Movatterモバイル変換


[0]ホーム

URL:


Мазмұнға өту
УикипедияҚазақша ашық энциклопедия
Іздеу

Айдахо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
АҚШ штаты

Айдахо
ағылш.Idaho

Айдахо туыАйдахо мөрі
Айдахо туыАйдахо мөрі

Штат ұраны

«Әрқашан болады» (Esto perpetua(ағыл.)

Штат әні

Here We Have Idaho (ағыл.)

Штат лақапаты

«Гауһарлы Штат»

Астанасы

Бойсе

Ең ірі қаласы

Бойсе

Ірі қалалары

Айдахо-Фолс
Нампа
Покателло
Меридиан

Тұрғыны

1 567 582 (2010 жыл)
39−орын (АҚШ б-ша)
-тығыздығы
7,24 адам/км²

Ауданы

14−орын
- барлығы
216 632 км²
- су беті
2 123 км² (0,98 %)
-ендік
42° с. е. бойынша49° с. е., 491 км
-бойлық111° б. б. бойынша117° б. б., 771 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі3 861,2м
- орташа биіктігі1 520 м
- минимал биіктігі
217 м

Штат статусын иеленуі

3 шілде 1890
43 ретпен
- штат болмай тұрып
Айдахо жері

Губернаторы

Брэд Литтл (Р)

Вице-губернаторы

Дженис Макгичин (Р)

Заң шығару органы

Айдахо легислатурасы[1]
- жоғарғы палатасыАйдахо сенаты
- төменгі палатасыАйдахо өкілдігінің палатасы

Сенат мүшелері

Майк Крепо (Р)
Джим Риш (Р)

Уақыт белдеуі

UTC−8/UTC−7,
жазда UTC−7/UTC−6

Домені

.id.us

Ресми сайты:

www.idaho.gov
  1. Англияда және АҚШ-тың кейбір штаттарында заң шығаратын органдар атауы

Айдахо (ағылш.Idaho,[ˈaɪdəhoʊ];[1]Айдахоу) — тынық мұхиттық Солтүстік-БатыстағыТаулы штаттар тобына жататынАҚШ штаты. Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы —Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат мәртебесін 43-ші ретпен1890 жылы3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты:«Гауһарлы Штат» (ағылш.«Gem state»), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны:«Әрқашан болады» (лат.Esto perpetuum).

Топонимикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі:1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing (ағыл.)) жаңа жерді «Айдахо» деп атаудыАҚШ Конгресіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөзшошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (ағылш.gem of the mountains). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда1859 жылыКолорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын[2] (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс).[3] Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді.[4][5]

Басқа болжамға сәйкес«айдахо» (бастапқыдаағылш.ee-dáh-how («и-да́-хоу») сөзі шошондар тілінде«Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөзарапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін.[2] Үшінші болжам бойынша«айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғниатабасктар тайпасыкоманчтар тайпасын осылай атаған.[6]

1860 жылы9 маусымдаКолумбия өзенінің бойымен букемесі жіберілді, ол«Айдахо» (ағылш.Idaho(e)) деп аталды.[2][7]1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді.1863 жылыВашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас).[8] Және1890 жылы Айдахо штат мәртебесін иеленді.

Тарихы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Орегон жері,1818-1846 жж.

Айдахо жерінде алғашқы адамдарпалеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі.[9] Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары -не-персе жәнепайюттар.[10][11] Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен.[12]

Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдарЛьюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен.[13][14] Келесі жылдары Айдахо қамбат аң терісімен айналысатын компаниялардыңтрапперлерімен белсене зерттеле бастада. Сонымен қоса АҚШ пенҰлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымдаОрегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті.[15]

1850—1860 жылдары Айдахо аумағынаналтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келіуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары -тау-кен өндірісі,ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар.

Географиясы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Айдахо картасы

Штаттың ауданы216 446 км² құрайды (83 570 шаршы миль).[16] Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында.[17] Су бетінің жиынтық ауданы2 131 км² (823 шаршы миль),[16] яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде.[18]

Айдахо оңтүстігіндеЮта жәнеНевада штаттарымен,[19] солтүстігінде —Британдық Колумбияканадалық провинциясымен,[20] шығысында —Вайоминг[19] штатымен жәнеБиттеррут жотасын бойлайМонтана штатымен шектеседі.[21][22] Ал батысындаОрегон жәнеВашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бірканадалық провинциямен шектесіп жатыр.

Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан.[21] Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шағасына дейінСнейк өзен аңғары созылып жатыр.[23] Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары:Нампа,Колдуэлл,Айдахо-Фолс,Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы —Бойсе.

Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішіндеСнейк өзені.[24] Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі —Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²).[18]

Айдахоның ең биік нүктесі —Бора-Пик (3 859м). ОлЛост-Ривер өзен аңғарында орналасқан.[25] Ең төмен нүктесі (216 м)Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.[26][27]

Көрші штаттар
Солтүстік-батыс:
Вашингтон (штат)
Солтүстік:
Үлгі:Байрақ/Британдық Колумбия (Канада)
Солтүстік-шығыс:
Монтана
Батыс:
Орегон
Шығыс:
Вайоминг


Оңтүстік-батыс
Невада
Оңтүстік:
Юта
Оңтүстік-шығыс:
Вайоминг


Суреттері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Кларкия шөгінділерінен қазып
алынған өсімдік жапырақтары
Жеті шайтан тауларыОвайхи өзенінің каньоныСнейк өзеніСнейк өзен аңғары

Климаты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Сент-Мериз өзені,сәуір айы

Штат өзінің бірқалыпсызклиматымен ерекшеленеді.Тынық мұхитынан 500 км-ге қарамастан, Айдахоның климатына батыстан келетін ауа ағындары (атмосфералық ылғалдың негізгі көзі) ықпал етеді.Жазды күндері ауа массаларыМексика шығанағы менКариб теңізінен айтарлықтай ылғал алып келеді.

Қысты күндерібұлттылықтың, ылғалдың жәнетемператураның орташа көрсеткіштері АҚШ-тың басқа бөліктеріне қарағанда жоғары болып келеді. Жалпы Айдахоның климатықоңыржай климатты, оңтүстігіне қарай климатықұрғақ. Дауыл және құйындар өте сирек болады.[28]

Флора және фаунасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Айдахо ақ қарағайы[29] (лат.Pinus monticola), Айдахо штатының белгілерінің бірі
Айдахо боршатышқаны

Штаттың аумағында 10биомдар кездеседі және 3 мыңға жуық байырғы өсімдіктер өседі, соның ішіндеағаштың 20 түрі.[30] Ылғалға бай өзен жағалауларындаБатыс Тсугасы (лат.Tsuga heterophylla),[31]Қатпарлы Туя (лат.Thuja plicata)[32] жәнеҚылшықты Терек (лат.Populus trichocarpa) өседі;[33] құрғақ жерлеріндеСары қарағай (лат.Pínus ponderósa)[34] жәнеМензис Псеудотсугасы (лат.Pseudotsuga menziesii) өседі.[35]

Штаттың таулы аймақтарындаАқ қабықты қарағай (лат.Pínus albicáulis)[36] жәнеТау Тсугсы (лат.Tsuga mertensiana) өседі.[37]

Айдахо штатында мекендейтін сүтқоректілер:Вапити (лат.Cervus elaphus subspp.),[38][39]Бұлан (лат.Alces alces),[40]Аққұйрықты бұғы (лат.Odocoileus virginianus),[41]Қарақұйрықты бұғы (лат.Odocoileus hemionus),[42]Ашамүйізді киік (лат.Antilocapra americana),[43]Сабау қой (лат.Ovis canadensis),[44]Қар ешкісі (лат.Oreamnos americanus),[45]Барибал (лат.Ursus americanus),[46]Пума (лат.Puma concolor),[47] ірілері:Канада құндыздары (лат.Castor canadensis),[48]Шалғын қасқыры (лат.Canis latrans),[49]Түлкі (лат.Vulpes vulpes),[50]Ондатр (лат.Ondatra zibethicus),[51]Күзендер (лат.Mustela frenata),[52]Солтүстік Америкалық кәмшат (лат.Lutra canadensis),[53]Америкалық борсық (лат.Taxidea taxus),[54]Солтүстік қалталы егеуқұйрық (лат.Thomomys talpoides),[55]Америкалық күзен (лат.Mustela vison),[56]Жанаттар (лат.Procyon lotor),[57]Америкалық сусарлар (лат.Martes americana)[58].

Айдахо аумағында үнемі ұя салатын тұқымдастарғаҚырғауылдар тұқымдастары (лат.Phasianidae)[59][60][61][62][63][64]Қаршыға тұқымдастары (лат.Accipitridae),[65][66]Сұңқарлар тұқымдастары (лат.Falconidae),[67][68]Жапалақ тұқымдастары (лат.Strigidae)[69][70] т.б. жатады.

Сирек және жойылып бара жатқан түрлер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Тұрғыны

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Айдахо халқының тығыздығы

2010 жылы Айдахо штатының тұрғындар саны 1 567 582 адамды құрады,[72] алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 781 адамға (1.4 %)[73] және2000 жылмен салыстырғанды 273 629 адамға (21,1 %) өсті.[72] Басқа штаттармен салыстырғанда бұл көрсеткіш бойынша 40-шы орында.[74]

2010 жылы Айдахо штаты 2000-2010 жылдар аралығындағы тұрғынның өсу деңгейі бойынша төртінші орын алды. Айдаходан жоғарырақ көрсеткіштерге ие болғанНевада (35,1 %),Техас (21,7 %) жәнеКалифорния (10 %) штаттары. Ал 2004-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштер бойынша Невада менАризона штаттарынан кейін 3-ші орында болған.

Тұрындарының жартысына жуығы қалада тұрады. Этникалық құрамы (2000 жылғы деректер бойынша):[75]

  • немістер — 18,8 %,
  • ағылшындар — 18,1 %,
  • ирландықтар — 10 %,
  • байырғы американдықтар — 8,1 %,
  • мексикалықтар — 5,5 %.

Штаттың тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.[76]

Ірі қалалары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Тұрғын саны 10 мыңнан асатын қалалар
1 шілде 2009 жылғы деректер бойынша[77]
Бойсе205,7Пост-Фолс26,9
Нампа81,2Москоу24,3
Меридиан68,5Игл19,7
Айдахо-Фолс55,3Аммон13,9
Покателло55,0Куна13,9
Кёр-д’Ален43,8Хейден13,2
Колдуэлл43,3Чаббак12,5
Туин-Фолс42,7Маунтин-Хоум12,3
Левистон31,9Гарден-Сити11,9
Рексбург28,9Блэкфут11,2

Экономикасы

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Айдахо алқабындағы трактор

2010 жылы штаттыңЖалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 55,4 миллиарддолларды құраса, әр адамға шаққандағы ЖІӨ мөлшері35 363 долларды құрады.[78]2008 жылы штаттың экономикасы АҚШ-тың басқа штаттарымен салыстырғанда 43-ші орында болды.[79]

Штат экономикасының маңызды секторыауыл шаруашылығы болып табылады. Жалпы АҚШ-та өсірілетінкартоптың үштен бір бөлігі Айдахо штатына тиесілі. Әйгілі картоп сорттарының біріRusset Burbank болып есептеледі.[80] Картоптан басқа Айдаходабидайдың үш түрі өсіріледі.Бақтақ жәнежасымық өндірісі бойынша бірінші орын алады.[81] Айдаходаазық-түлік жәнеағаш өндірісі, көлік жәнехимия өнеркәсіптері, сонымен қосақағаз,электроника өндірістері жақсы дамыған.Гудинг қаласындаирландиялықGlanbia (ағылш.Glanbia) компаниясына тиесілі елдің ең ірішикізат өндіретін зауыты орналасқан.[82] Айдахода реактивті катерлер өндіруші ірі өндірістер (Jetboat (ағыл.)) орналасқан.Сандпойнт қаласындаColdwater Creek (Coldwater Creek (ағыл.)) компаниясының киім сататын орталық офисі орналасқан.[83]

Штат экономикасының ірі секторы ғылыми және технология саласы болып табылады.2001 жылы бұл сала штаттың ЖІӨ мөлшерінің 25 % құрады. 1991—2002 жылдар аралығында бұл саланың өсім деңгейі 38 % болды.[84]

Жұмыс күші мен жұмыссыздықтың динамикасы[85]:

Транспорты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Білім беру

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Айдахо-Фолс қаласындағы мектеп

Айдахо аумағындағы ең алғашқы мектепті1837 жылы миссионерГенри Сполдинг (Henry H. Spalding (ағыл.)) салған болатын.1865 жылы мектептер саны 12-ге жетті: 4жеке меншік және 8 муниципалдық. 5 – 21 жас аралығындағы 1239 баланың үштен бір бөлігі осы мектептерде оқыды.1887 жылы 8 – 14 жас аралығындағы балалардың мектепке баруға міндеттейтін заң қабылданды. Осы заң арқасында1889 жылы 296 мектеп жұмыс істеп, онда12 457 бала оқыды.

Алғашқы орта мектеп1881 жылы штаттың қазіргі астанасы Бойсе қаласында салынған болатын.1891 жылыштаттың білім министрлігі құрылды.[86]2008 жылы штатта 751 мектеп жұмыс істеді, онда 275 мыңға жуық бала оқыған болатын.[87] Бір оқушыға шаққандағы салыстырмалы шығын бойынша штат ең соңғы орындарда. 2007-2008 жылғы кейбір мәліметтерге сүйенсек бұл көрсеткіш бойынша Айдахо штатыЮта жәнеТеннесси штаттарынан ғана озып, соңынан санағанда 3-ші орында болған,[88] ал басқа мәліметтерде соңғы орында болған делінеді.[87] Оқу бағдарламасына жұмсалатын аз шығынға қарамастан,2006 жылы штаттың орташа Айкю-і (IQ (ағыл.)) 101,4[89] құрады (жалпыұлттық көрсеткіш - 98[90]).

Жоғарғы оқу орындары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Айдахода үш университет жұмыс істейді.[91] Штаттың ең алғашқы және басты университеті —Айдахо Университеті (University of Idaho (ағыл.)). Бұл оқу орынуниверситеттерге жер телiмдерiн тегiн бөлу бағдарламасының аясында1889 жылыМоскоу қаласында құрылды. Штаттың екінші университеті ,Айдахо штатының Университеті (Idaho State University (ағыл.)),1901 жылыПокателло қаласында «Айдахо академиясы» ретінде құрылып, университет статусын1963 жылы иеленді.[92] Штаттың үшінші университеті1932 жылыБойсе қаласына алғашындакіші колледж ретінде құрылып,1974 жылдан бастапБойсе Штат Университеті (Boise State University (ағыл.)) деп аталды.

Бұлардан басқа штат аумағында 4 жеке меншік университет, 5 колледж және 7 жеке меншік колледж жұмыс істейді[91]:

Жеке меншік университеттер:

Штат колледждері:

Айдахо Университетінің басты ғимаратының алды

Жеке меншік колледждер:

Спорты

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Boise State Broncos football жәнеWyoming Cowboys fooball командалары, 2006 жыл

Штатта дамыған негізгі спорт түрлері қатарынабейсбол,шайбалы хоккей жәнебаскетбол жатады. Бірақ жоғарғы ұлттық спорт лигаларына қатысатын командалары жоқ.

1926-1928 жылдары Айдахо мен Юта арасындаС класының бейсбол лигасы өтті.[93] Қазіргі күнге дейін штатта екі кәсіби бейсбол командасы бар:Айдахо-Фолс Чакарс (Idaho Falls Chukars (ағыл.)) жәнеБойсе Хокс (Boise Hawks (ағыл.)). Сонымен бірге 6 жергiлiктi бейсбол лигалары жұмыс iстейдi.[94]

Үш командасыСтуденттiк спорттың ұлттық ассоциациясына кіреді:Бойсе Стейт Бронкос (Boise State Broncos (ағыл.);Таулы батыс конференциясы),[95]Айдахо Вэндалс (Idaho Vandals (ағыл.);Батыс атлетикалық конференциясы),[96]Айдахо Стейт Бенгалс (Idaho State Bengals (ағыл.);Үлкен аспан конференциясы)[97].

Штаттың кәсіби баскетбол командасыАйдахо Стампид (Idaho Stampede (ағыл.)) болып табылады,2006 жылға дейін КБА құрамында болған,[98] қазір ҰБА дамыту лигасында. 2007-2008 жылдары бұл команда лиганың чемпион атағын жеңіп алған.[99]

Штаттыңтенистен кәсіпқой командасы ретіндеАйдахо Сникерс (Idaho Sneakers (ағыл.)) танылған. Кезінде бұл командағаЭнди Роддик[100] жәнеМанон Боллеграф[101] деген спортшылар қатысқан болатын. Команда1994 жылдан бастапWorld TeamTennis турниріне қатысып келеді. Сол жылы турнирде екінші орынды иемденген.[102]

ECHL хоккей лигасына штаттыңАйдахо Стилхедс (Idaho Steelheads (ағыл.)) деген командасы қатысады. 2004, 2007 жылдары[103] Айдахо Стилхедс екі мәртеКелли кубогын (Kelly Cup (ағыл.)) және 2009—2010 маусымдаБрэбхем кубогын (Brabham Cup (ағыл.)) жеңіп алған.[104]

Гольф спорты бойынша жалпыұлттық турнир аясында Айдахода үнеміAlbertsons Boise Open (ағыл.) турнирі өтеді.[105]

Назар аударарлық орындары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ұлттық саябақтар, қорықтар, ескерткіштер, тарихи орындар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Сити-оф-Рокс ұлттық қорығы

Ұлттық демалыс орындары

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Хелс-Каньон

Ұлттық қорықтар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ұлттық қорықшалар

[өңдеу |қайнарын өңдеу]

Ресми белгілері

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы:Айдахо штатының ресми белгілері
  • Аппалуза жылқысы, штаттың белгілерінің бірі
    Аппалуза жылқысы, штаттың белгілерінің бірі
  • Хагерман Жылқысының қаңқасы (ағылш. Hagerman Horse)
    Хагерман Жылқысының қаңқасы (ағылш.Hagerman Horse)
  • Сквэр данс биінің белгісі
    Сквэр данс биінің белгісі
  • Тау көк шымшығы (ағылш. Mountain Bluebird)
    Тау көк шымшығы (ағылш.Mountain Bluebird)
  • Лашын
    Лашын
  • Syringa (Philadelphus lewisii) гүлі
    Syringa (Philadelphus lewisii) гүлі

