Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Ангола туы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ангола туы
порт.Bandeira de Angola
Мемлекет

 Ангола

Қабылданған

11 қараша 1975

Пропорция

2:3

Дизайны

Қызыл және қара түсті тігінен орналасқан жолақтардан құралған тудың ортасында алтын түстес тіктісті доңғалақ, мачете және жұлдыз орналасқан.

Ангола туы (порт.Bandeira de Angola) —1975 жылдың11 қарашасында тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енгізілгенАнгола мемлекеттік байрағы. Ту жоғарғы жағы қызыл, ал төменгі жағы қара екі бөліктен құралады.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Африканың басқа да елдерінің туы секілді Ангола туы басқарған партияның туының түрлендуінен пайда болған.Партизан қозғалысы, содан кейін Анголаның тәуелсіздігі жолындағы ұлттық қозғалысы (МПЛА) ортасында алтын жұлдыз орналасқан тудың дизайнын қолданды.Қызыл түс социализды, қара түс Африканы білдірсе, ал жұлдыз МПЛА-ға демеу көрсеткен Кеңес одағының жүлдызының үлгісі болып табылады.

Кейінірек 2010 жылдың 5 ақпанында Ангола конституцяиясында ту төмендегідей суреттелді:«Мемлекеттік ту жоғарғы жолағы қызыл түсті, төменгі жолағы қара түсті екі жолақтан құралған алтын түстес тіктісті доңғалақ, мачете және жұлдыз орналаслуы тиіс.

  • қызыл түс — отаршылық қысым, азаттық жолындағы күрес және отанды қорғау кезінде анголалықтардың қанын;
  • қара түс — Африка құрлығын білдіреді.
  • тіктісті доңғалақ — жұмысшылардың және өнеркәсіп өндірісінің нышаны.
  • мачете — ауыл шаруашылық және қарулы күштің нышаны.
  • жұлдыз — халықаралық ынтымастақтық пен ілгеріліктің бейнесі.
  • алтын түстес — мемлекет байлыығын көрсетеді.

Жаңа тудың жобасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

2003 жылы Ангола парламенті жаңа тудың жобасын қабылдауға ұсыныс жасады.Пропорциясы 2:3 жаңа тудың жобасы көлденең орналасқан бес жолақтан құралады.Жоғарғы және төменгі қою көк түсті жолақ бейбітшілік, әділдік және ынтымақтастықты білдіреді.Аралықтағы ақ түсті жолақтар татулық және бірліктің нышаны.Ал ортадағы қызыл жолақ тұрақтылық, ерлік және азаттық жолында қаза тапқан құрбандарды білдіреді.Ортаңғы қызыл жолақтың ортасында тарихи және мәдени ерекшеліктің белгісі — 15 сәуле таралған, үш шоғырлас шеңберлерден құралған сары күн бейнеленген.Анголадағы Намибе ауданында, Читундо-Хулу (порт.Tchitundo-Hulu) үңгірінде орналасқаннеолит дәуірнің жартасқа салынған суретінің көшірмесі еді.[1]Алайда, Конституциялық ассамблея және Конституциялық трибунал 1975 жылғы туды өзгеріссіз қалдырды.

Gallery

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  • Теңіздің ар жағындағы Ангола ауданы туының жобасы (1967).
    Теңіздің ар жағындағы Ангола ауданы туының жобасы (1967).
  • Анголаның тәуелсіздігі жолындағы ұлттық қозғалысының туы.
    Анголаның тәуелсіздігі жолындағы ұлттық қозғалысының туы.
  • Ангола туының ұсынылған жобасы (1996).
    Ангола туының ұсынылған жобасы (1996).
  • Ангола туының ұсынылған жобасы (2003).
    Ангола туының ұсынылған жобасы (2003).

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Angola - proposal for a new flag

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Ангола_туы&oldid=3322321» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp