Друздар — асыра сілтеушішииттердің топтарының бірі. Шиғаныңисмаилия бөлімінен пайда болған.Фатими халифаларынанәл-Хаким би Амри-Лләһ әл-Мансур бин әл-Азиз би-Лләһтің уәзіріХамза бин Әли тарапынан кұрылған.
Дүрзи жазушыларының көзқарасы бойыншаәл-Хакимхалифа болғаннан кейін батыни мағынада Аллаһтың бір екендігі және ғаламдық сипатын тарату мақсатында жан-жаққа елшілер (дай) жіберген. Үш жыл ішінде 7 адам тарапынан жүргізілген үгіт жұмыстары жаңа бір кезеңге ие болған. Яғни,әл-Хаким би Амри-Лләһ келе-келе илаһ мәртебесіне жетіп, жаңа бір мазһаб шығарған. Хамза адамдарды хақ жолға шақырып, Аллаһтың бір екенін түсіндіре бастаған. Рухани және зейіндік жаңа дәуірдің басталғанын, ол үшін ғибадаттарға қажеттілік жоқ екенін айтқан. Бір жағынан елшілердің үгіт жұмыстары жүріп жатса, екінші жақтанНештекин (Ануштекин)әд-Дурзи деген біреу шыққан. Бұхаралық түрік болған Анунггекин1016 жылы Мысырға келіп,әл-Хакимнің аты мен көзқарастарын өз пайдасына имам болу үшін үгіт құралы ретінде қолданған. Нәтижесінде,әл-Хаким мен халықтың карсылығына кездеме де, өз жолынан таймаған. Жүргізген әрекеті «Дүрзілік», ал өзіне бағынғандар «дуруз» деп атала бастады.
Хамза ибн Әлидің және көпшіліктің қарсылығына кездескен дүрзілік әрекеті жасырын түрде жүргізілген. Дүрзилер кресшілер жорығы кезінде франктармен бірге болса да, бөлінуден құтыла алмаған. Тейм аймағы, Сайда,Шам,Бейрут, т.б. жерлерге тараған дүрзилер, әсіресе Явуз Сұлтан Селим дәуірінен бастапОсман мемлекетінде саяси және әскери мәселелер тудырған. XVI ғасырдан бастап ОңтүстікСирияға (қазіргіДжәбәл әд-Дурузға) келіп,Ливия менИорданияға дейінгі территорияға таралған.
Қазір дүрзилерЛивия,Сирия,Палестина жәнеИорданияда өмір сүруде. Дүрзилердің жалпы санының 0,5 млн. екендігі айтылады.
Дүрзилердің рухани көсемдері "Шейх әл-Әһл" деп аталады. Дүрзилердің жеке жұмыстары мен мәселелерін шешетін діни соттары және 3 адам тарапынан басқарылатын үлкен мәжілісі бар.
Сенім негіздері жағынанИсламға жатпайтын дүрзи жамағаты діни жақтан ақылдылар және надандар болып екіге бөлінеді.
- Ақылдылар (уққаль) дін істерін білетін кісілер болып табылады. Олардың көсемдері «Шейх әл-Ақл» деп аталады. Ақылдылармазһаб негіздерін жақсы біледі және оларға бағынады. Темекі тартпайды және шарап ішпейді, өздерінің арнайы киімдері болады. Олар үлкен күнәлардан міндетті түрде сақ болуы керек. Ақылдылардың көсемдері олардан жоғары тұрады. Олардың жалғыз өмір сүру және кемелдікке құмар сипаттары болады.
- Надандар (джуһһаль) дүрзилердің екінші тобын құрайды. Олардін істерін жақсы білмегендіктен, ақылдыларға бағынады. Ақылдыларға істеуге тыйым салған нәрселер мен ішетін-жейтін тағамдар надандарға адал болады. Дүрзілер сенімдеріХамза ибн Әлидің көзқарастарын сүйенеді. Оның көзқарасы бойынша Аллаһ жеті иманның қалпына кіріп (хулул), адамдық сипат алған. Соңғы ретәл-Хаким би Амри-Лләһ болып көрінген. АлХамза ибн Әли,әл-Хакимнің нұры мен тәухидін үйрететін имам пайғамбар болып табылады.Исламның сенім негіздеріне толығымен сай келмейтін осы сенім — дүрзілік шиеленіскен философиялық анықтамалар арқылы пайда болған.
Дүрзіліктің сенім негіздеріне:әл-Хаким би Амри-Лләһті тәңір деп білу;Хамза бин Әлиді әмір деп қабылдау; шекті (худуд) және жеті негізді білу жатады. Бұлар қабылданбаған жеті діни қағиданың (кәлима шәһәдат,намаз,ораза,қажылық,зекет,жиһад және уәлает) орнына қойылған жеті өсиет болып табылады.
Зерттеушілер анықтамаларына қарағанда, Дүрзілік сенімдерінің түбіріИслам сенімдерінен шыққанымен, толығыменЯһудилік,Христиандық,Манихеизм көзқарастарынан ықпалданған философиялық анықтамаларға сүйенгені байқалады.
Дүрзіліктің көзқарасы бойынша шынайы илаһи білімге жеткен мүміннің ғибадатқа мұқтаждығы жоқ. Астарлы мағынаға да бағыну керек емес. Діни үкімдер мен дәлелдердің ешқандай мағынасы жоқ.Хамза бин Әлидің көзқарастары мен бұйрықтары маңызды орынға ие. Сондықтан олар сенім мен ғибадат негіздерінбатыни және философиялық жағынан анықтайды. Шаһадат сөзінің алғашқы (сабық) және кейіннен келген нәрсеге (тали) дәлел екендігін, Исламның иман есігі болып саналатынын, намаздың Аллаһқа жақындататын ғибадат екендігін, оразаның хақ жолға шақыру мағынасында түсінілетінін, ал кажылықтың қағбаны зиярат етуге сүйенетін ғибадат екендігін теріске шығарды.Ақырет,жұмақ,тозақ,көк (аспан), орын (күрсі), есеп және жаза толығымен осы дүниедегі нәрселер болып табылады. Ал қиямет күні болса,Хамза бин Әлидің өзіне сенбейтіндерге қарсы тұруы болып табылады.
Дүрзіліктің сенім жәнеғибадат түсініктері жағынанИсламға қатысы азайған мазһаб екендігі байқалады.Ислам негіздерін еш қабылдамайды немесе бұзып, өзгертеді.[1]
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады: - осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
- мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
- өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
|
   |
|---|
| | Мәдениеті | |
|---|
| | Этникалық топтары | |
|---|
| | Тілі | |
|---|
| | Мемлекеттер | |
|---|
| | Тағы қараңыз | |
|---|
|