Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Бауыр (орган)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бауыр
Адамның бауыры құрсақ қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан
Бауырдың орналасуы (қызыл түспен белгіленген)

ер адамның денесінде

Латын тіліjecur, iecur
көне грекше:ἧπαρ (hepar)
ЖүйесіАсқазан-ішек жолдары
ЖүйкеКезеген жүйкесі, целиак ганглиясы
Лимфабауыр лимфа түйіндері
Прекурсоралдыңғы ішек
MeSHD008099

Бауыр (hepar) — 1) ең үлкенас қорыту безі.Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май,көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырғаартерия, қақпалық вена тамырлары,жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары менөт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар менбелок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдыңлимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынанбелоктар,глюкоза,фруктоза,глицерин,май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырдагликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрліферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлігормондар реттеп отырады.[1]

2)Құрамында 70-73%су, 2—4 %май, 17—18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Евитаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2—3 сағат бойы суық ағынды суда ұстайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


Бұл мақаланы Уикипедиясапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Бауыр_(орган)&oldid=3420285» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp