Бериллий (лат.Beryllіum;Be) —элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы хииялық. элемент, атомдық нөмірі 4, атомдық массасы 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты біризотопы (9Ве) бар. 1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты.
Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. Бериллийалюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3, балқу температурасы 12840С, қайнау температурасы 24500С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 8000С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады; қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
Сілтілерде еріп бериллаттар деп аталатын тұздар түзеді (мысалы,натрий бериллаты — Na2BeO2). Бериллийгалогендер,оттек,күкірт жәнеазотпен тікелей қосылып, оттекпеноксид (BeO), азотпеннитрид (BeN2), көміртекпенкарбид (Be2C), күкіртпенсульфид (BeS) қосылыстарын түзеді. Бериллий оксиді — ақ түсті, қиын балқитын зат, сумен оңай қосылып, бериллий гидроксидін [Be(OH)2] түзеді, бұл —амфотерлі әлсіз негіз, қышқыл мен сілтілерде ериді.
Бериллий алуда қолданылатын негізгі шикізат — берилл жәнегельвин минералдары. Металл бериллий хлорлы бериллийді балқытып электролиздеу арқылы алынады. Сонымен қатар, бериллий металынмагниймен BеF2 қосылысын тотықсыздандырып алады, магнийдің артық мөлшерін вакуумда қайта айдап бөледі, алынған бериллий әрі қарай дистилдеу әдісімен тазартылады. Бериллийді құймаларға араластырғанда қаттылығы артады, бұл бағалы қасиеті бұрыннан белгілі болса да, оны қолдану тек 20 ғасырдың 40-жылдарында басталды.
Баяу балқитын металдардың бериллидтері —авиация және ракета жасауда аса қажетті зат.Рентген сәулелері бериллийден жақсы өтетін болғандықтан, одан рентген трубкаларының терезелерін дайындайды. Бериллий әр түрліқұймалар жәнекоррозияға берікболат алуда, электротехникада, атом реакторларын жасауда кең түрде қолданылады.Қазақстанда бериллийӨскемендегітитан-магний комбинатында өндіріледі.[1]