкіністерінің толқыны болды. Куәгерлердің айтуынша, көптеген қалаларда ол үнемі дерлік дірілдеп тұрған. Осы жер сілкіністерінің барлығы Жапонияға соққан бірнеше қуатты толқындарды тудырды, 3-тен рекордтық 10 метрге дейін. «Фукусима-1» атом электр станциясына толқындар соғылды, нәтижесінде апат болды, бұлЧернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейінгі ең ауыр радиациялық апат болды.

Бұл оқиғалар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы ең үлкен дағдарыс деп аталады.

Жапония жер сілкінісінің жиі болуына байланысты жер сілкінісін зерттеу мен болжау бойынша әлемде көшбасшы болды. Заманауи технологиядағы жаңалықтар сейсмикалық белсенді аймақтарда да зәулім ғимараттар салуға мүмкіндік береді.

Тағы бір табиғи қауіп - ЖапонияғаТынық мұхиттан келетін тайфундар (жап.台風 тайфу:),

Географиясы

Хоккайдо аралы

Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресеХоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің,Рюкю аралдарының ауа райы тропикалық климатқа жақын.Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оныңклиматы әжептәуір ылғалды болып келеді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы –Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.

Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Толық мақаласы:Жапония префектуралары

Жапондардың салттары

Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш -татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.

Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардыңдзю-до,каратэ,сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

ЖапониядаИмператордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. ЖапонияҰлыбритания сияқты –Конституциялық монархия болады.

Тарихы

Ортадзёмон қыш ыдысының үлгісі
Матсумото сарайы

ҚазіргіЖапония аумағына адамдарнеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындарАзия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Джомон жәнеЯйои мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып,ямато тайпалық одағы негізінде ежелгіЖапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп,ямато билеушілеріҚытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады.Ямато патшалары өздерін ”тенно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "Тайка" реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астанаНара салынып, 784 жылы орталықНагаоку, 794 жылыХейан қалаларына көшірілді. 11 ғасырда да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды.Шогундер елді әскербасыларының (буши) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып,самурай деп аталды.Қытай менКореяны басып алғанШыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі ретЖапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырлардаҚытай жәнеКореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды.Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар),христиан миссионерлері келе бастады.Иеясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды.Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларғасамурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне жәнехристиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылданҚытай менГолландия көпестері үшінНагасаки (Дешима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастапмануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылыЖапонияАҚШ жәнееуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.

1867 — 1868 жылғыреволюциядан кейін сёгундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі “Мицул”, “Митсубиши”, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер менмонархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылыКореямен екі арада тең емесКаихвас келісімі жасалынды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде,Жапония алғашқы отарыТайвань,Пенхуледао аралдарын басып алды жәнеҚытай менКореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезіндеМаньчжурия менКорея үшінРесеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті.АҚШ пенҰлыбританияның қолдауына сүйенгенЖапония жеңіске жетіп,Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады жәнеҚиыр ШығыстағыПорт-Артур, Дальний порттарынан,Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылыЖапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып,Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шандунг провинциясын,Маршалл,Мариан,Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратынДекларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд.иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірдеВладивостокты басып алып,Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестікҚиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылыАҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, ЖапонияКСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күздеМаньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті.Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып,Кеңес Одағы менМоңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдедеХасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларындаХалхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер менАҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйектеҮндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардыңГавай аралындағы негізгі соғыс базасыПерл-Харборға жәнеГуем,Манила,Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейінФилиппинді,Тайландты,Үндіқытайды,Бирманы,Малайзия менИндонезияны басып алды (қ.Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндеріАмерика әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып,Маньчжурияны,Солтүстік Кореяны,Оңтүстік Сахалин жәнеКуриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945)Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынанАҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңаКонституция қабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды.Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таманЖапония дамыған елдер арасындаАҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

Мемлекеттік және саяси құрылым

Толық мақаласы:Жапонияның мемлекеттік жүйесі
Алдыңғы императорАкихито мен императрицаМитико.

Жапония -конституциялық монархия. 1947 жылы 3 мамырда күшіне енген Конституцияға сәйкесЖапония императоры «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып табылады; ол барлық мемлекеттік тағайындаулар мен шешімдерді олар үшін жауап беретінминистрлер кабинетінің ұсынысы бойынша қабылдайды. Дипломатиялық кездесулерде ол мемлекет басшысының рөлін атқарады. 2019 жылдан бастапНарухито Жапонияның императоры болды, ал оның орнына ханзадаФумихито келеді.

Әдебиеті

Жапон ауыз әдебиеті менмифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Коджики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды.Мурасаки ШикибудыңГенджи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хейке — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхейки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр)гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Ешицуне-ки” (“Ешицуне туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырдаИхара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы,Чикамацу Монзаемоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындарБасе (1643 — 1694),Бусано (1716 — 1783),Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырдаЦурия Нанбоку (1755 — 1829),Каватаке Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басындаКиносита НаоеніңОтты бағана” романы, ақынИшикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері —Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамуне Хакуте, т.б. болды.Ясунари КавабатағаҚарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылыНобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысындаШимода СейджидіңТаңсәрі” (1970),Накадзато КисеніңАйырық” (1963),Суми СуэнніңӨткелсіз өзен” (1970),Кубода СейдіңСякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Шимазаки ТоссонныңОрындалмаған өсиет”,Эндо СюсанудыңӘйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды.М.Әуезов (1960),Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

Өнері

Гейша

Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстарЖапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағыИзумо Исе ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келгенқытай мәдениетіЖапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды(Хорюджи,Якушиджи,Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасыНора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырлардаЖапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастапЖапония архитектурасыБатыс Еуропа менАмериканың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінЖапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима).Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (КамакурадағыБудда мүсіні, 13 ғасыр).Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастапҚытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінЖапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тошико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды.Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары:сямисэн кото (ішекті аспаптар),хи тирики (үрлемелі аспап),фуэ, шакухачи (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастапЕуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композиторМиячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері:Ясуджи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтарыТокио', Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған.Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындасимпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды.Шингеки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылыКиото менТокиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “Ұмытпа сол бір күндерді” (1963, реж.Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж.М.Кобияши), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж.Акира Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

Қазақстан мен Жапония арасындағы экономика­лық ынтымақтастық

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-эко­номикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылыҚазақстан мен Жапония ара­сындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға,Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге,Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағымұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негізін қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-МинистріМ.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.[7]

Жапон даналығы

  1. Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!
  2. Кеткенді - ұстама! Келетіннен - қателесіп қалма!
  3. Жақсының жауы болған жақсы, жаманның досы болғанша.
  4. Қарапайымдық - ұлы адамға тән.
  5. Жоғарыға көтерілгісі келетін адам - баспалдақ ойлап табады.
  6. Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса - көз жылайды, көз жыласа - қол жасын сүртеді.
  7. Алыс сапар да - жақын жолдан басталады.
  8. Әдемі гүлдер - жеміс әкелмейді.
  9. Тек қана жатқан адам - ешқашан сүрінбейді.
  10. Бір жылы сөз - қыстың үш айын да жылы етуі мүмкін.
  11. Ақымақ пен есуасқа - арқашан жол бер!
  12. Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны.
  13. Күлкі шыққан үйге - бақыт келеді.
  14. Күлімдеген жүзге - ауыр сөз айтуға болмайды.
  15. Суық шай мен суық күрішке - шыдауға болады,
  16. Суық көз қарас пен суық сөзге - шыдау қиын.
  17. Қалаған қыз - қабырғадан өтеді.
  18. Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.
  19. Терең өзендер - дыбыссыз ағады.

Дереккөздер

  1. Facts about Japan, General Information. Тексерілді, 29 қаңтар 2017.
  2. abcdWorld Economic Outlook Database, April 2019 – Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund (IMF) (May 2019).
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2017). Тексерілді, 23 наурыз 2017.
  4. にほん【日本】  (жап.). Сёгакукан. Тексерілді, 27 қараша 2016.
  5. Сейсмологи повысили оценку магнитуды землетрясения в Японии до 8,9.
  6. Жапонияда 2011 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі болды
  7. "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
 
Жапония
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АрменияАуғанстанӘзербайжан1БангладешБахрейнБрунейБутанБіріккен Араб ӘмірліктеріВьетнамГрузия1ЖапонияИзраильИндонезия3ИорданияИракИранЙемен2КамбоджаҚатарКипр1Солтүстік КореяКувейтҚазақстан4ҚырғызстанҚытайЛаосЛиванМалайзияМальдивтерМоңғолияМысыр2МьянмаНепалОманОңтүстік КореяӨзбекстанПәкістанРесей4Сауд АрабиясыСингапурСирияТәжікстанТайландТүркия4ТүрікменстанҮндістанФилиппинШри-ЛанкаШығыс Тимор
Мойындалмаған және
жартылай мойындалған мемлекеттер
Тәуелді және арнайы
әкімшілік аймақтар
Аустралия
Қытай
Ұлыбритания
1 Жүргізілген шекара бойынша жартылай Еуропада немесе толықтай Азияда.2 Африкада.3 Океанияда.4 Еуропада.
 
Жапон теңізі бойындағы елдер
 
Сары теңіз бойындағы елдер
 
Шығыс Қытай теңізі бойындағы елдер
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Бақылаушылар
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу

АҚШГерманияЖапонияИталияКанадаРесей (мүшелігі тоқтатылған) •ҰлыбританияФранция

Бақылаушы:Еуропа одағы

Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
 
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жапония&oldid=3512098» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp