Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Геркуланум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Геркуланум
Ercolano
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 ИталияИталия

Ауданы

Кампания

Басшысы

Винченцо Страззулло

Тарихы мен географиясы
Координаттары
Тұрғындары
Тұрғыны

54921 адам (2010)

Тығыздығы

2800 / км 2 адам/км²

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

081

Пошта индексі

80056

comune.ercolano.na.it/erc/internet/home

Геркуланум шекарасы
Map

Геркуланум (лат.Herculaneum,итал.Ercolano) — Италиялық Кампания ауданында, қазіргі Эрколаноның қасында орналасқан ежелгі римдік қала. Помпеи және Стабии қалалары іспеттес Везувийдің шашылу кезеңінде,79 жылдың24-тамызында тарих сахнасынан жойылды.

Геракулум Помпеилер секілді, ЮНЕСКОның бүкіләлемдік мұрасына № 829 нөмірімен енгізілді.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дионисий Галикарнасскийдің айтқан мифтері бойынша, Геркуланумның негізінГеркулестің өзі қалаған болатын. Шын мәнінде, Геркуланумда алғашқы боп б.з.б. VIғасырда қоныстанғансамниттердің ізашарлары, оск тайпасы болуы мүмкін. Содан соң қалагректердің ықпалына түсіп, теңізге жақын орналасқан болғандықтанкемежай ретінде пайдаланылды. Қаланың атын қойған да гректер болуы мүмкін — бұл қала алғашқы рет ежелгіГрекияның философыТеофрасттың еңбегінде Гераклеон есебінде аталған.

62 жер сілкінісі Геркуланумға айтарлықтай залал келтірді (археологиялық қазба жұмыстары қала ғимараттары қирап, кейін қайта құрылғандығын көрсетіп отыр). Геркуланумның өліміннің алдында ол тұрғындаы 4000 адамнан тұратын, Неаполитан шығанағының жағасында орналасқан көркем қала болған.

Геркуланумның өлімі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

79 жылдың 24-тамызында басталған Визувийдің шашылуы шамамен 800 жылға созылды. Оқиғалар хронологиясын қазба жұмыстарынан және сүргіннің куәгері Плиний Кішінің Рим тарихшысы Тацитқа бағытталған 2 хатынан табуға мүмкіндік болды.

Шамамен күндізгі сағат бірде Визувийдің өзегінен үлкен жанартау күлінің массалық шығарылуы пайда болды. Кейін ол үлкен қара бұлтқа айналып Помпеи және Стабииге опырып түсті. Олардың салмағы үлкен болғаны сонша, тіпті бұл қалалардағы үйлердің төбелері қираған.

Алғашында бұл оқиғалар Геркуланумға еш зиян тигізбесе де, қала тұрғындарының көбісі қаладан кетіп қалған болатын. Бірақ, жанартау атқылауын бітуін судың жағасында күтпекші болғандар да болды. Түнгі бірде жанартаудан ыстық лава аға бастаған кезде осы қалған санаулы адамдарды лезде өлтірген болатын. Лаваның жоғары температурасы судың булануына әкелді. Соның салдарынан тіпті папирус бұрама қағаздары да сақталған.

Қазындылар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Геркуланумның ашылуы жазатайым болды. 1710 жылы Амброджо Нучерино атты шаруа құдық қазып жатып, мәрмәр мүсінге кез болды. Эммануил-Морис Лотарингскийге хабарланған болатын. Шаруаның құдығын сатып алып, герцог 9 ай бойына қазба жұмыстарын ұңғыманы қашаулау әдісімен жүргізеді. Ол барлығы 9 мүсіндерді тауып алады да, өзінің жақтаушыларына сыйға тартады. Соның ішінде шахзада Евгений Савойскийге де беріледі. 1738 жылы Карл III бұйрығымен қазба жұмыстары қайта басталды. Ең бағалы деген олжалар Портичи қаласындағы президент резиденциясында болды. Кейін, осы қалады Геркуланумның жеке мұражайы ашылды.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%83%D0%BC

«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Геркуланум&oldid=3223803» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp