Валуа (фр.Valois) — Франция корольдерінің әулеті, Капетиндер үй тармағы. Өзінің атауын осы тармақтың негізін салушыФранцуздық Шарльдің титулы де Валуа графымен байланысты алды.
Валуа әулетінің өкілдері Капетин үйінің кіші тармағыБурбондар әулеті алмастырғанша француз тағын 1328-ден 1589-ға дейін иемденді.
Тұңғышде Валуа графтары де Валуа-Вексен-Амьен үйінің өкілдері болды (Капетиндер әулетінің кіші желісінің біреуі Францияның жесір королевасыАнна Ярославнаға үйленген). Осы рудың соңғы өкілі монахша шаш алды, алВалуа графтығы апайының күйеуіКаролиндер әулетінің кіші желісіГербертиндер үйінен шыққан графГерберт IV де Вермандуаға өтті. Олардың мұрагер-қызыI Анри патшаның ұлыде Вермандуа графы, Ұлы Гугоға тұрмысқа шығып, оған Валуа және Вермандуа графтықтарын жасау ретінде әкелді. Бұл некеде 6-буынға дейінкапетин руыныңде Вермандуа графтары шықты, осыдан соң Валуа графтығы 1215 жылыII Филипп Август патша королдік иелікке қосты.
КорольБатыл III Филипп 1285 жылы ұлыШарльге кеңейтілген Валуа графтығын берді. Карл, де Валуа графы - корольIV Филипптің бауыры, Валуа үйінің негізін қалаушысы болды, ал оның ұлыVI Филипп француз тағына отырып, королдік Валуа әулетін құрды. 1280 жылы Рим ПапасыV Мартин Арагон патшалығын Карл де Валуаға сыйлады, алайда ол 1290 жылы бұл сыйлықтан бас тартты. Алғашқы некесіАнжу менМэн графтығын әкелді. Екінші әйелі Екатерина де Куртененің құқықтары бойынша ол Константинополь императоры атағын алды. Карл ағасының билік еткен уақытта мемлекеттік істерге белсене араласып, 1325 жылы Ножанда қайтыс болды.
Әдемі IV Филипптің үш ұлы ер бала қалдырмай қайтыс болғаннан кейін, Карл де Валуаның ұлы VI Филипп 1328 жылы Капетиндердің жақын ұрпағы ретінде саналып Францияның тағына келді. Валуа үйінің биіктеуі Англия мен Франция арасындағы ұзаққа созылған соғыстың себебі болды (Жүзжылдық соғыс). VI Филипптің 2 ұлы болды: Иоанн (болашақтаII Жан) мен Филипп. Соңғысы 1375 жылы де Валуа графы және Орлеан герцогы деп жарияланды, бірақ ұрпақтарсыз қайтыс болды. 1350 жылдан 1364 жылға дейін билік еткенІІ Жанның 4 ұлы болды, оның ішінде: оның мұрагеріV Шарль менкіші Бургундия үйінің негізін қалаушы, Бургундия герцогыБатыл II Филипп. V Шарльдің (1380 жылы қайтыс болған)VI Шарль мен принц Луи деген екі ұлдары болды.
Ханзада ЛуиОрлеан герцогы менАнгулем және Валуа графы титулы мен жерлерін алды. Оның кезінде 1403 жылы Валуа графтығыгерцог-пэрстық болды. Тарихта алғаш рет Орлеан герцогы ретінде белгіліЛуи, ағасы VI Шарльдің бақытсыз билігі кезінде Бургундия герцогымен билікке қатысты дауласты, ал 1407 жылы оны өлтірді. Оның немересі Луи, Валуа және Орлеан герцогы, француздық Валуаның үлкен желісінің соңғы өкілі —VIII Шарль (VI Шарльден соң ұлыVII Шарль, содан соң оның ұлыXI Луи, VIII Шарльдің әкесі билік етті) қайтыс болған соң 1498 жылы Франция тағынаXII Луи деген атпен келді және осылайша Валуаны тәжбен біріктірді. Ақырында Валуа Валуа үйінің ханзадаларына, сосын Бурбон үйіне сыйланды, бірақ әрқашан Орлеан герцогтығымен бірге болды. Орлеан үйі 1787 жылғы революция кезінде ғана Валуа герцогтық титулын жоғалтты, бірақ ішінара атаумен байланысты жерлерді сақтап қалды.
1407 жылы қайтыс болған Орлеан және Валуа герцогы,Ангулемдық Жанның кіші ұлыныңШарль атты ұлы болды. Ал, оның ұлы баласыз Людовик XII дүниеден өткен соңІ Франсуа деген атпен француз тағына отырды (1515). Оның ұлы ІІ Анридің төрт ұлы болды, оның үшеуі елді биледі (II Франсуа,IX Шарль,III Анри) және төртіншісі —Франсуа, Алансон герцогы (кейін Анжу). Олардың ешқайсысы заңды ұрпақ қалдырмады және 1589 жылы ІІІ Анридің өлімінен кейін француз тағына Капетиндерден тарайтынБурбон әулетінің өкіліIV Анри ауысты. Валуа үйінің соңғы патшалардың қарындасы,Маргарита де Валуа, IV Анридің ажырасқан әйелі, 1615 жылы қайтыс болды. Ол Валуа әулетінің соңғы заңды ұрпағы болды.
Сонымен қатар, Валуа үйінен бірнеше некесіз тармақтар тарады:
Портрет | Аты | Билік еткен уақыты |
---|
 | VI Филипп | 1 ақпан 1328 — 22 тамыз 1350 |
 | II Жан | 22 тамыз 1350 — 8 сәуір 1364 |
 | V Шарль | 8 сәуір 1364 — 16 қыркүйек 1380 |
 | VI Шарль | 16 қыркүйек 1380 — 21 қазан 1422 |
 | VII Шарль | 21 қазан 1422 — 22 шілде 1461 |
 | XI Луи | 22 шілде 1461 — 30 тамыз 1483 |
 | VIII Шарль | 30 тамыз 1483 — 7 сәуір 1498 |
Портреті | Есімі | Билік еткен уақыты |
---|
 | XII Луи | 7 сәуір 1498 — 1 қаңтар 1515 |
Портреті | Есімі | Билік еткен уақыты |
---|
 | I Франсуа | 1 қаңтар 1515 — 31 наурыз 1547 |
 | II Анри | 31 наурыз 1547 — 10 шілде 1559 |
 | II Франсуа | 10 шілде 1559 — 5 желтоқсан 1560 |
 | IX Шарль | 5 желтоқсан 1560 — 30 мамыр 1574 |
 | III Анри | 30 мамыр 1574 — 2 тамыз 1589 |
- Валуа // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Валуа әулетінің билеушілеріМұрағатталған 11 сәуірдің 2021 жылы.