Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Давос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Давос
Davos
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 ШвейцарияШвейцария

Кантоны

Граубюнден

Округі

Преттигау-Давос

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°47′59″ с. е.9°49′59″ ш. б. / 46.79972° с. е. 9.83306° ш. б. /46.79972; 9.83306 (G) (O) (Я)Координаттар:46°47′59″ с. е.9°49′59″ ш. б. / 46.79972° с. е. 9.83306° ш. б. /46.79972; 9.83306 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

254.41 км²

Орталығының биiктігі

1560 м

Уақыт белдеуі

UTC+1,жаздаUTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

11 131 адам (2011)

Ресми тілі

неміс тілі

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

7260, 7270

Автомобиль коды

GR

Ресми коды

3851

davos.ch

Давос картада
Давос
Давос
Давос шекарасы
Map
Ортаққордағы санаты:Давос

Давос (нем.Davos,фр.Davos,итал.Davos,ромш.Tavau) — шығысШвейцарияныңГраубюнден кантонындағы Преттигау-Давос округіндегі қала. Тұрғындарының саны 11 131 (2011)[1]. Давос Ландвассер өзенiнің бойында, ШвейцарияАльпiсiнде орналасқан.Еуропа бойынша ең биік нүктеде (1,560 м биіктікте ) орналасқан қала.

Давос — ғаламдық саяси және iскерлер элитасының жылдық жиналысы (көбінесе Давостық форум деп жиі аталады) —Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) өтетін орын және Швейцариядағы ең үлкен шаңғы курорттарының бірі.

Географиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Давос қаласының аймағы,2006 жылы, 254,5 мың км²-ді құрады. Осы аймақтың 37,1%-ы ауылшаруашылық мақсаттарына қолданылады, 19,7% жері ағашты-орманды. 2,2% аумағында ғимараттар мен жолдар салынған, ал қалған 41% аумағынөзендер,мұздықтар жәнетаулар алып жатыр.

Климаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Давоста орташа есеппен жылдың 126.7 күні жаңбырлы болады және мөлшері 999 мм-дейжауын-шашын түседі. Ең ылғалды ай —тамызда 135 мм-дей жауын-шашын түседі. Осы ай ағымында 13.6 күндей жаңбырлы болады.Маусым айында да жауынды күндер көп болады, бірақ жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 120 мм. Жылдың ең құрғақ айы —сәуір, орташа есеппен 55 мм жауын-шашын мөлшері түседі.

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Вайллант Аренаға көрінісі (ортасында)

Давос қаласының халқы 11,166 адам (31 желтоқсан2010).2008 жылы халқының 23,7%-ын шетел азаматтары құрады. Соңғы 10 жылда тұрғындар саны 5,5%-ға төмендеген. Тұрғындардың көпшілік бөлігі (2008 жылдың күйі бойынша)немісше сөйлейді (86,3%), екінші орындасерб-хорват тілі (2,8%), ал үшінші орындаиталиян тілі (2,7%).

2000 жылы халқының 50,9%-ын әйелдер, ал 49,1%-ын ерлер құрады. Жас шамасына байланысты үлес салмағы бойынша, 2000 жылы Давос тұрғын халқының 1102-і бала немесе 9,7% халқын 0-ден 9 жасқа дейін балалар және 12,6% 10-нан 19 жас аралығында 1435 жасөспірім тұрады. Ересек тұрғындары арасында 1733 адам, немесе 15,2% халқы 20-дан 29 жасқа дейін. 1897 адам, немесе 16,6% 30-дан 39-ға дейін, 1806 адам, немесе 15,8% 40-тан 49 жасқа дейін тұрғындар құрады. 1498 адам, немесе 13,1% 50-ден 59-ға дейінгі жаста. 7,9% халқы 60-тан 69 жас аралығында болса, 677 адам, немесе 5,9% 70 және 79 жас аралығында. 318 тұрғын немесе 2,8%, 80 және 89 жаста болған, ал 0,4%, немесе 49 адам 90 және 99 жаста.

Жылдар бойынша халқы туралы тарихи мәліметтер:

жылхалық саны
18501,680
18883,891
19008,089
193011,164
195010,433
200011,417
200911,248

Спорт

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Давостыңбобслей командасы, 1910

Давос қаласы Швейцарияда өзінің бір аттас, швейцарлық ұлттық лигасында ойнайтынДавосхоккей командасымен белгілі. Олардың үй ареналары -Vaillant Arena. Сонымен қатар қалада алты шаңғы базасы бар:

  • Parsenn / Gotschna
  • Jakobshorn
  • Pischahorn
  • Rinerhorn
  • Madrisahorn
  • Schatzalp

Бүкіләлемдік экономикалық форум

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Бүкіләлемдік экономикалық форум
Бүкіләлемдік экономикалық форумының логотипі

Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) немесе -Давостық форум - халықаралық үкіметтік емес үйым. Штаб-пәтеріЖенева (Швейцария) қаласында орналасқан. Дәстүр бойынша БЭФ жыл сайын (әдетте қаңтардың соңында - ақпанның басында) швейцариялық Давос қаласында (бейресми атауын осыдан алған) өткізіледі.1971 жылыШвейцарияда еуропалық кәсіпкерлердің бейресми араласу клубы ретінде қүрылған. Кейінірек қатысушылар географиясы мен олар талқылайтын мәселелер ауқымы да кеңейді.

Күн тәртібінде текЕуропаны ғана емес, басқа да аймақтарды қамтитын саяси және экономикалық мәселелермен қатар, әлемдік сауда және жаһандықэкономика мәселелері, дамушы елдердің қарыздарын өтеу мәселелері қарастырылады. БЭФ-ның басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастыққа жәрдемдесу, әлемнің ғаламдық жағдайын жақсарту.

БЭФ іскерлік, саяси, зияткерлік әріптестікті дамытуға септігін тигізеді және ғаламдық дамудың маңызды мәселелерін талқылауда, әлемдік қауымдастықтың өзге де көшбасшыларымен әріптестікті көздейді. Оның жұмысына мемлекет және үкімет басшылары, әлемдікбизнес көшбасшылары, көрнекті ғалымдар, экономистер мен саясаттанушылар қатысады.

Сонымен қатар БЭФ жыл сайын әлемнің әр елдерінде аймақтық және үлттық саммиттер өткізеді.

Мәдениеті

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

ДавостаШвейцарияның ұлттық маңызы бар мұра нысандарының жетеуі орналасқан: Қалалық мұрағаттар, Кирхнер мұражайы, Grosses Jenatschhaus (қайырымдылық үйі) және Орман Зираты (Waldfriedhof). Сонымен бiрге бiрнешемейманханалар менкурорттар тiзiмге қосылған. Үш мейманхана: Berghotel Schatzalp, Grand Hotel Belvédère (бұрынғы мейманхана) және Zürcher Höhenklinik von R. Gaberel.

  • Кирхнер мұражайы
    Кирхнер мұражайы

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Швейцария Федералды Статистика Агенттігі

Сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Давос&oldid=3302691» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp