Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Веснянкалар
Веснянкалар (Plecoptera) – қарапайымжәндіктер отряды. Қазба қалдықтарыпермь кезеңінен белгілі.Жер шарында кең тараған, негізінен,Голарктика аймағында кездесетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Ересектері ағынсуларда тіршілік етеді, аз қозғалады, кейбір түрлері ұшпайды. Тығыз денелі,құрсағының ұшында, аналь тесігінің екі жағында орналасқан бунақты екі өскіні (церки) бар. Қос жұп торлы немесе мөлдір қанаттары болады, оларды жайғанда ұзындығы 10 – 80 мм. Басы үлкен, ұзынмұртшалары бар. Аузы кеміруге бейімделген, ол ересектерінің көбіндередукцияға ұшыраған. Толық түрленіп дамиды.Жұмыртқаларын ағыны қаттыөзендер менжылғалардың түбіне салады.Дернәсілдері суда жетіледі. В. көбейіп кеткен жердебалықтардың қорегіне айналады.[1]