Дереккөздер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
  1. Pronunciation of Idaho. Inogolo.
  2. abcJohn E. ReesIdaho - its meaning, origin and application — Portland: The Ivy Press, 1917. — 16 p. —ISBN 1113409312.
  3. Fun Facts and Trivia - Historic Idaho Springs  (ағыл.). Historical Society of Idaho Springs. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  4. Richard W. Etulain, Bert W. MarleyThe Idaho heritage: a collection of historical essays — Idaho State University Press, 1974. — 230 p.
  5. Erl H. Ellis That Word "Idaho". — Denver: Western Folklore, 1951. — № 4.
  6. Online Etymology Dictionary  (ағыл.). Тексерілді, 17 қазан 2010.
  7. Idaho's Name  (ағыл.). Official Idaho Vacation and Travel Planning Guide. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  8. Idaho County  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 17 қазан 2010.
  9. Wilson Butte Cave  (ағыл.). Bureau of Land Management. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  10. The Peoples of Idaho: Native Settlers  (ағыл.). Idaho Museum of Natural History. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  11. Jill ForanIdaho. A guide to American states, American States Series. — Weigl Publishers Inc., 2002. — P. 17. — 32 p.
  12. Idaho Culture  (ағыл.). Official Idaho Vacation and Travel Planning Guide. Тексерілді, 10 қараша 2010.
  13. Lemhi Pass--Lewis and Clark Expedition  (ағыл.). A National Register of Historic Places Travel Itinerary. Тексерілді, 10 қараша 2010.
  14. The Lewis and Clark Back Country Byway and Adventure Road  (ағыл.). Bureau of Land Management. Тексерілді, 11 қараша 2010.
  15. Treaty between Her Majesty and the United States of America, for the Settlement of the Oregon Boundary  (ағыл.). Université de Montréal. Тексерілді, 20 қараша 2010.
  16. abTable 347. Land and Water Area of States and Other Entities: 2000 //Statistical Abstract of the United States: The National Data Book / Census Bureau — Government Printing Office, 2005. — P. 221. — 512 p. —ISBN 0160739780.
  17. United States Summary: 2000, Population and Housing Unit Counts  (ағыл.). U.S. Census Bureau. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  18. abIdaho Profile  (ағыл.). Idaho Secretary of State. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  19. abSpatial databases for the geology of the Northern Rocky Mountains - Idaho, Montana, and Washington  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  20. Washington State, USA  (ағыл.). Vancouverisland.com. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  21. abClimate of Idaho  (ағыл.). Western Regional Climate Center. Тексерілді, 4 қараша 2010.
  22. GNIS Detail - Bitterroot Range  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  23. Snake River Plain, Idaho  (ағыл.). Earth Observatory, NASA. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  24. Snake River  (ағыл.). U.S. Geological Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  25. The NGS Data Sheet  (ағыл.). National Geodetic Survey. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  26. State Fast Facts: Idaho#Geography  (ағыл.). CBS news. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  27. Idaho Geology  (ағыл.). Geology.com. Тексерілді, 25 қазан 2010.
  28. Donna Henderson, Aberdeen Research, Christopher J.Williams, Jeffrey S. Miller Прогнозирование фитофтороза картофеля в южном Айдахо с использованием логистического регрессивного анализа (en) = Forecasting Late Blight in Potato Crops of Southern Idaho Using Logistic Regression Analysis //Plant Disease. — The American Phytopathological Society, тамыз 2007. — Т. 91. — № 8. — б. 951-956.
  29. А. Д. Букштынов, Б. И. Грошев, Г. В. Крылов. Леса (Природа мира). М.: Мысль, 1981
  30. Trees of The Idaho Forest  (ағыл.). Idaho Forest Products Commission. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  31. PLANTS Profile for Tsuga heterophylla (western hemlock)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  32. PLANTS Profile for Thuja plicata (western redcedar)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  33. PLANTS Profile for Populus balsamifera ssp. trichocarpa (black cottonwood)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  34. PLANTS Profile for Pinus ponderosa (ponderosa pine)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  35. PLANTS Profile for Pseudotsuga menziesii (Douglas-fir)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  36. PLANTS Profile for Pinus albicaulis (whitebark pine)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  37. PLANTS Profile for Tsuga mertensiana (mountain hemlock)  (ағыл.). USDA PLANTS. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  38. Alvin A. Gajadhar, Stacy V. Tessaro, William D.G. Yates Diagnosis of Elaphostrongylus cervi infection in New Zealand red deer (Corvus elaphus) quarantined in Canada, and experimental determination of a new extended prepatent period (en). — Can Vet J, 1994. — Т. 35. — б. 433-437.
  39. American Elk  (ағыл.). Natural Resources Conservation Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  40. R. Lee Lyman New Record of Moose (Alces alces) in Southeastern Washington State  (ағыл.). Northwest Scientific Association. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  41. Donald Streubel White-tailed Deer  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  42. Odocoileus hemionus  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  43. Antilocapra americana  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  44. Ovis canadensis  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  45. Donald Streubel Mountain Goat  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  46. Ursus americanus  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  47. Puma concolor  (ағыл.). US Forest Service. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  48. American Beaver  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  49. Coyote  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  50. Red fox  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  51. Muskrat  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  52. Long-tailed Weasel  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  53. Northern River Otter  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  54. American Badger  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  55. Northern Pocket Gopher  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  56. Mink  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  57. Common Raccoon  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  58. American Marten  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  59. Ruffed grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  60. Sage grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  61. Blue grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  62. Spruce grouse Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  63. Ring-necked pheasant Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  64. Gray partridge Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  65. Bald eagle Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  66. Golden eagle Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  67. Merlin Species Account  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  68. Peregrine falcon Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  69. Common barn-owl Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  70. Burrowing owl Info  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 7 қараша 2010.
  71. abcdefghijklmnopqrstThreatened & Endangered Species  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 8 қараша 2010.
  72. abState Fact Sheets: Idaho: Population, Income, Education, Employment, and Federal Funds  (ағыл.). Economic Research Service, USDA, Washington, DC. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  73. Idaho QuickFacts from the US Census Bureau  (ағыл.). U.S. Census Bureau. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  74. Idaho Ranks Fourth in Fastest Growing States in 2010 Census  (ағыл.). Idaho Department of Labor News. Тексерілді, 17 сәуір 2011.
  75. Ancestry: 2000  (ағыл.). census.gov. Тексерілді, 24 қазан 2011.
  76. Resident Population Data — 2010 Census  (ағыл.). census.gov. Тексерілді, 24 қазан 2011.
  77. Population Estimates  (ағыл.). U.S. Census Bureau, Population Division. Тексерілді, 16 сәуір 2011.
  78. Idaho Gross State Product Rebounds in 2010  (ағыл.). Idaho Department of Labor. Тексерілді, 21 маусым 2011.
  79. Idaho GDP size and rank  (ағыл.). EconPost. Тексерілді, 23 маусым 2011.
  80. Varieties - Russet Burbank (Solanum tuberosum)  (ағыл.). Potato Association of America. Тексерілді, 21 шілде 2011.
  81. Facts About Idaho  (ағыл.). Idaho Department of Commerce. Тексерілді, 18 тамыз 2011.
  82. Interim Results 2004  (ағыл.). Glanbia.com. Тексерілді, 21 маусым 2011.
  83. Women's Apparel & Fashion Accessories  (ағыл.). Coldwater Creek. Тексерілді, 22 маусым 2011.
  84. The Power of Idaho  (ағыл.). Idaho Economic Development Association. Тексерілді, 22 маусым 2011.
  85. Economy  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 10 қараша 2011.
  86. A Brief History Of Education In Idaho  (ағыл.). Idaho State Department of Education. Тексерілді, 18 шілде 2011.
  87. abIdaho Schools - Public & Private Schools (ID)  (ағыл.). Local School Directory. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  88. Times-News report: Idaho lags behind most states in per-student funding  (ағыл.). Magicvalley.com. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  89. Michael A. McDaniel Estimating state IQ: Measurement challenges and preliminary correlates (en) //Intelligence. — Virginia Commonwealth University: Elsevier, 2006. — № 34. — б. 607-619.
  90. Richard Lynn, Tatu Vanhanen IQ and Global Inequality — Augusta, GA: Washington Summit Publishers, 2006. —ISBN 1593680252.
  91. abColleges & Universities  (ағыл.). Idaho.gov. Тексерілді, 18 шілде 2011.
  92. History of Idaho State University  (ағыл.). Idaho State University. Тексерілді, 19 шілде 2011.
  93. Rebecca S. KrausMinor league baseball: community building through hometown sports — Routledge, 2003. — P. 41. — 206 p. —ISBN 0789017563.
  94. Leagues  (ағыл.). The Idaho Baseball Network. Тексерілді, 24 шілде 2011.
  95. Boise State moves to Mountain West  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  96. Idaho Vandals  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  97. Idaho State Bengals  (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  98. Stampede History  (ағыл.). NBA. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  99. Idaho Stampede Win 2008 D-League Finals Presented By Delta  (ағыл.). Тексерілді, 26 шілде 2011.
  100. Andy Roddick  (ағыл.). WTT.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  101. ASAP Sports Transcripts - Tennis - 1997 - US OPEN - September 4 - Rick Leach  (ағыл.). ASAP Sports, Inc.. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  102. 2010 WTT MEDIA GUIDE  (ағыл.). WTT.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  103. History of the Kelly Cup  (ағыл.). ECHL. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  104. Alaska wins Brabham Cup  (ағыл.). ECHL. Тексерілді, 26 шілде 2011.
  105. Albertsons Boise Open Pres'd by Kraft  (ағыл.). PGATOUR.com. Тексерілді, 25 шілде 2011.
  106. abcdefghijklmnIdaho’s state symbols are an official part of Idaho Code  (ағыл.). Idaho State Historical Society. Тексерілді, 31 тамыз 2011.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу |қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Idaho
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Ірі қалалары
Кіші қалалары
Округтері
Тақырыптар бойынша мақалалар
Бұл үлгіні қарауБұл үлгіні талқылауБұл үлгіні өңдеу
Штаттар

АйдахоАйоваАлабамаАляскаАризонаАрканзасБатыс ВирджинияВайомингВашингтонВермонтВирджинияВисконсинГавайиДелавэрДжорджияИллинойсИндианаКалифорнияКанзасКентуккиКолорадоКоннектикутЛуизианаМассачусетсМиннесотаМиссисипиМиссуриМичиганМонтанаМэнМэрилендНебраскаНевадаНью-ГэмпширНью-ДжерсиНью-ЙоркНью-МексикоОгайоОклахомаОрегонПенсильванияРод-АйлендСолтүстік ДакотаСолтүстік КаролинаТеннессиТехасФлоридаОңтүстік ДакотаОңтүстік КаролинаЮта

Федералды округ
АҚШ аралдық территориялары
Сыртқы кіші аралдары
Таңдаулы мақала
✯
Бұл мақала қазақша Уикипедияныңтаңдаулы мақалалар тізіміне енеді.
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Айдахо&oldid=3377415» бетінен алынған
Санаттар:
Жасырын санат:

[8]ページ先頭

©2009-2025 Movatter.jp