Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Албания

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар:41°21′00″ с. е.19°59′00″ ш. б. / 41.35000° с. е. 19.98333° ш. б. /41.35000; 19.98333 (G) (O) (Я)
Албания Республикасы
алб.Republika e Shqipërisë
БайрақЕлтаңба
Ұран:«алб.Ti, Shqipëri, më jep nder, më jep emrin Shqiptar
Сен, Албания, маған абырой бересің, мені албан қылады»
Әнұран:«Hymni i Flamurit»(тыңдау (ақп.))
Тарихы
Тәуелсіздік күні28 қараша1912 жыл (Осман империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліалбан тілі
ЕлордаТирана
Ірі қалаларыТирана,Дуррес,Влёра,Эльбасан,Шкодер
Үкімет түріУнитарлыпарламенттік республика
Президенті
Премьер-Министрі
Парламент спикері
Байрам Бегай
Эди Рама
Линдита Николла
Мемлекеттік дініИслам діні - 59 % жәнеХристиан діні - 17%
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 140-орын
28 748 км²
4,7
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

2 876 591[1] адам (130-орын)
2 821 977[2] адам
98 адам/км² (63-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

38,315 млрд.[3] $
13,330[3] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

15,121 млрд.[3] $
5,261[3] $
АДИ (2018) 0,785[4] (жоғары) (68-орын)
Этнохоронималбаниялық,албандар немесе албандықтар
Валютасылек
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.al
ISO кодыALB
ХОК кодыALB
Телефон коды+355
Уақыт белдеулеріUTC+2

Албания (алб.Shqipëria), толық ресми атауы —Албания Республикасы (алб.Republika e Shqipërisë[ɾɛpuˈblika ɛ ʃcipəˈɾiːs]) —Еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағынмемлекет. СолтүстігіндеЧерногория жәнеСербиямен, оңтүстік-шығысындаГрекия жәнеСолтүстік Македониямен, шығысындаКосовомен шектеседі. Халқы — 2,8 миллион адам.

Албанияалбандардың тұратын жалғыз мемлекет емес, оларКосово жәнеСолтүстік Македонияда тұрады.

Мемлекеттік құрылымы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Мемлекетпарламенттік жүйе бойынша басқарылады және сол себептенПрезидент көбіне салтанатты рөлге ие. Елдің Парламенті бірпалаталықКувенди деп аталады. ОғанПремьер-министр басшылық етеді. Кувендиде 140 депутат бар, олардың 100 депутаты мажоритарлық жүйе бойынша бірмандаталық округтерден сайланады. Қалған 40 депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Барлық депутаттар 4 жылға сайланады.

  • 2009 жылғы сәуірден бастап Албания —НАТО мүшесі.
  • 2009 жылғы 29 сәуірде АлбанияЕуропа одағына мүше болу туралы өтінішін жіберді.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Албания әкімшілік бөлінісі

Албанияның 12 облысы (алб.qarqe, qarqet), 61 муниципалитеті (алб.bashki, bashkitë) және 373 коммунасы (алб.komuna, komunat) бар.

Албания облыстары
ЕлтаңбасыОблысыОрталығыАумағы (км²)Халық саны
БератБерат1,802193,855
ДибраПешкопия2,507191,035
ДурресДуррес827247,345
ЭльбасанЭльбасан3,278366,137
ФиериФиери1,887384,386
ГирокастраГирокастра2,883114,293
КорчаКорча3,711266,322
КукесКукес2,373112,050
ЛежаЛежа1,581159,792
ШкодерШкодер3,562257,018
ТиранаТирана1,586601,565
ВлёраВлёра2,706193,361

Географиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

АлбанияБалқан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. ОңтүстігіндеГрекиямен, солтүстігіндеЧерногория мен дүние жүзі бойынша жартылай мойындалғанКосовомен, шығысындаСолтүстік Македониямен және батысындаИон менАдрия теңіздерімен шектеседі. БасқаЖерорта теңізімен шектесетін мемлекеттерден айырмашылығы: Албанияның аралдары аз, тек 7–10. Аралдардың көбі өте майда және оларда адам тұрмайды; мысалыСазани жәнеСтилло аралдары.

Албания жерінің 70 пайызы таулы және тек 25 пайызы ауыл шаруашылығы мен егіншілікке келеді. Албанияның халқының 47.8% ауыл шаруашылығымен айналысады. Жемістерден басқа тағы Албаниядатемекі өсіріледі.

Жердің көп бөлігі тау жоталары менүстіртті аймақта орналасқан. Таулы аңғарларынан құлай аққан тасқынды өзендер теңізге қарай құлаш ұрады. Бұл өзендерАдрия теңізін жиектей 150 км-ге созылып жатқан құнарлы жазық алқап арқылы өтеді. Алқаптың ені 15 км-ден 35 км-ге дейін барады. Бұл жактың ауа райы жұмсақ. Таулы аудандарда сәл қаталдау. Қыста жиі боран соғып, аяз 20 градусқа дейін барады.

Халқы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Статистика

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Халық саны 2 831 741 (2011 жылғы халық санағы бойынша),[5] ал 2001 жылғы халық санағы бойынша халық саны 3 069 275 адам: он жыл ішінде халық саны 7,7%-ға азайды. Халық санының азаюының негізгі себебі — ауқымды көші-қон және туу көрсеткішінің төмендеуі. Албанияның туу көрсеткіші Еуропаның ең кіші көрсеткіштерінің бірі болып келеді.

Тұрақты халық: 1 421 810, соның ішінде ерлер – 50,2%, және әйелдер – 49,8% құрайды. Жылдық өсім – 0,3% (елдегі эмиграцияның деңгейі жоғары).

Қала халқы – 53,7% (2011 жылғы санақ), ауыл халқы – 46,3%. Санақ тарихында алғаш рет (2011) албандар ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда көбірек тұратын.

Этникалық құрамы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Этникалық құрамы:албандар – 95%,гректер – 3%, басқалары (румындар,сығандар,сербтер,македондықтар) – 2%.

1990 жылғы сәуірде елдегіяһуди диаспорасы өмір сүруін тоқтатты: соңғы 11 еврейИзраильге кетті.

Тілі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Албан тілі

Албан тілі —Еуропаның ең ерекше тілдерінің бірі болып келеді.Үнді-еуропалық тіл болғанымен, оның ешқандай басқа туыстас тілі қалмаған.

Албан тілінен басқасы тағы этникалық азшылықтардың өздерінің тілдері де бар: гректердіңгрек тілі, румындардыңрумын тілі, т.б..

Діні

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Албания халқының шамамен 60%-ы зайырлымұсылмандар және шамамен 20%-ыхристиандар (католик немесеправослав). 1945–1992 жылдардағы коммунист билігінде Албания ресми дінінатеизм қылған тұңғыш мемлекет болғанымен, қазіргі күні дін сақталған.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
1900 жылғыТирана қаласындағыбазар

Албания — орта ғасырлардың атау. Гректер осы мемлекет «Albaētia» немесе «Arbanētia» деп атады. «Алба» сөзі иллирийше «төбе» мағынаны білдіреді.

Ерте тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Албанияда адамның алғашқы іздері орта және кейінгіпалеолит дәуірлеріне жатқызылады және олар Дзарре ауылында (Сарандадан алыс емес жерде) жәнеДайти тауында (Тирана маңында) табылды.[6] Дайти тауындаориньяк мәдениетіне ұқсас тас құралдары табылған.

Албания бірінші Грекияның, ал сосынРим Империясының провинциясы болған. 395 жылыРим империясы екі мемлекетке бөлінді (Батыс Рим жәнеВизантия).

1912 жылы албандарОсманлы империясынан шығып өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ 1939 жылыИталияныңфашисттері Албанияға кіріп, аннексия жасайды.

1944 жылы партизандар өз мемлекетін жауыздан босатып, 1946–1976 жылдары АлбанияныАлбан Халық Республикасы деп атайды. АлбанияныЭнвер Ходжа басқарады.

1976 жылы социалистер елдіАлбания Социалистік Халық Республикасы деп жариялады.

1991 жылдан бастап Албания — демократиялық тәуелсіз республика.

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Елдің өнеркәсіп және мәдениет орталығы, Албанияның елордасы –Тирана. Мұнда көпзауыт-фабрикалар орналасқан. Албания шаруашылығының басты саласы —ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан, албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ отырғызыға пайдаланады. Оларбидай,күріш,арпа,сұлы егеді,бұршақтар тұқымдасты өсімдіктер,лимон,жүзім сондай-ақзәйтүн ағашын отырғызынады.2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд еуро құраған. Адам басына шаққанда – 1 900 еуро. АлбанияЕуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі.

ЖІӨ экономика құрылымындағы пайызы:

  • ауыл шаруашылық саласы – 22%;
  • өндіріс саласы – 15%;
  • құрылыс саласы – 10%;
  • сауда,туризм, қызмет көрсету саласы – 19%;
  • транспорт және байланыс – 13%.

2008 жылғы дерекке сәйкес ауыл шаруашылық саласында жұмысшылардың 58% істеген, өндіріс саласында – 15%, қызмет көрсету саласында 27%. Жұмыссыздық деңгейі 12,5% тұрақталды. 2008 жылы экспорт – 1,3 млрдАҚШ долларын құрады.

Сыртқы саудасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Басты сатып алушы елдер —Италия 57%,Грекия 11,8%,Қытай 5,8%. 2008 жылы импорт — 4,9 млрд АҚШ долларын құрады. Басты импорт жіберуші елдер —Италия 30,7%,Грекия 12,5%,Түркия 6,9%,Германия 6,3%,Швейцария 4,6%,Ресей 4,2%.

Мәдениеті

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Рәміздері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Киелі Ндойт шіркеуінің қабырғасында салынған екі басты қыран

Албания мемлекетінің және халқының рәміздері оның тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Осыған мысал ретінде қара және қызыл түстерін,қыранын, мерекелерде киілетінфустанела,кече,опинга сияқты киімін жәнезәйтүн менкөкнәр сияқты өсімдіктерін айтуға болады.

Албания байрағы — ортасында қара қыран салынған қызыл ту. Қызылалбан халқының батылдығын, күшін және айбынын, ал қара қаһармандығын мен бостандығын білдіреді. Қыран құсы албандардың рәмізі болуынОрта ғасырларда бастады, олАрберия мемлекетінің және оның бірнеше династияларының рәмізі болатын. Екі басты қыраносмандарға қарсы күрескенЕскендір Бейдің да ту мен мөрінде бейнеленген болатын.

Әдебиеті

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Албан әдебиеті

Мемлекеттік мейрамдары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ресми мейрамдары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Төмендегі кестеде Албанияның ресми мейрамдары және 2022 жылы олардың тойлану күні көрсетілген (кейбір мерекелердің датасы өзгеруі мүмкін).

КүніҚазақша атауыАлбанша атауыЕскерту
1–2 қаңтарЖаңа жылViti i Ri
14 наурызАлбания Жаз күніDita e Verës2004 жылы Албания парламентімен қабылданды
22 наурызНаурыз мейрамыDita e Nevruzit
17–18 сәуірКатоликПасхасыPashkët Katolikeәр жыл өзгереді
24–25 сәуірПравославПасхасыPashkët Ortodokseәр жыл өзгереді
1 мамырБірінші мамырDita Ndërkombëtare e PunonjësveЖұмысшы күні
2 мамырОраза айтBajrami i Madh (Fitër Bajrami)Рамазан айының соңы, әр жыл өзгереді
9 шілдеҚұрбан айтBajrami i Vogël (Kurban Bajrami)Зул-Хиджа оныншы күні, әр жыл өзгереді
5 қыркүйекТереза ана күніDita e Nënë TerezësРесми және ұлттық мереке болыпАлбания Парламентымен қабылданды
28 қыркүйекТәуелсіздік күніDita e Pavarësisë
29 қыркүйекАзаттық күніDita e Çlirimit
8 желтоқсанҰлттық Жастар күніDita Kombëtare e Rinisë2010 жылыАлбания парламентімен қабылданды
25 желтоқсанРождествоKrishtlindjet

Ресми емес мейрамдары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Төмендегі кестеде Албанияның ресми емес мерекелері көрсетілен

КүніEnglish nameAlbanian nameRemarks
6 қаңтарБогоявлениеUji i Bekuar (Epifani)ресми емес – жұмыс күні
2 наурызЛежа Лигасы күніDita e Besëlidhjes së Lezhësресми емес – жұмыс күні
7 наурызМұғалім күніDita e Mësuesitресми емес – жұмыс күні
1 маусымБалалар күніDita Ndërkombëtare e Fëmijëveресми емес – жұмыс күні
15 тамызМәриям алыну күніDita Shën Marisë or Pashka e Vogëlресми емес – жұмыс күні
22 қарашаӘліппе күніDita e Alfabetitресми емес – жұмыс күні
12 қарашаКосово Азат ету Әскері күніDalja në skenë e UÇK-sресми емес – жұмыс күні
28 қарашаКонституция күніDita e Kushtetutësресми емес – жұмыс күні
6 желтоқсанӘулие Николас күніDita e Shën Kollitресми емес – жұмыс күні
24 желтоқсанРождестволық сочельникKrishtlindjetқалауынша жұмыс күні

Киімі

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Изополифондық ән шырқап жатқанфустанела кигеналбандар

Албанияның әр мәдени және географиялық регионының өзінің киім стилі, түсі және материалы өзгеше. Қазіргі заманда албан ұлттық киімдері тек ұлттық рәсімдер, мерекелер және тойларда киіледі. Кейбір қарттар күнделікті өмірлерінде де ұлттық киімдерін кие береді. Киімдер жергілікті материалдардан жасалады:зығыр,жүн,жібек,кендір талшығы жәнебылғары. Албан киімінің ең танымалының ішіненфустанела киімін, джублета белдемшесі,кече ерлер бас киімін, капица әйелдер бас киімін жәнеопинга аяқ киімін айтып кетуге болады.

Асханасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Албан асханасы

Албан асханасы оңтүстік пен солтүстік региондарында ерекшеленеді. Бұның себебі ерекшеленетін топографиясы және климаты болып келеді.

Дәстүрлі тағамында албандарлимон,апельсин,інжір және ең бастысызәйтүн жемістерін қолданады. Жемістердің албан асханасында ерекше рөлі бар. Тағыгүлшетен,базилик,жалбыз,жұпаргүл,лаванда жәнежебір сияқты қоспалар және десарымсақ,пияз,бұрыш,картоп,қызанақ жәнебұршақты дақылдар сияқты көкөністер де жиі қолданылады.

Теңізге (Адрия менИон) тиетін региондарында балық пен шаянтәрізділердің тағамға қосылуын байқауға болады. Албанияның христиандарына да, мұсылмандарына дақой еті ас үлестеріндегі ең басты ингридиенттерінің бірі болып келеді.

Тава коси албандардың басты тағамы болып саналады. Олқой етінен (кейдетауық еті де қолданылады) жәнейогурт пенжұмыртқа қоспасымен пісірілген тағам. Ол тағы Грекияда, Солтүстік Македонияда және Түркияда танымал, сол елдерде оныЭлбасан қаласынын атыменЭлбасан тава деп атайды.

Сәулет және бейнелеу өнері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Баштова бекінісіЮНЕСКОӘлемдік мұра Алдын ала тізімінде жазылған.

Албанияның сәулет және бейнелеу өнері көптеген түрлі мемлекет пен халықтардын әсерін көрген. Сурет салу, құмыра өндіру, скульптура, керамика жасау және архитектура — барлығы да түрлі стильдерді қамтиды және албан халқының бай тарихын баяндайды.

Византия менОсман империясы мемлекеттерінің өсуі албан сәулет өнеріндегіхристиандық жәнеисламдық өнердің әйгіленуіне әсер етті. Бірнеше ғасырдан кейінАлбан Ренессансы заманында албан өнеріндеимпрессионизм менромантизм стильдерінің танымалдылығын байқауға болады. Албанияның ең іргелі және танымал суретшілерінің қатарына икон жазушыОнуфрий,Кола Идромено, Давид Селеница, Константин Шпатараку жәнеЗографи ағайындылары сияқты тұлғаларды қосады.

Албания архитектурасыАнтикалық дәуірден басталады. Қазіргі Албания қалаларында түрлі замандардың, түрлі стильдердегі ғимараттарды табуға болады. Ірі қалаларының көбісі бекініс пен қамалдардан бастау алған, осыны тұрғын үйлерде, діни және коммерциялық ғимараттарда байқауға болады. Ғасырлар бойы қалалардың келбеті сол заманға сай өзгере беретін. Алайда 20-ғасырдың коммунистік кезеңінде ежелден келе жатқан діни ескерткіштер жаппай бұзылды.

Ежелгі архитектураныБилис,Амантия,Фойнике,Аполлония,Бутринти,Антигония,Шкодер қалаларында табуға болады.Шығыс Рим империяның ұзақ билігінің әсерінен Албания жеріндеқамал, рабат,шіркеу,монастырь, тасқа сурет салу менфреска түсініктері пайда болды. Албанияның оңтүстігіндегіКорче,Берат жәнеДжирокастер қалалары осыған мысал бола алады. Осман империясының жаулауынан кейін мешіттер құрылысы басталады, бұл әсіресе Берат пен Джирокастер қалаларында байқалады.

Музыка

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Албан халық музыкасы албандардың сәйкестігінде үлкен рөл атқарады және заманауи албан музыкасына үлкен әсер етеді. Халық музыкасын жиі үш топқа бөледі: солтүстіктегі Гег диалектінің музыкасы және Лаберия мен Тоск диалекттерінің музыкалары. Оңтүстіктің әндері дөрекі істелітімен және солтүстіктің әндері байсалды үнімен танымал.

Тағы қараңыз

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. 404. Тексерілді, 6 қаңтар 2018.Мұрағат көшірмесі 14 қазанның 2017 Wayback Machine мұрағатында
  2. Population and Housing Census 2011. INSTAT (Albanian Institute of Statistics).Мұрағат көшірмесі 3 тамыздың 2017 Wayback Machine мұрағатында
  3. abcdReport for Selected Countries and Subjects. IMF (20 қазан 2018).
  4. Human Development Report 2018. Біріккен Ұлттар Ұйымы (2018). Тексерілді, 15 қыркүйек 2018.
  5. http://census.al/
  6. The Cambridge Ancient HistoryМұрағатталған 16 мамырдың 2020 жылы.
 
Албания
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Егеменді елдер
АлбанияАндорраАустрияӘзербайжан2БеларусьБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаВатиканГерманияГрекияГрузия2ДанияИрландияИсландияИспанияИталияКипр1Қазақстан1ЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесей1РумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркия1УкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧерногорияЧехияШвейцарияШвецияЭстония
Мойындалмаған және жартылай
мойындалған мемлекеттер
Тәуелді аймақтар
Дания
Ұлыбритания
Арнайы әкімшілік аймақтар
Финляндия
Норвегия
1 Негізінде Азияда.2 Еуропа мен Азия арасында жүргізілген шекарасы бойынша негізінде немесе толықтай Азияда.
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Жерорта теңізімен шектесетін елдер мен аймақтар
Егеменді елдер
Мойындалмаған және
жартылай мойындалған мемлекеттер
Тәуелді және басқа да аймақтар
 

Мүшелері:АустрияАлбанияАндорраАрменияӘзербайжанБельгияБолгарияБосния және ГерцеговинаГерманияГрекияГрузияДанияИрландияИсландияКипрИспанияИталияЛатвияЛитваЛихтенштейнЛюксембургМажарстанМальтаМолдоваМонакоНидерландНорвегияПольшаПортугалияРесейРумынияСан-МариноСербияСловакияСловенияСолтүстік МакедонияТүркияУкраинаҰлыбританияФинляндияФранцияХорватияЧехияЧерногорияШвейцарияШвецияЭстония

Кандидаттар:Беларусь

Бақылаушылар:АҚШВатиканЖапонияИзраильКанадаМексика

 
 

АлбанияАндорраАрменияБельгия (Бельгия француз қауымдығы) •БенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГана1ГвинеяГвинея-Бисау2ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанада (Нью-БрансуикКвебек) •Катар1Кипр1КоморларКонго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар2Мали2МароккоМолдоваМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және ПринсипиСейшель аралдарыСенегалСент-ЛюсияСолтүстік МакедонияТогоТунисФранция (ГваделупаМартиникаСен-Пьер және МикелонФранцуз Гвианасы) •ЧадШвейцарияЭкваторлық Гвинея

Қараушы елдер:АустрияБАӘБосния және ГерцеговинаГрузияДоминикан РеспубликасыЛатвияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСербияСловакияСловенияТайландУкраинаУругвайХорватияЧерногорияЧехияЭстония

1Қауымдастырылған мүше •2Мүшеліктен шыққан

 

АлбанияАлжирАуғанстанӘзербайжанБангладешБахрейнБенинБрунейБуркина-ФасоБіріккен Араб ӘмірліктеріГабонГайанаГамбияГвинеяГвинея-БисауДжибутиИндонезияИорданияИракИранЙеменКамерунКатарКоморларКот-д’ИвуарКувейтҚазақстанҚырғызстанЛиванЛивияМавританияМалайзияМалиМалдив аралдарыМароккоМозамбикМысырНигерНигерияОманӨзбекстанПалестинаПәкістанСауд АрабиясыСенегалСирияСомалиСуданСуринамСьерра-ЛеонеТәжікстанТогоТунисТүркияТүрікменстанУгандаЧад

Қараушы мұсылман ұйымдары және қауымдар:Моро Ұлт Азаттылығы МайданыСолтүстік Кипр

«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Албания&oldid=3463861» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp