Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Дания

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:55°47′00″ с. е.9°47′00″ ш. б. / 55.78333° с. е. 9.78333° ш. б. /55.78333; 9.78333 (G) (O) (Я)
Дания Патшалығы
дат.Kongeriget Danmark
БайрақЕлтаңба
Ұран:«Guds hjælp, Folkets kærlighed, Danmarks styrke[1] (Құдайдың көмегі, халықтың махаббаты, Данияның қуаттылығы)»
Әнұран:«Der er et yndigt land»(тыңдау (ақп.))
Данияның орналасуы (қою жасыл):
Еуропада (ашық жасыл және қою сұр)
Еуроодақта (ашық жасыл)
Тарихы
ҚұрылдыVIII ғасыр
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілідат тілі[2]
ЕлордаКопенгаген
Ірі қалаларыКопенгаген,Орхус,ОденсеОльборг
Үкімет түріКонституциялық монархия
Патшасы
Премьер-министрі
Х Фредерик
Метте Фредериксен
Мемлекеттік дініЛютерандық
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 130-шы-орын
43 094[3] км²
1,6
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

5 814 461[4] адам (112-ші-орын)
135,43 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

299 млрд.[5] $ (52-ші-орын)
51,643[5] $ (19-шы-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

370 млрд.[5] $ (34-ші-орын)
63,829[5] $ (6-шы-орын)
АДИ (2017) 0,929[6] (өте жоғары) (11-ші-орын)
Этнохоронимдаттықтар, даттық
Валютасыдат кронасы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.dk
ISO кодыDK
ХОК кодыDEN
Телефон коды+45, +298 (Фарер аралдары), +299 (Гренландия)
Уақыт белдеулері+1, жазда UTC+2

Дания (дат.Danmark[ˈd̥ænmɑɡ̊]), ресми —Дания Патшалығы (дат.Kongeriget Danmark) — СолтүстікЕуропадағымемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа менСкандинавия түбегі аралығында орналасқан.Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.

Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай 480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км²(Гренландия менФарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі (29 776 км² ) Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500-ге жуық арал кіреді. Олар негізінен Ютландия шығысында Балтық және Каттегатбұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729 км² ,ал Борнхольм аралыБалтық теңізіндегі – 588 км² .Данияның жағалауының ұзындығы 7438 км құрайды.

Дания құрғақ жер арқылы тек қанаГерманиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында ДанияШвециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы ДанияныНорвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар Фарер аралдары жәнеГренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар.

Фарер аралыШотландияның солтүстігінде 375 км қашықтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км² құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана 1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы 2 175 600 км² , бірақ оның тек 341 700 км² мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал 1979 жылы автономия статусы берілді.

Салалық өнеркәсіп құрылымы: жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл).

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дания халқы 5810 мың адам. 1980 жылдары халық саны тұрақты болған,ал 1990 жылдан бастап оның саны өсуі байқалды.Негізінен иммиграция есебінен ( жылына 11 мың адам).Копенгаген қаласында, Фредериксберг және Гентофте коммуналарында шамамен 625,8 мың адам тұрған. (1995 жыл). Басқа ірі қалаларда – Орхус (275,5 мың),Оденсе (182,6 мың ), Ольборг (159 мың ), Эсбьерг (82,6 мың.), Раннерс (64,4 мың ), Коллинг (59,6 мың), Хернинг (57,7 мың.), Хельсингёр (56,9 мың ),Хорсенс (55,3 мың ) және Вайле (52,3 мың ). Копенгаген қаласы айналасында барлығы 2 млн. адам тұрады Бұл елдегі 26% халық көрсеткіші.Зеландия (Шелланн) аралында астана орналасқан – 42% халық тұрады. Қала халқы 85% құрайды,ал 15 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар көптеп кездеседі.Фюн, Лолланн және Фальстер аралдарында 570 мың адам, ал Борнхольмде – 50 мың адам тұрады.Ютландия халқы 2,4 млн.адамды құрайды,хылықтың орналасу тығыздығы 81 адам/км² тура келеді. Гренландия халқы 59 мың адам (1997 жыл),оның 5 мыңы еуропалықтар,қалғаны- инуиты (эскимостар). Фарер аралының халқының саны 50 мың адам (1997 жыл).

Халық саны және көбеюі 1995 - 2000 жылдар аралығында.

199519961997199819992000

Саны (адам)5 199 4375 249 6325 305 0485 333 6175 356 8455 336 934жоғарылауы0,22%0,38%0,59%0,49%0,38%0,31%

Халқының жас құрылымы 1995 – 2000 жылдар аралығында.

199519961997199819992000

0 - 14 жас17%17%18%18%18%18%15 - 64 жыл68%67%67%67%67%67%

65 жастан жоғары15%16%15%15%15%15%

Туылу және өлім деңгейі 1999 - 2000 жылдар аралығында ( 1000 адамға )

199519961997199819992000

Туылу12,3812,2412,7812,1811,5712,16Өлім11,1410,4211,2211,0810,9711,00Жас бөбек кезіндегі өлім коэффициентті6,804,805,205,175,115,11

Халықтың жыныстық құрамы 1996 – 2000 жылдар аралығында.

19961997199819992000

Жаңа туылғандар1,061,051,051,051,05

15 жасқа дейін1,051,051,051,051,0515тен 64 жасқа дейін1,031,031,031,031,0365 жастан жоғары0,70,710,710,710,71

барлығы0,970,98...0,980,98

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 – 2000 жылдар аралығында.

199519961997199819992000

барлығы76,1177,3076,1076,3176,5176,54Еркектер арасында73,2373,7873,4473,6473,8373,95Әйелдер арасында79,1681,0178,9079,1279,3379,27

Этникалық құрамы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

даттар 98%, эскимостар, фарерлер, немістер. Евангелиялық лютерандықтар 91% құрайды,ал қалған протестанттар және католиктер 2% құрайды. Дания бір ұлтты мемлекет.Аз санды немістер еврейлер және польяктар ассимилияцияға ұшыраған.

1960 жылы өндіріс дамуы қосымша еңбек күшін талап етті.Осыған байланысты мемлекетке еңбек ( "gastearbejdere" – гастарбайтерлер) эмигранттар келді. 1980жыл соңына қарай көп санды туріктердің, югославтардың ,ирандықтардың, пакистандықтардың қоғамдың бірлестіктері пайда болды.Ресми тілі – дат тілі ,норвег тіліне жақын.Ағылшын тілі неміс тіліне қарағанда әйгілі емес.Көшпенді Герман тайпалары – англы, саксы және дандан–Данияға бірінші ғасырда қоныс тепкен.Осы тайпалардан қазіргі Дания халқы құралып отыр.Сонымен қатар даниялықтар тілінде диалект бар ,негізінен копенгагендік диалектте сөйлейді.

Евангелиялық Лютеран шіркеуі ресми Данияның шіркеуі болып мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.сондада сенім бостандығы бар.Бұл шіркеуге кіргендер елде 87% құрайды.Маңызды аз санды діний қоғамдық бірлестіктерден мусулмандар (74 мың адам).Қалған – католиктер (33 мың), баптистер (6 мың.), иудейлер (5 мың.) .

Табиғаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Жер бетінің түзлісі. Дания жер аумағының көп бөлігін толқынды онша биік болмаған жазықтықтардан құралған.Мемлекеттің ең биік нүктесі Идинг-Сковх тауы (173 м),Ютландияның шығысында орналасқан.Ең төменгі нүктесі (12 м ) – батыс бөлігінде орналасқан.Дания жер бедері плейстоцендердің мұздық қабаттарының әрекеті нәтижесінде пайда болған.Жерінде көптегенқазаншұңқырлар бар ,оларда көлдер мен батпақтар орналасқан.Елдің солтүстігінде қабатты теңіздікжазықтықтар тарқалған.Негізгі жынысы – әктас ,ол кейінгі бор және кайнозой эраларында пайда болған.Осы жыныстармен жер асты сулары тығыз байланысты.Данияның шығыс бөлігі көп терең –терең шұңқырлармен бөлінген.Батыс және солтүстік бөлігінде құмды төбелер кездеседі.Оңтүстік батысы теңіздік әрекетер нәтижесінде пайда болған.Осы аралықта су тасқынынан қорғайтын көптегенбөгендер ,дамбалар салынған.

