Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Грузия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:41°41′00″ с. е.43°44′00″ ш. б. / 41.68333° с. е. 43.73333° ш. б. /41.68333; 43.73333 (G) (O) (Я)
Грузия
груз.საქართველო
БайрақЕлтаңба
Ұран:«ძალა ერთობაშია
(қаз.
Қуат — бірлікте
Әнұран:«Еркіндік»(тыңдау (ақп.))
Тарихы
Тәуелсіздік күні26 мамыр1918 жыл (КДФР-дан)
9 сәуір1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілігрузин тілі
ЕлордаТбилиси
Кутаиси (заң шығарушы орган)
Ірі қалаларыТбилиси,Кутаиси,Батуми,Рустави,Зугдиди,Гори,Поти,Сухуми,Цхинвали
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Парламент төрағасы
Михаил Кавелашвили
Ираклий Кобахидзе
Шалва Папуашвили
Мемлекеттік дініЗайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 119-орын
69 700 км²
Жұрты
• Сарап (2019)
• Санақ (2014)
Тығыздығы

3 723 500[1] адам (130-орын)
3 713 804[a][2] адам
53,5 адам/км² (137-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

46,055 млрд.[3] $ (112-орын)
12,409[3] $ (101-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

17,836 млрд.[3] $ (118-орын)
4,805[3] $ (105-орын)
АДИ (2017) 0,780[4] (жоғары) (70-орын)
ВалютасыЛари
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ge
ISO кодыGE
ХОК кодыGEO
Телефон коды+995
Уақыт белдеулеріUTC-4:00

Грузия[a] (груз.საქართველო[sɑkʰɑrtʰvɛlɔ],Сакартвело) —Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында,Кавказ тауларының оңтүстік бөлігінде орналасқанмемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. ҚұрамынаАбхазия (1931) жәнеАджария (1921) республикалары енеді.

Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 3,9 млн. Тұрғындарының 70,1%-ігрузиндер (гүржілер). Бұдан басқаармяндар (8,1%),орыстар (6,3%),әзербайжандар (5,7%),осетиндер (3%),абхаздар (1,8%),гректер,украиндар, т.б. тұрады. Астанасы —Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі —христиан дінініңправославие тармағын ұстанады, қалғандарымұсылмандар менкатоликтер. Ресми тілі —грузин тілі. Үкімет басшысы —премьер-министр. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 жылғы 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы —лари.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

XV ғасырға дейін

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Грузиндер, ұлт ретінде,антикалық дәуірден бері бар. ЕлдіңТбилиси (бұрынТифлис) атты астанасын V ғасырда корольI Вахтанг Горгасали құрған еді. Бұл кездері қазіргі Грузияның батыс жерлеріРим империясына бағынышты еді.[5] Парсы еліне шапқыншылықтары кезінде, VII ғасырға қарайарабтарКавказға басып кірді. Грузия осылайша VII ғасырдың ортасынан[6] 1122 жылдағыIV Давид қолынанТбилиси әмірлігінің ыдырауына дейін арабтарға бағынышты болған.[7] Әмірліктің орнын көп ұзамайГрузин патшалығы алды.Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде ыдыраған патшалықтыV Георгий Көрнекті 1299–1302 жылдары қайта құрды. Патша Георгийдің өлімінен кейін, XV ғасырға қарай грузин мемлекеттігі жоқ болды.[8]

Ерте Жаңа заман

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1400 жылдары Грузия бірнешекінәздікке бөлінді. 1541–1544 жылдары парсылар шығыс Грузияға төрт рет шапқыншылық жасады. 1555 жылдан грузиялық патшалар парсылықшаһқа бағынатын болды.[9]

Жаңа заман

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1783 жылы Ресей патшайымыII Екатерина мен грузин патшасыII ИраклийГеоргиевск трактатына қол қойды да, Ресей осылайша Грузияны қорғауға құқық алды. 1798 жылы парсылар Тбилисиді өрттеп жіберді. 1811 жылдан 1918 жылға дейін Грузия Орыс патшасына бағынышты еді. 1918–1921 жылдары ГрузияГрузин демократиялық республикасы ретінде тәуелсіз болды, алайда көп ұзамай оныКеңес одағы жаулады. Кеңестік оккупация 1991 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты.[9]

Посткеңестік заманы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

1991 жылыГрузия тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы референдум барысында грузиндердің көпшілігі тәуелсіздік қолдады. Ел осылайша КСРО-дан бөлініп шықты. Алайда төңкеріс нәтижесінде тұңғыш президентЗвиад Гамсахурдия биліктен тайдырылды да, елде 1993 жылға дейін қысқа азаматтық соғыс орын алады.[8]

