Аддис-Абеба (амхарша - "жаңа гүл") —Эфиопияның астанасы, ірі сауда-финанс, мәдени орталығы.
Ефиопия таулы қыратының орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 2400 м биіктікте. Аэропорт, тас жол торабы, темір жол арқылыАден шығанағындағыЖибути портымен байланысады.
Халқы — 3 041 002 тұрғын (2012ж. мәліметі).
Аддис-абебада жеңіл (мата тоқу, тері илеу, аяқ киім тігу), тамақ (астық тарту, май шайқау, ет-сүт өімдері шығару), ағаш өндеу және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар шоғырланған. Тоқыма, тері, металл, ағаш бұйымдары жасайтын майдагерлік кәсіпшілік дамыған.
Аддис-абеба арқылы шетке кофе, мал терісі, астық, балауыз шығарылады.
Университет, ұлттық кітапхана, тарихи-этнографиялық мұражай, ұлттық театр, ефиопистика интституты бар.
1958 жылдан беріБҰҰ-ның Африка істерімен шұғылданатын экономикалық комиссияның және 1963 жылдан Африка бірлігі ұйымының тұрақты резиденциясы.
   |
---|
| Елдер астаналары | |
---|
| Тәуелді аймақтар | |
---|
| Мойындалмаған аумақтар | |
---|
|