| Бутунг | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
150 000 | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
| Тілдері | |
| Діні | |
Бутунг (бутон) —Индонезиядағы халық (Бутунг, Муна аралдары). Халқы 150 мың адам. Бутунгтар теңізшілер мен саудагерлер болған. Шығыс Индонезияда, әсіресе Молукка аралында кеңінен қоныстанған. Туысқан халықтармен бірге 17-20 ғасырларда Бутунг сұлтанатының құрамында болды.[1]
Бутунг тілінде сөйлейтін тілдерге Волио, Чиа-Чиа, Муна, Туканг Беси, Кумбеваха, Ласалиму, Камару, Панчана, Бусоа, Талоки, Кулисусу және Киоконың әртүрлі диалектілері кіреді. Индонезия тілі де кеңінен қолданылады.[2]
Бутунг –сүнниттік мұсылмандар. Олар 1447 жылы Сұлтан Мұхрум тұсында алғаш ретмұсылмандықты қабылдады. Сонымен қатархристиандар да кездеседі.Анимизм, ата-бабалар культі сияқты дәстүрлі нанымдар да сақталған.[3]
Оларегіншілікпен айналысып тропикалық климатқа тән дақылдарды өсіреді, (жүгері, құрғақ күріш,тары, тәтті картоп, кокос пальмасы),балық аулау, кеме қатынасы, жалдамалы жұмыспен, сонымен қатар ұсаққолөнер менсаудамен айналысады. Аздап мыс өндіру және өңдеу кездеседі. Тасбақа, кофе, балауыз, інжу, терілер мен буйвол мүйіздерін, акулалардың арқа қанаттары мен мақталарды сыртқа шығарады.[4]

Ақсүйектер мен еркін қауымдарға дәстүрлі бөліну сақталады. Неке матрилокалды, содан кейін неолокалды, қалыңмалды делдал ретінде әрекет ететін ауыл ақсақалымен келісіледі.[5]
Олар шашыраңқы орналасқан шағын елді мекендерде тұрады. Тұрғын үйлер ағаштан жасалған және жаңбырлы мезгілдердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көбінесе қадаларда орналасқан.[6]
Ерлер киім үлгісі еуропаланған, әйелдерсаронг киеді.[7]
Негізгі тағам -күріш, жүгері ботқасы, шелпек, көкөніс дәмдеуіштері, жаңа піскен және ашытылғанбалық.[8]
| Бұл — мақаланыңбастамасы. Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз. Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет. |