1990–1992 жылдардағы бытыраңқылық пен зорлық-зомбылық нәтижесінде 1992 жылыОңтүстік Осетия өз тәуелсіздігін жариялады. Грузин, осетин мен ресейлік әскерилердің келісімінен кейін-ақ жағдай бәсеңдеді. 1992 жылдан 1993 жылға дейін ГрузияАбхазия сепаратизміне жол бермейтін болды да, аймаққа әскерін жіберді. 30 000-ға дейін адам көз жұмған. 1994 жылы екі жақ бітім жасады.[8]

Эдуард Шеварднадзе сайлауды бұрмалады деген айып көреді де,Раушан төңкерісі нәтижесінде биліктен қуылады. 2003 жылы билікке батысшылМихаил Саакашвили келеді. 2004 жылы грузиялық және оңтүстік осетиялық әскерилер шайқасты.[8] Сол жылыАджария дағдарысы да орын алады, алайда бұл төңкеріс қантөгіссіз өтеді. 2008 жылыРесей Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін мойындады, бұл екі аймақты халықаралық қауымдастық әлі де мемлекет деп танымайды.

2000 жылдардан бері ГрузияЕуропа одағы менНАТО-ға мүшелігін ұсынып тұр. 2008 жылы Ресей Грузияға заңсыз басып кірді да, Грузия территориясының 20%-нан айырылды. Абхазия мен Оңтүстік Осетия әлі де Ресей оккупациясында тұр.[9][10]

2024 жылғы 26 қазаннан беріжемқорлық пен ресейшілавторитаризм айыптарын көргенГрузин арманы партиясы[11]сол күнгі парламенттік сайлауды бұрмалады деген айып көріп жүр. Грузин арманы Еуропа одағына мүшелік жайлы келіссөздерді 2028 жылға дейін жылжытты да, бұл және басқа да себептерден елде саяси дағдарыс жүр,[12] жаппай наразылық шаралары жалғасып жатыр.[13][14]

Географиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Грузия картасы

ГрузияныңРесей,Әзербайжан,Түркия жәнеАрмения мемлекеттерімен шекарасы бар. ЕлдіңҚара теңіз бойы жағалауы бар.Кавказ тауларында орналасқан бұл елдің ең жоғарғы нүктесі 5 193 метр биік. Елде 25 000 шақты өзен бар.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Грузия 9 аймақ, 1 қала мен 2 автономиялы республикадан құрылған. Бұлар 67 аудан мен 12 автономиялы қаладан тұрады.[15]

Абхазия аймағы 1999 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған.[16]Оңтүстік Осетияны Грузия үкіметі «Цхинвал аймағы» деп таниды. Екі аймақ та, Грузия мәліметінше, Ресей тарапынан жауланған.[17]

АймақCenterАуданы (км2)Халқы[2]Тығыздығы
АбхазияСухуми8,660242,862шам.28.04
АджарияБатуми2,880333,953115.95
ГурияОзургети2,033113,35055.75
ИмеретияКутаиси6,475533,90682.45
КахетияТелави11,311318,58328.16
Квемо-КартлиРустави6,072423,98669.82
Мцхета-МтианетиМцхета6,78694,57313.93
Рача-Лечхуми және Төменгі СванетияАмбролаури4,99032,0896.43
Самегрело-Жоғарғы СванетияЗугдиди7,440330,76144.45
Самцхе-ДжавахетиАхалцихе6,413160,50425.02
Шида-КартлиГори5,729300,382шам.52.43
ТбилисиТбилиси7201,108,7171,539.88

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2023 жылғы 1 қаңтарда жасалған санақ бойынша Грузияда 3 736 400 адам тұрады.[18]

Ұлттық құрамы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2014 жылғы халық санағы бойынша Грузияда бұл ұлт өкілдері тұратын:[19]

Халық%Халық%Халық%
грузиндер86,8осетиндер0,4гректер0,1
әзербайжандар6,3күрд-езидтер0,3ассириялықтар0,1
армяндар4,5украиндар0,2еврейлер,абхаздар,күрдтер,аварлар мен басқалары0,4
орыстар0,7кисттер0,4

Тағы қараңыз

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Number of Population. geostat.ge. Тексерілді, 3 мамыр 2019.Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  2. ab2014 General Population Census Main Results General Information — National Statistics Office of Georgia. census.ge. Тексерілді, 2 мамыр 2016.Мұрағат көшірмесі 8 тамыздың 2016 Wayback Machine мұрағатында
  3. abcdWorld Economic Outlook Database, October 2018. IMF.org. Халықаралық валюта қоры. Тексерілді, 23 сәуір 2019.
  4. Human Development Indicators. Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы (2018). Тексерілді, 18 қыркүйек 2018.Мұрағат көшірмесі 18 қыркүйектің 2018 Wayback Machine мұрағатында
  5. Ronald Grigor SunyThe Making of the Georgian Nation — Индиана университетінің баспасы, 1994. — P. 26–27. —ISBN 978-0-253-20915-3.
  6. Ronald Grigor SunyThe Making of the Georgian Nation — Indiana University Press, 1994. — P. 26–27. —ISBN 978-0-253-20915-3.
  7. abcdGeorgia country profile  (ағыл.). BBC (31 December 2024). Тексерілді, 27 наурыз 2025.
  8. abc
  9. Statement on Georgia's Suspension of European Union Accession. АҚШ мемлекеттік департаменті (30 қараша 2024). Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  10. Registry of Municipalities. National Agency of Public Registry. Тексерілді, 23 қаңтар 2017.Мұрағат көшірмесі 2 ақпанның 2017 Wayback Machine мұрағатында
  11. Regions and territories: Abkhazia,BBC News (8 ақпан 2011). Тексерілді 30 қаңтардың 2011.Мұрағат көшірмесі 20 сәуірдің 2010 Wayback Machine мұрағатында
  12. Abkhazia, S. Ossetia Formally Declared Occupied Territory.  (ағыл.). civil.ge (28 August 2008).Мұрағат көшірмесі 3 қыркүйектің 2008 Wayback Machine мұрағатында
  13. Population and Demography  (ағыл.). Грузия ұлттық статистика қызметі. Тексерілді, 10 қараша 2023.Мұрағат көшірмесі 26 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
  14. 2014 General Population Census Main Results General Information  (ағыл.). Грузия ұлттық статистика қызметі. Тексерілді, 28 сәуір 2016.Мұрағат көшірмесі 8 тамыздың 2016 Wayback Machine мұрағатында

Пайдалы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
 
Грузия
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АрменияАуғанстанӘзербайжан1БангладешБахрейнБрунейБутанБіріккен Араб ӘмірліктеріВьетнамГрузия1ЖапонияИзраильИндонезия3ИорданияИракИранЙемен2КамбоджаҚатарКипр1Солтүстік КореяКувейтҚазақстан4ҚырғызстанҚытайЛаосЛиванМалайзияМальдивтерМоңғолияМысыр2МьянмаНепалОманОңтүстік КореяӨзбекстанПәкістанРесей4Сауд АрабиясыСингапурСирияТәжікстанТайландТүркия4ТүрікменстанҮндістанФилиппинШри-ЛанкаШығыс Тимор
Мойындалмаған және
жартылай мойындалған мемлекеттер
Тәуелді және арнайы
әкімшілік аймақтар
Аустралия
Қытай
Ұлыбритания
1 Жүргізілген шекара бойынша жартылай Еуропада немесе толықтай Азияда.2 Африкада.3 Океанияда.4 Еуропада.
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АлбанияАндорраАустрияӘзербайжан2БеларусьБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаВатиканГерманияГрекияГрузия2ДанияИрландияИсландияИспанияИталияКипр1Қазақстан1ЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесей1РумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркия1УкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧерногорияЧехияШвейцарияШвецияЭстония
Мойындалмаған және жартылай
мойындалған мемлекеттер
Тәуелді аймақтар
Дания
Ұлыбритания
Арнайы әкімшілік аймақтар
Финляндия
Норвегия
1 Негізінде Азияда.2 Еуропа мен Азия арасында жүргізілген шекарасы бойынша негізінде немесе толықтай Азияда.
 

Мүшелері:АустрияАлбанияАндорраАрменияӘзербайжанБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаГерманияГрекияГрузияДанияИрландияИсландияКипрИспанияИталияЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесейРумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркияУкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧехияЧерногорияШвейцарияШвецияЭстония

Кандидаттар:Беларусь

Бақылаушылар:АҚШВатиканЖапонияИзраильКанадаМексика

Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Бақылаушылар
Бұрынғы мүшелері
 
 
Қара теңіз бойындағы елдер
 

АлбанияАндорраАрменияБельгия (Бельгия француз қауымдығы) •БенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГана1ГвинеяГвинея-Бисау2ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанада (Нью-БрансуикКвебек) •Катар1Кипр1КоморларКонго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар2Мали2МароккоМолдоваМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және ПринсипиСейшель аралдарыСенегалСент-ЛюсияСолтүстік МакедонияТогоТунисФранция (ГваделупаМартиникаСен-Пьер және МикелонФранцуз Гвианасы) •ЧадШвейцарияЭкваторлық Гвинея

Қараушы елдер:АустрияБАӘБосния және ГерцеговинаГрузияДоминикан РеспубликасыЛатвияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСербияСловакияСловенияТайландУкраинаУругвайХорватияЧерногорияЧехияЭстония

1Қауымдастырылған мүше •2Мүшеліктен шыққан

 
Кавказ елдері мен аймақтары


Дереккөз қатесі: "lower-alpha" деп аталған дереккөз тобында<ref> тегі бар, бірақ тиісті<references group="lower-alpha"/> тегі табылмады, немесе</ref> жабу тегін қажет етеді

«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Грузия&oldid=3487058» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp