Бәдеуилер немесеБәдеуиндер (араб.:بَدَوِيُّون немесеараб.:بَدَوِي,) - шөл даланы мекендеушілер.Алдыңғы Азия менСолтүстік Африкада көшпелі тұрмыс кешкенмалшыарабтар.Араб тілінде сөйлейді, арабграфикасымен жазады.Мұсылмандар (сүнниттер, абадиттер немесе ибадиттер), уақапшылдар).
Ежелгі тайпалық байланыстары сақталған. Дәстүрлі кәсібі: көшпелімал шаруашылығы (негізінен, түйе өсіру), суармалы егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, дурра, сұлы, ірі бұршақ) айналысады.Мұнай,алтын (Медина ауданы) өндірісінде, порттарда жұмыс істейді. Көшпелі, жартылай көшпелі бәдәуилер төрт бұрыштыкиіз шатырларда, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрады. Кең ақ көйлек, түйе жүнінен тоқылғаншекпен аба, аяқтарынаниаль киеді, бастарынаорамал (куфия, сумада) салады. Материалдық жағдайына байланысты әйелдері шыныдан, темірден жасалғансақина,алқа, мұрындарынаәшекей тағады. Қыздары маңдайларын, иектерін, кейде беттерін, еріндерін, кеуделерін, аяқтары мен табанын көк бояумен бояп жүреді. Қалалық жерлерде еуропалық киім үлгісі кең тараған. Ұлттық тағамы:бидай, қарабидай, арпа ұнынан илеп пешке пісіргентаба нан,бургуль; сусындары -кофе. Тамақты қолмен жейді. Ауыз әдебиеті өте бай. Әнді раба (әрбаба) аспабының сүйемелдеуімен айтады.
Еуропа әдебиетінде ірі қара өсіруді егіншілікпен ұштастыратын жартылай көшпелі арабтарды да Бәдеуилер деп атайды[1].
- ↑Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том