Баяндауыш деп сөйлемдебастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратынтұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.Баяндауышсыз сөйлемқұрылмайды!
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да,не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Баяндауыш болатын сөз таптары
Баяндауыш болатын сөз таптары:
- Етістіктер мына тұлғаларда айтылып, баяндауыш болады:
- ашық райдағы етістіктер
- Мысалы:Мен бір аса маңызды жұмыспен келіпотырмын.
- бұйрық және қалау райларындағы етістіктер
- Мысалы:Ғылым таппаймақтанба.Кел балалароқылық.Ол сағат жетіге шейінқайтса игі еді.
- тұйық етістікатау түрі менжатыс жалғаулы түрі
- Мысалы:Дұрыс жазуға үйренудің бір жолы — кітапты көпоқу.
- есімшелер
- Мысалы:Аяңшыл атарымас.
- Есім сөздер (зат есім,сын есім,сан есім) жәнеесімдіктер ешқандай жалғаусыз да,көптік,тәуелдік,жіктік жалғаулары және жатыс септік жалғауы қосылып та баяндауыш болып келе береді
- Мысалы:Ердің сыншысы —елі.
- Мезгіл және мекенүстеулері (ілгері, кейін, жоғары, төмен, ертең, кеш, былтыр, күндіз т. б.) атау тұлғада, кейбіреулері жатыс септікте тұрып та баяндауыш болып келе береді
- Мысалы:Киноға баруға уақыт тымкеш.[1]
Дара және күрделі баяндауыш
Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш. Мысалы: Олар күтпеген жерденкелді.
Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды. Мысалы: Ауыл мәдениеттіөсіп келеді.
Күрделі баяндауыштар келесі жолдармен жасалады:
- Күрделі етістіктен
- Есім сөздер менкөмекші етістіктердің тізбегінен жасалады
- Ілік септіктегі есім сөздер мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады
- Күрделісан есімнен болады
- Есім сөздер мен мөлшер, өлшемнің бірлігін білдіретін сөздердің тіркесінен болады
- Жоқ, бар, тиіс, жөн, керек, қажет сияқты сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп те, күрделі баяндауыш жасайды
- Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалардан) да жасалады.
Дереккөздер
- ↑Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.ISBN 5-7667-2616-3
Әдебиет
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланыжетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады: - осы мақаланың тақырыбына байланысты суретОртақ қорда табылуы мүмкін;
- мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
- өзіңіз жасаған суреттіжүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
|