Климат

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дания теңіздік, жұмсақ қысымен ерекшеленетін ел.Мұхиттың әсері қыста айқын сезіледі.Ақпан айының орташа температурасы 0° С,ал шілдеде 15–16° С. Жыл бойы көптеп жел соғады.Көбінесе батыстан.Қыста бұлтты күндер көп болады.Жаз күншуақты болады.Көктем кеш түседі.Жылдық орташа шауын-шашын көлемі Ютландияның батысында 800 мм , Үлкен Бельт бұғазында 450 мм. Көп мөлшерліжауын-шашын күз және қыс уақытына тура келеді.Жауын жаңбыр түрінде түседі. Өзен мен көлдері.Мемлекеттің жер беті көптеген өзен торларымен қаптаған.Олардың жылдамдығы жоғары емес және ұзындығы қысқа болып келеді.Су тасқындар қыста болады.Ең үлкен өзені – Гудено Ютландияның шығысында орналасқан.Ұзындығы 158 км құрайды.Көлдер негізінен орталық Ютландияда шоғырланған.

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Копенгаген - Даниянын елордасы

Экономикасы туралы жалпы мәлімет. Дания – жоғары деңгейде дамыған өнеркәсіптік мемлекет,халқының өмір сүру деңгейі жоғары.Экономикасында жеке сектор басты рөл атқарады. Дания өнеркәсібі әртараптанған.Ерекше дамыған салалар: электронды құрылғылар өндірісі, тамақ ,кеме өндірісі және құрылыс.Ауыл шаруашылығында балық аулау маңызды рөлді атқарады.Дания экономикасын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінғана қалпына келтірді.Ауыл шаруашылығының ұлттық кірістегі үлесі 20% пайызға 1953 жылы, 3,9% пайызға 1995 жылы кміген.Данияда қызмет көрсетуде 74,7% халық жұмыс істейді.Жалпы ішкі өнімде сыртқы сауда үлесі 54,9% құрайды. 1991–1997 жылдары жұмыссыздар үлесі 10,3%, ал инфляция 1990–1995 жылдары – 2,5% құрады.Жалпы ішкі өнім Данияда 1995 жылы 173,3 млрд. долларды немесе 33 144 долларды халыққа шаққанда тура келді.Ол кезде жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша тек қана Швейцария жәнеЖапониядан кейін тұрды.

Мемлекет шығыны 1996 жылыЖІӨ 46% құрады,осының жартысы зейнетақы мен жәрдем ақыға бөлінген. Орташа экономикалық даму 4,5% пайыз 1960 жылы ал 1,7% пайыз 1986–1995 жылдары аралығында.

Мемлекеттік бюджет. 1996 жылы мемлекеттің табысы 61,3 млрд. долларды құрады,шығын – 65,6 млрд., дефицит 2,5% пайызды(ЖІӨ) құрады. 46% әлеуметтік төлеулерге, 13% –білімге және ғылыми зерттеулерге, 10% –кәсіпкерлікті дамытуға, 10% – денсаулықты сақтауға, 3% –қорғанысқа , 3% – мәдениетке шіркеуге , 2% – орын-жайсубсидиясы және 2% –полиция мен құқық қорғау органдарына. Амттер және муниципалитеттер өздерінің салық инспекциясына ие.Олар орталық үкіметке бағынады.Данияның таза қаржылық қарызы 1994 жылы 38 млрд. долларды құраған,бұл ЖІӨ 26,2% пайызына тең.

Сыртқы сауда. Экспорт және импорт ЖІӨ-нің 1/3 құрайды. 2/3 сыртқы сауда –бұл Еуро Одақ елдерімен жүргізіледі.Негізінен Германия мен. Еуро Одақтан басқаАҚШ жәнеЖапония.

75% экспортты өнеркәсіптік тауарлар құрайды.Бұлар құрылғылар,химиялық өнімдер,ауылшаруашылық өнімдері.Ауылшаруашылығы экспорттың 15% құрайды.Қызмет көрсету экспортты 10% пайызды құрайды. Импорт бойынша 70% шикізаттық тауарлар құрайды. 30% экспортты тұрмыстық тауарлар ,яғни автомобилдерде бар. Қызмет көрсету саласы.Данияда экономикалық дамуында білімді халықтың арқасында қызмет көрсету арқылы үлкен табысқа ие болып отыр. 1994 жылы бұл сала 71% жұмыс орнына ие болған,ЖІӨ-де 72% (49% жеке сектор және 23% қоғамдық).Негізгі қызмет көрсету саласына банктер,туризм, қаржылық, транспорт және сауда. 1994 жылы шетелдік туристерден түскен қаржы көлемі 3,8 млрд. доллар құраған.

Транспорт

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Данияда транспорт өнеркәсібі дәстүрлі болып саналады.Ол нрегізгі шетелдік ақша түсуіне көмектеседі.Осы сала арқылы шетелдік ақшаның 90% ие болады.Теңіз транспортына 75% тасымалдау тура келеді.

Темір жол ұзындығы  1995 – 1998аралығында  ( км.) 1994199519961998

Барлығы2 8382 8483 3582 859

Автомобил жолдары Дания қалаларын бір-бірімен байланыстырады.Сонымен қатар велосипедті транспорт әйгілі.Автомобильді жолдар 1990 ( км.).

1992199519961998

Барлығы71 04271 42071 60071 437

Копенгагендағы Каструп аэропортыЕуропадағы ең үлкен эропорт. Авиакомпания " Scandinavian Airlines System" - "SAS" ол дат, швед және норвег маршруттарына қызмет етеді.Сонымен қатар Еуропа ішіне және сыртқы тасылмалдауларды жүзеге асырады. "SAS" компания "Danair" арқылы (Копенгаген – Зеландия қаласына, Ютландиға, Фюн, Борнхольм және Фарер аралдарына) тасымалды жүзеге асырады.

Аэропорттар 1990 жылы.

19951996199719981999

Бетонды барлығы102102282828Ұзындығы 3 047 м.22222Ұзындығы 2 438 м.ден 3 047 м дейін.77777Ұзындығы 1 524 м.ден 2 437 м. дейін33333Ұзындығы 914 м.ден 1 523 м.дейін1313131313Ұзындығы 914 м.дейін7777333Грунтты барлығы77909090Ұзындығы 1 524 м.ден 2 437 м.дейін11111Ұзындығы 914 м.ден 1 523 м.дейін66777ұзындығы 914 м.дейін......828282

Сонымен қатар бұл мемлекетте көпір мен паромды тасымалдаулар жасалынады. Басты паромды маршруттар: Фюн аралы- Зеландия аралы, Зунд бұғазы (маршрут,Дания–– Швеция).Екі көпір Фюн аралын ––Ютландиямен байланыстырады.Ең ұзын Даниядағы көпір Зеландия мен Фальстерді байланыстырады.Порттары: Ольборг, Орхус, Копенгаген, Эсбьерг, Оденсе, Кёге, Грено, Струэр, Фредерисия.Телефонды байланыс.Телефон және телеграфты байланыс жоғары деңгейде.Жергілікті линиялар –жер асты және теңіздік кабелдер арқылы, 4 соткалы байланыс жүйесі.Халықаралық линилар – 18 теңіздік,олар Данияны Норвегиямен, Швециямен, Ресеймен, Польшамен, Германиямен, Нидерландымен, Фарер аралдарымен, Исландиямен және Канадамен, 6 станция Интелсат, 10 станция Еутелсат, 1 станция Орион, 1 станция Инмарсат ( Даниямен бірлесіп Инмарсат станциясына Финляндия, Исландия, Норвегия және Швеция тіркелген).

Өнеркәсіптік өндіріс

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дания өнеркәсібі тауарларының көлемі де түріде өте көп.Оларды ішкі және сыртқы нарыққа жеткізеді.Өндіруші өнеркәсіп бойынша мұнай өндірісі (21,5 млн. т жылына), газ (10,8 млрд. куб. м жылына) және құрылыс материалдары. Басты қайта өңдеу өндірісінде — машина жасау және метал өңдеу (электротехникалық, радиоэлектроника, кеме құрастыру, станкалар жасау,тамақ өндірісі бойынша құрал-жабдықтар),тамақ, химия, фармацевтика,ағаш өңдеу және басқалар.Ауылшаруашылығында халықтың 3,5% жұмыс істейді.Басты саласы етті сүтті ірі қара мал бағу және шошқа шаруашлығы.Астықтардан бидай,күріш,тары егеді. 2/3 ауылшаруашылқ өнімдері экспорт жасалынады.

Тамақ өнеркәсібінде сүті өнімдері,ет өнімдері ұн және пива жасайды.Химия өндірісінде бастысы –бұл бензин,дәрілер және пластиктен жасалған заттар.Машина жасауда двигателдер ,ауылшаруашылық машиналары, насостар, термостаттар, тоңазытқыштар және телекоммуникация құралдары.Сонымен қатар кеме құрастыру дамыған.

Соңында басты сатылатын тауарларға даниялық мебельді, киімді және ойыншықтарды атауға болады.Әлемде даниялықтардың дизайнын жоғары бағалайды.

Ауыл шаруашылығы. Басты ауылшаруашылығындағы сала ет-сүтті қара мал шаруашылығы.Ол 9/10 ауылшаруашылығының тауарын береді.Сонымен қатар картоп,қант қызылшасы,бидай егеді.Балық аулау 1,6 млн. т. (1986 жылы).Данияда жер бедері қолайлы болғандықтан 64% жер ауылшаруашылығында. Ауылшаруашылығының 80% тауары кооперативтер тарапынан дайындалады.Кейінгі кезде Данияда ауылшаруашылығының маңызы төмендеуде.

Астық өндіру және азыттық өнімдер. 1995 жылы егілетін жерлер 58% құраған.Ол жерге картоп қант қызылшасы, турнепс және кольраби егілген.Ал 25% жеге азықтық шөптер егілген,немесе жайлау ретінде пайдаланған. 1996 жылы елде 4 млн. т тары өндірілді.Бұл 80 жылдаға қарағанда 30% аз.Тары шошқа үшін азық болып табылады.Сонымен қатар пива жасау үшінде пайдаланады ,қалғаны экспортқа кетеді.Бидай өндіру 1995 жылы 4,2 млн. Т жетті.Басқада өнімдерден:қара бидай 429 мың. т, күріш 169 мың. т, картоп 1,6 млн. Т және қант қызылшасы 3,5 млн. т.Бидайды негізінен Шығыс Ютландияда,батыс Зеландияда және Фюнда егеді.Қара бидай Орталық және Батыс Ютландияда егіледі.Күріш Солтүстік және Батыс Ютландияда егіледі. Картоп негізінен Ютландияда кеңінен тарқалған.

Көкеніс және бау-бақша өнімдері. 1970 жылдан бұл өнімдер көлемі азаюда. 1980 жылдар аяғында өнім жинау кезінде көлемі 305 мың. т құрады; оның 60% алмаға тура келеді,ол–– 75 мың. т азайған.Жер көлемі бойынша бау-бақшалы 25% аудан Ютландияда орналасқан.Қалғандары аралдарда.Интенсивті түрде көкеніс және бақша өндірісі оңтүстік шығыс Зеландияда дамуда.Олардың өнімі Копенгаген және Слагельсе консерва зауыттарында өңделеді.Екінші басты аудан –Фюн аралы және Оденсе және Свеннборг консерва зауыттары. 1995 жылы 40 мың . т алма жиналған осының ішкі нарыққа 40% кетеді.Данияда 1995 жылы тамақ өнімдерінің импорты 5,1 млрд. долл., ал экспорты –11,6 млрд. долл. құрады. Мал шаруашылығы. 90% астық өнімдері қара мал ,шошқа және үй құстарының азығына кетеді. 1994 дылы қара мал бағатын 65% ферма бар. Данияда сүтті мал шаруашылығы еттіге қарағанда дамуда.1983 жылы сүт өнімінің мөлшері – 5,4 млн. т, 1995 жылы ол 4,6 млн. т азайды. Қара мал саны 3 млн. дан 0,8 млнға дейін азайды. Ірімшік экспортынан 1996 жылы 1 млрд. долл.пайда түскен. Негізгі мал түрлері– алақара дат және қызыл дат сыйырлары.Екіні түріне сүт өнімінің 90% тура келеді.Негізгі мал шаруашылығы ауданы– Ютландия.Бұл жерде 75% қара мал орналасқан.Шошқа саны 1993 жылы 11, 6 млн. бас.Шошқа өнімінің көлемі 1,7 млн. т, экспорттағы пайдасы 1996 жылы 3,4 млрд. долл.құраған. 3/4 ет өнімдері экспортқа кетеді.Негізінен дамушы елдерге жіберіледі.Балық аулау. Балық экспорты мемлекетке 2,1 млрд. долл. 1993 жылы әкелді.Бірақ 1995 жылы бұл көрсеткіш 520 млн. долл.қысқарды.Басты ауланатын балық треска болып ол 1/3 құрайды.Басқада ауланатын балықтардан камбала, теңіз шаяны және сельдь. Баст балық ауланатын жерСолтүстік теңіз және Скагеррака,басты порт Ютландияның батыс бөлігінде орналасқан.Кеме қатынасында Солтүстік теңізде, Эсбьерг қызмет теді. 1980 жылдан ресурстарды эксплуатация ету көбейіп Солтүстік теңіз ластанған соң балық аулау төмендеді.

Денсаулық сақтау ісі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1970 жылы мәләмет бойынша әрбір 1000 адамға шаққанда адам тууы 14,4, адам өлімі 9,8, тірі туған 1000 әр бір баладан, әр метр болғаны 15. Елде жүрек-қан тамыр аурулары, қатерлі ісік тағыда басқа жұқпалы емес аурулар көбірек тараған. Эпидемиялық аурулардан грипп, баспа сияқты аурулар жиі кездеседі. Сондай-ақ, туберкулез ауруы да таралған. 1967 -1968 жылдары 47,2 мың төсектік, 193 аурухана, оның ішінде 1,6 мың төсектік 17 аурухана жеке меншік қармағында. 1968 жылы 6,9 мың дәрігер, 1,9 мың тіс дәрігері 15,6 мың акушерлер болды.Дәрігерлерді арнайы 7 жоғары оқу орындары дайындайды.

Оқу-ағарту ісі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Мектептерге жалпы басшылықты Оқу министірлігі жүргізеді. Оқу ақысыз, дегенмен меншікті оқу орындары да бар. 1970 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 20 875 бала тәрбиеленеді. Гимназияда оқу мерзімі 3 жыл, оның бітірушілері жоғары оқу орындарына түсе алалады. Кәсіптік білім орта жцне төмен арнаулы оқу орындарында беріледі. Ең ірі жоғары оқу орындарына Дат әскери-техникалық мектебі мен Дат инженерлік академиясы жатады.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Hendes Majestæt Dronning Margrethe II (da). Kongehuset. Басты дереккөзіненмұрағатталған 10 мамыр 2013. Тексерілді, 1 мамыр 2013.
  2. Сонымен қатаргренландшаГренландияда жәнефарершеФарер аралдарында, ал оңтүстік Данияда —неміс тілі.
  3. Гренландия менФарер аралдарын қоспағанда.
  4. Population and population projections. Statistics Denmark.
  5. abcdDenmark. International Monetary Fund.
  6. 2017 Human Development Report. United Nations Development Programme (2017). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
 
Дания
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АлбанияАндорраАустрияӘзербайжан2БеларусьБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаВатиканГерманияГрекияГрузия2ДанияИрландияИсландияИспанияИталияКипр1Қазақстан1ЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесей1РумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркия1УкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧерногорияЧехияШвейцарияШвецияЭстония
Мойындалмаған және жартылай
мойындалған мемлекеттер
Тәуелді аймақтар
Дания
Ұлыбритания
Арнайы әкімшілік аймақтар
Финляндия
Норвегия
1 Негізінде Азияда.2 Еуропа мен Азия арасында жүргізілген шекарасы бойынша негізінде немесе толықтай Азияда.
 
Балтық теңізі бойындағы мемлекеттер
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Автономды аймақтар
Бақылаушылар
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
 

Мүшелері:АустрияАлбанияАндорраАрменияӘзербайжанБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаГерманияГрекияГрузияДанияИрландияИсландияКипрИспанияИталияЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесейРумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркияУкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧехияЧерногорияШвейцарияШвецияЭстония

Кандидаттар:Беларусь

Бақылаушылар:АҚШВатиканЖапонияИзраильКанадаМексика

Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Дания&oldid=3514137» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2026 Movatter.jp