Бенин Республикасы фр.République du Bénin |
|
Ұран:«Fraternité, Justice, Travail (Бауырмашылдық, Әділет, Еңбек)» |
| Әнұран:«L'Aube Nouvelle»(тыңдау (ақп.)) |
 |
| Тарихы |
|---|
| Тәуелсіздік күні | 1 тамыз1960 жыл (Франциядан) |
| Мемлекеттік құрылымы |
|---|
| Ресми тілдері | француз тілі |
| Елорда | Порто-Ново,Котону[i 1] |
| Ірі қалалары | Котону |
| Үкімет түрі | Президенттік республика |
Президент Ұлттық ассамблея басшысы | Патрис Талон Матри Адриен Хаугбеджи |
| Географиясы |
|---|
Жер аумағы • Барлығы • % су беті | Әлем бойынша 101-орын 114 763 км² 0,4 |
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2013) •Тығыздығы | ▲ 10 872 298 адам (82-ші-орын) 10 008 749[1] адам 94,8 адам/км² (120-шы-орын) |
| Экономикасы |
|---|
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда | 27,546 млрд.[2] $ (137-ші-орын) 2,411[2] $ (163-ші-орын) |
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда | 10,546 млрд.[2] $ (141-ші-орын) 923[2] $ (163-ші-орын) |
| АДИ (2015) | ▲ 0,485[3] (төмен) (167-ші-орын) |
| Этнохороним | бениндіктер |
| Валютасы | Франк |
| Қосымша мәліметтер |
|---|
| Интернет үйшігі | .bj |
| ISO коды | BJ |
| ХОК коды | BEN |
| Телефон коды | +229 |
| Уақыт белдеулері | +1 |
- ↑Президент, үкімет және шетел елшіліктерінің резиденциялары орналасқан.
Координаттар:8°50′00″ с. е.2°11′00″ ш. б. / 8.83333° с. е. 2.18333° ш. б. /8.83333; 2.18333 (G) (O) (Я) |
Бенин (фр.Bénin), толық ресми түріБенин Республикасы (фр.République du Bénin,1975 жылға дейінДагомея) —Батыс Африкадағы мемлекет. СолтүстіктеБуркина-Фасо жәнеНигермен шекаралас, шығыста —Нигериямен, батыста —Тогомен. Астанасы —Порто-Ново, бірақ басшылықКотонуда орналасқан, Бениндегі ең ірі қала.
Ежелде мемлекеттің солтүстік жағында гурма тайпасы өмір сүріпті, сосын оларды Нигерия елінен келген барба тайпасы ығыстырып жіберді. Мемлекеттің оңтүстік жағында фок және аджа тайпалары өмір сүріпті.
XV ғасырда Бенин жағалауындапортугалдар көрінді.
XVI—XVII ғасырларда француздық, голландық, ағылшын сатып алушылар мен саудагерлік қамалдар мен факториялар құрылды.
XVII ғасырда Бенин жағалауы және көршілес аудандар еуропалық құл сату орталығына айналды.
XVIII ғасырда Дагомея басшылары құл сатушылықпен жақсы айналысты, жыл сайын еуропалық саудагерлерге 20 мыңдай құл берілетін. XIX ғасырдың ортасына дейін, еуропалық елдерде құл сатушылық тоқтағанға дейін болды.
Бениндегі соңғы халық санағы 2013 жылдың 11-25 мамырында жүргізілді. 2013 жылғы санақ бойынша ел халқының саны 9 983 884 адамды құрады.
Халық санының жыл сайынғы өсімі – 2,9% (фертильділік – бір әйелге 5,4 туу).
Орташа өмір сүру ұзақтығы 59 жасты құрайды.
Иммундық тапшылық вирусын (АИТВ) жұқтыру – 1,2% (2007 жылғы бағалау).
Этникалық құрамы: 60-тан астам халықтар, ең көп саны шығыс аналықтар, оларға фон халқы (шамамен 65%), дагомея, барба, сомба, йоруба, буса және т.б.
Тілдер: француз (ресми), фон және йоруба (негізінен елдің оңтүстігінде), елдің солтүстігіндегі әртүрлі тайпалық тілдер.
Діндері: христиандар 42,8%, мұсылмандар 24,4%, вуду 17,3%, басқалар 15,5% (2002 жылғы халық санағы). Христиандардың көпшілігі католиктер, басқа христиандық конфессиялар - баптистер, әдіскерлер, Құдай ассамблеялары және адвентистер.
15 жастан асқан халықтың сауаттылығы 34,7%, ерлер 48%, әйелдер 23% (2002 жылғы халық санағы бойынша).