Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Андалузит
Андалузит –силикаттар класына жататынминерал. Химиялық формуласы: Al2[SіO4]О. Кристалдарыромбылық сингонияда іріпризма немесе бағана тәрізді болып қалыптасады. Сұр, сары, қоңыр, қызғылт, қызыл, жасыл түсті әрі шыныдай жылтыр болады. Қаттылығы 7 – 7,5; меншікті салмағы 3,1 – 3,2 г/см3. Андалузит негізінен жапсарлы метаморфтану әсерінен түзіледі. Сазды тақтатастар, қайталамакварциттер арасында кездеседі. Орталық Қазақстанда жиі тараған. Андалузит құрамды тау жыныстарынанмуллит және кристобалитті шыны өндіріледі.