| Гадаба | |
| гатхан | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
60 000 (1959)[1] | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
| Тілдері | |
| Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Гадаба (өз атауыгатхан) —Үндістандағы Орисса (оңтүстік бөлігі) және Андхра (солтүстік бөлігі) штаттарының таулы орманды аймақтарында тұратын халық. Саны — шамамен 60 мың адам.[2]
Оларгадаба немесегутоб тілінде сөйлейді. Диалектілер: гадба, содия (Бодо-Гадаба). Кейбіріория тілінде сөйлейді.[3]
Діні — индуизмнің нанымдары мен салт-дәстүрлерінің тайпалық (анимистік) қоспасы. Гадаба халқы күнді, айды, аң аулау рухын құрметтейді.[4]
Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатынегіншілік (тары,көкөністер),мал шаруашылығы (шошқа,тауық), жабайы шошқа, бұғы, қоян аулау,терушілікпен айналысады. Гадаба жер өңдеуде соқа қолданбайды, теккетпенді пайдаланады.[5]

Дәстүрлі гадаба ауылдарының балалары «ортақ» болып саналады. Яғни, олар ата-анасымен бірге тұрады және оларды ата-анасы тәрбиелейді, алайда ата-анасы қайтыс болған жағдайда балалары басқа отбасына кетеді. Дәстүр бойынша, Гадаба қоғамымоногамды, бірақ күйеуі жоқ әйел басқа құрған отбасында тұруға көшуі мүмкін. Гадаба қауымы төрт топқа бөлінеді — Бада Гадаба, Паренга Гадаба, Орала Гадаба және Санга Гадаба. Бада (бода) руларының өкілдері ең жоғары болып саналады, Гадабаиерархиясындағы ең төменгісі - Санга тобы. Гадабалардың көпшілігі рулық дәстүрді сақтамайды, ана тілін қолданбайды.[6]
Қазіргі кезде дәстүрлі гадаба ауылдары өте аз қалды, әдетте олар шағын 10-30 үй, айналасы сумен немесе тақтайшалардан жасалған қоршаумен қоршалған. Шарбақ ішінде адам мен малға арналған қақпасы бар бір ғана өткел бар. Гадабалар балшықпен сыланған ағаш қаңқасы бар және төбесі сабанмен жабылған шағын, дөңгелек немесе төртбұрышты үйлер салады. Гадаба үйлерінде дәстүрлі түрде жиһаз жоқ, барлық керек-жарақтар қыш ыдыстарда және себеттерде сақталады. Дәстүрлі гадаба үйі екі бөлмеден тұрады, біріншісі тас ошақпен жабдықталған. Гадаба үйлерінде терезе саңылаулары мен есіктер жоқ.[7]
Гадабалардың дәстүрлі киімі — әйелдер жеңсіз жамылғыға ұқсас кішкенесари киіп, моншақтар таққан. Бұл жамылғы ерекше түрде байланады және кесали деп аталады. Ерлер киімі жамбастарына бекітілген кесінді мата. Гадаба әйелдері үлкен геометриялық ою-өрнектері бар ашық түстерді, қызыл және қызғылт сары түсті киімдерді ұнатады. Дәстүрлі гадаба киімдерін бүгінде шалғай ауылдардағы қариялардан ғана көруге болады. Гадаба әйелдері мойындарына үлкен металлсақиналар мен үлкенсырғалар тағады.[8]
Негізгі тағам — көкөніс қосылған тары сорпасы, кейде ет.[9]
| Бұл — мақаланыңбастамасы. Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз. Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет. |