Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Боливия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:16°42′43″ о. е.64°39′58″ б. б. / 16.71194° о. е. 64.66611° б. б. /-16.71194; -64.66611 (G) (O) (Я)
Көпұлтты Боливия мемлекеті
ис.Estado Plurinacional de Bolivia
кеч.Buliwya Achka nasyunkunap Mama llaqta
айм.Wuliwya Suyu
гуар.Tetã Volívia
БайрақЕлтаңба
Ұран:«¡La unión es la fuerza!
(Үлгі:Tr-es
Әнұран:«Bolivianos, el hado propicio»
Тарихы
Тәуелсіздік күні6 тамыз1825 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріиспан тілі,кечуа,аймара,гуарани және басқа 33 тіл.
ЕлордаСукре (Конституция бойынша)
Ла-Пас (Мемлекеттік мекемелер орналасқан)
Ірі қалаларыСанта-Крус-де-ла-Сьерра,Эль-Альто,Ла-Пас,Кочабамба
Үкімет түріПрезиденттік республика
Президенті
Вице-президенті
Эво Моралес
Альваро Гарсиа Линера
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 27-ші-орын
1 098 581 км²
1,29
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

11 428 245[1] адам (83-ші-орын)
10,4 адам/км² (224-ші-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

95,088 млрд. $ (92-ші-орын)
8,320[1] $ (125-ші-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

45,045 млрд. $ (95-ші-орын)
3,942 $ (122-ші-орын)
АДИ (2017) 0,693[2] (118-ші-орын)
Этнохоронимболивиялық, боливиялықтар
ВалютасыБоливиано
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.bo
ISO кодыBO
ХОК кодыBOL
Телефон коды+591
Уақыт белдеулеріUTC−4:00, America/La_Paz және America/Cochabamba

Боливия (ис.Bolivia,кеч.Buliwya,айм.Wuliwya,гуар.Volívia), ресми атауы —Көпұлтты Боливия мемлекеті (ис.Estado Plurinacional de Bolivia[esˈtaðo pluɾinasjoˈnal de βoˈliβja]) —Оңтүстік Американың орталығындағы мемлекет.

Боливия солтүстігінде және солтүстік-шығысындаБразилиямен, оңтүстік-шығысында —Парагваймен, оңтүстігінде —Аргентинамен, оңтүстік-батысында және батысында —Чили жәнеПерумен. Теңізге шығатын жолыЧили 1879 жылы Антофагаста портың басып алғаннан кейін жоқ.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Боливия тарихы
Потоси қаласы

Мемлекеттік құрылымы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Республика. Мемлекет басшысы мен үкімет басшысы — президент, 5-жылдық мерзімге халықпен сайланады. 2006 жылдың қаңтардың 22нен —Хуан Эво Моралес. Президент үкіметті басқарады, министрлер кабинетін тағайындайды, қарулы күштер жоғарғы басшысы бойлып табылады.

Сайлау жай көп дауыс жинаған үміткер (50 %дан астам) президент деп танылады. Одан да анықтала алмаса парламент біріккен отырысында басым дауыс жинаған екі үміткердің бірін таңдайды.

2009 жылғы қаңтарда референдума нәтижесінде конституцияға өзгеріс енгізіліп (үндістерге айрықша құқық пен экономикаға мемлекеттік бақылау жайлы) кезекті президенттік және парламент сайлаулары мерзімінен бырын, 6 желтоқсанда 2009 жылы өткізілді. Моралес екінші рет сайлауға қатысуға рұқсат алып сайлауда айқын жеңіске жетті (60 %дан артық дауыс жинап).[6]

Екі-палаталы парламент — 36 сенатор және 130 депутат, 5 жылға сайланады.

Саяси партиялары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2009 жылдың желтоқсанындағы сайлау бойынша:

  • Социализмге қарай қозғалысы — солшыл (басында Моралес), 26 сенатор, 88 депутат.
  • Боливия үшін прогрессивті жоспар — оң-центристік, 10 сенатор, 37 депутат
  • Ұлттық бірлік майданы — центристік, 3 депутат
  • Әлеуметтік одақ — центристік, 2 депутат

Боливияда тағы 6 парламентте орын алмаған заңды партия бар.

Саяси жағдай

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ла-Пас қаласының орталығы, Боливияның әкімшілік орталығы
Uyuni

Эво Моралес (лақап аты Эль Эво) — Боливия тарихындағы бірінші үндіс президент.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Боливия провинциясы.

Әкімшілік-территориялық жағынан Боливия 9 департаментке бөлінеді. Ал департаменттер провинцияларға бөлінеді.

Географиялық мағлұмат

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Боливия физикалық картасы

Боливияның жер ауданы 1 098 580 км². Ол әлем бойынша жер ауданы жағынан 27 орында.

БоливиялықАльтиплано түстері

Боливия1879 жылдан бері теңізбен шектеспейді — сол жылы ол өзінің жағалаулықАнтофагаста аймағынЕкінші тынық мұхиттық соғысы нәтижесіндеЧилиге беріп қойған. ДегенменАтлант мұхитына Боливия шыға алады —Парагвай өзені бойынша.

Боливия территориясында алуан түрлі эко-аймақ бар. Елдің батысындаАнд таулы аймағы,Альтиплано үстіртімен бірге. Шығысында төменгі жазықтары амазондық кеңТропикалық ормандер менЧако аймақтатын қамтиды. Елдегі ең биік нүкте —Орурода орналасқанСахама (6542 м) өшкен жанартауы.Титикака көлі Боливия менПеру шекарасында орналасқан. Әлемдегі ең үлкенУюни сортаңы елдің оңтүстік-батысында,Потосида орналасқан.

Боливияның ірі қалалары:Ла-Пас,Эль-Альто,Санта-Крус-де-ла-Сьерра жәнеКочабамба.

Боливия бес елмен құрлықтық шекарасы бар:Аргентинамен — 832 километр,Бразилиямен — 3423 километр,Чили — 860 километр,Парагваймен — 750 километр, жәнеПерумен — 1075 километр.

Сыртқы сауда

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Экспорт — 6,4 млрд долл. (2008) — газ, соя, шикі мұнай, мырыш рудасы, қалайы.

Негізгі сатып алушылар — Бразилия 60,1%, АҚШ 8,3%, Жапония 4,1%.

Импорт — 4,6 млрд долл. (2008) — мұнай өнімдері, продовольствие, автомобилдер.

Негізгі сатушылар — Бразилия 26,7%, Аргентина 16,3%, АҚШ 10,5%, Чили 9,5%, Перу 7,1%, Қытай 4,8%.

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Боливия халқы
Толық мақаласы:Боливиялықтар

Халық саны — 11,8 млн (2021 жылғы бағалау).

Жылдық өсім — 1,7% (фертильность — 3,1 туу бір әйелге).

Орташа өмір сүру жасы — 64 жыл еркектре, 7жыл әйелдер.

Ұлттық-нәсілдік құрамы — үндістер 55% (негізі кечуа және аймара), метистер 30%, ақтар 15%.

Тілдер — 3 ресми тіл: испан 60,7%, кечуа 21,2%, аймара 14,6%; басқа тілдер 3,6% (2001 жылғы санақ бойынша).

Дін — католики 95%, протестант (інжілдік методисттер) 5%.

Сауатттылық — 93% еркек, 80% әйел (по переписи 2001 ж.).

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. abReport for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund.
  2. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  3. City of Potosí — UNESCO World Heritage Centre
  4. El mundo desde Potosí : vida y reflexiones de Bartolomé Arzans de Orsúa y Vela
  5. Боливия из Республики превратилась в «Многонациональное государство»., «mail.ru», 10.06.2009
  6. Эво Моралес одержал победу на выборах в Боливии//vesti.ru, 07.12.09г.
 
Боливия
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
Тәуелді аймақтар
 
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Қауымдастырылған мүшелері
Бақылаушылар
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Мүшелегі тоқтатылған
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Мүшелері
Қауымдастырылған мүшелері
Бақылаушылар
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Боливия&oldid=3156729» бетінен алынған
Санаттар:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp