Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Геномика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Геномикагеномдардың құрылысын, қасиеттерін, эволюциясын, оларды өңдеу мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым.

Егергенетика жекегендерді мен олардың тұқым қуалаушылықтағы қызметін зерттесе, геномика қандай-да бір ағзаның барлық гендерінің жиынын сандық және сапалық жағынан қарастырады, сол гендердің өзара әсерлесуін және ағзаға ықпалын зерттейді.[1]

Мысалы,эпистаз (бір геннің басқа генге әсер етуі),плейотропия (бірнеше белгінің бір генге байланысты болуы),гетерозис (гибридтер арасындағы айырмашылықтар), сондай-ақлокус пеналлельдердің арасындағы басқа да қатынастар геномика ғылымымен қамтылады.[2]

Салалары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Функционалдық геномикатранскрипцияны,трансляцияны,ақуыздардың өзара әсерлесуін зерттей отырып, гендердің (ақуыздардың) атқаратын қызметін анықтауға бағытталған.

Құрылымдық геномика геномда сақталған әрбір ақуыздың үшөлшемді құрылымын анықтауға бағытталған.

Эпигеномика жасушалардың генетикалық материалындағы эпигенетикалық өзгерістерді жүйелейді.

Когнитивтік геномика мидың белсенділігін реттейтін гендерді зерттейді.

Салыстырмалы геномика әртүрлі ағзалардың геномдарының ұқсастықтарын және айырмашылықтарын зерттейді.

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. WHO definitions of genetics and genomics
  2. Pevsner J (2009). Bioinformatics and functional genomics
КөбелекБұл — биология бойынша мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Негізгі ұғымдар
Салалары
Заңдылықтары
Тағы қараңыз
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Геномика&oldid=3058407» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp