Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Берлин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Берлин
нем.Berlin
ТуЕлтаңбасы
ТуЛоготипі
Әкімшілігі
Ел

 ГерманияГермания

Статусы

Астана

Жері

Берлин

Ішкі бөлінісі

12 округ, 96 аудан

Бургомистр

Kai Wegner[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°31′12″ с. е.13°24′18″ ш. б. / 52.52000° с. е. 13.40500° ш. б. /52.52000; 13.40500 (G) (O) (Я)Координаттар:52°31′12″ с. е.13°24′18″ ш. б. / 52.52000° с. е. 13.40500° ш. б. /52.52000; 13.40500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1237

Алғашқы дерек

1170 жыл

Жер аумағы

891,85 км²

Биіктігі

34 м

Уақыт белдеуі

UTC+1,жаздаUTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

3 644 826 адам (2018)

Тығыздығы

4088 адам/км²

Агломерация

6 177 535

Ұлттық құрамы

немістер — 78,8 %,
шетелдіктер — 21,2 % (2018)[2]

Этнохороним

берлиндік, берлиндіктер

Ресми тілі

неміс

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+49 30

Пошта индекстері

10115–14199

Автомобиль коды

B

berlin.de  (нем.)

Берлин картада
Берлин
Берлин
Берлин шекарасы
Map
Ортаққордағы санаты:Берлин
Берлин, Кызыл ратуша, Сенат орыны
Сол жакта атақты Гумбольдт университеті

Берлин (нем.Berlin[bɛɐ̯ˈliːn],айтылуы (ақп.)) —Германия астанасы. Берлин қаласыШпрее өзенінің сол жағалауында орналасқан. Орта ғасырларда БерлинБранденбургтің маңызды сауда орталығына айналды. 1486 жылыГогенцоллерндердің резиденциясына айналды. 1871 жылы олГерман империясының астанасына айналды.Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Берлин керемет көркейіп, көріктене түсті.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол қатты қирады. 1961 жылыБерлин қабырғасы тұрғызылып, қала Шығыс және Батыс бөліктерге бөлінді. 1991 жылыБундестагтың шешімімен БерлинГермания Федеративтік Республикасының астанасына айналды.

Қалада шамамен 3,8 млн халық тұрады. Олардың төрт жүз мыңнан астамы 182 елден келген шетелдік азаматтар. Берлин Германиядағы ең үлкен қала. Ол 892 км² аумақты алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыста қирап қалған қала адам танымастай өзгерді. Берлинде газет-журнал басатын жаңа технологиямен жабдықталған 10 баспахана бар. ҚалаЕуропадағы маңызды қаржы және сауда орталықтарының бірі.

Қаладағы төрт университетте жүз мыңнан астам студент оқиды. Сондай-ақ әртүрлі мамандар дайындайтын он институт, 50–ден астам ғылыми-зерттеу институттары бар, онда 50 мың адам жұмыс істейді. Жалпы Германия мәдениетке ерекше көңіл бөледі. Қалада 200-ден астам жекеменшік сурет галереясы, 150 театр бар. Бірқатар филармониялық оркестр жұмыс істейді. Қалада жыл бойы түрлі мәдени шаралар өтеді. Мысалы, ақпан айындахалықаралық кинофестиваль, мамырда театр фестивалін өткізу ежелгі дәстүр. Ал маусым айында халықаралық әдеби фестиваль өткізіледі. Берлинде қонақ үйлер мен мейрамханалар көп. Қала Еуропадағы танымал туристік бағыттардың бірі саналады. Берлин Германияның 16 федералдық жерінің бірі (қала-жер мәртебесіне ие). Мұнда федералдық билік органдары –Бундестаг,Бундесрат және федералдық үкімет орналасқан; қаланың басты нышандарынаБранденбург қақпасы менРейхстаг ғимараты жатады.

Галерея

  • Берлиннің көрнекті тарихи жерлері
  • Берлин кафедрал соборы Шпрее озен жагасында
    Берлин кафедрал соборы Шпрее озен жагасында
  • Рейхстаг
    Рейхстаг
  • Бранденбург қақпасы
    Бранденбург қақпасы
  • Фридрихштадт Сарайы
    Фридрихштадт Сарайы
Берлин панорамасы, сол жактан - туы бар Рейхстаг, Park Inn мейманханасы, Халықаралық сауда орталығы, телемунара, Кафедрал, Кызыл ратуша, Бранденбург қақпасы

.

Дереккөздер

  1. Берлин қаласының бургомистер ресми сайты
  2. Einwohnerinnen und Einwohner im Land Berlin am 31. Dezember 2018. Тексерілді, 23 шілде 2019.


ЖерБұл — география бойынша мақаланыңбастамасы.
Бұл мақаланытолықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияғакөмектесе аласыз.

Бұл ескертудідәлдеп ауыстыру қажет.
 
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Тәуелді аймақтар жәнежартылай мойындалған елдеркөлбеу жазумен белгіленген
Батыс ЕуропаОңтүстік ЕуропаСолтүстік ЕуропаШығыс Еуропа
1Трансқұрлықтық мемлекеттер,2толықтайОңтүстік-Батыс Азияда, бірақ Еуропамен саяси-әлеуметтік байланысы тығыз.
 
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Берлин&oldid=3496545» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp