Диқаншылықтың тарихы өте ертеден басталды. Агрономия agrуs – танап, егіс және nуmos –заң дегенді білдіреді. Шығыс елдерінде (Мысыр,Үндістан,Қытай, т.б.) дихандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді,күнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағынданеолит дәуірінен бастапегіншілік дами бастады. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға еккен. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың аяғында мал өсіретін ірі-ірі қауымдармен бірге егіншілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш-Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын танаптардың іздеріЖоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) жәнеШу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларындаҚырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Біздің заманымыздың 3 ғасырында қазақ жерінде бау-бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод,Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) Біздің заманымыздан бұрынғы XVIII – IV ғасырлардатопырақ өңдеу, дақыл өсіру, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арамшөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ,климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін агрономия ғылымының негізгі болып қаланды. Орта ғасырларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктің тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа сорттары әкелінді. XVIII ғасырдың екінші жартысындаАнтуан Лавуазье,Джозеф Притсли, т. б.өсімдіктер көмір қышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауыстырылды. Агрономия XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік физиологиясы, химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. XX ғасырдаБатыс Еуропа,Америка,Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар шашу, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды.
Агрономияның міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Қазақ жерінде агрономиялық ғылми-зерттеу жұмыстары Темір (1907), Семей (1911) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 – 1932 ж. Қазақстанда өлкені зерттеу қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал, т.б. қалаларда ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектептер, курстар, техникумдар ашылды. Оларда оқу-ағарту ісімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау стансасы (1958 жылданҚазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты), 1926 ж.Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану институты (1934 жылданҚазақ егіншілікғылыми-зерттеу институты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар Топырақтану институты (1934 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институты) ұйымдастырылды. Қазақ ауыл шаруашылығы институты 930) жәнеВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап агрономия ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі – топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Кезінде сол үшін бір топ ғалымдарға (Александр Бараев, т.б.) Лениндік сыйлық (1972) берілді. 1939 – 1945 жылдарыАқтөбе облысыныңОйыл ауданындағы «Құрман» ұжымшарының диханыШығанақ Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8 ц; 1941 ж. 165 ц; 1942 ж. 175 ц; ал 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Сондай-ақЫбырай Жақаев (Қызылорда облысы,Шиелі ауданы) бекітілген егістің әр гектарынан орта есеппен 80 – 90 ц (1942 – 66), ал тәжірибе телімшесінің әр гектарынан 171 ц күріш алды. Қазақстанда агрономия ғылымының салалары: егіншілік,агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамыған.
Қазақстанда агротехниканы дамытуда Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шортанды) ғалымдары көп еңбек сіңірді. Қуаңдалада құрғақшылыққажол бермеу, өнімділігі аз,шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солтүстік облыстарына лайықтаптұқым өсіру жүйесін жасап, өндіріске енгізді; эрозияға қарсы қолданылатын машиналар (сыдыра жыртқыш құралдар,тұқым сепкіштер,тырмалар, т.б.) құрастырды. Агротехниканышаруашылықтың жәнеауа райының жылдық ерекшеліктеріне, ауыл шаруашылық ғылыми және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соның нәтижесінде агротехниканы егіннің тұрақтымол өнімін беруін,еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді.
Агрохимия, агрономиялық химия –топырақ пенөсімдікте өтетінхимиялық процестер,өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралығылым;егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Диқаншылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. Агрохимияның негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Жан Буссенго (1836). Олөсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғаттаазот айналымы болатынын болжап білді. Кейін неміс ғалымы Юстус Либих (1840)топыраққатыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, алАнглияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт (1843) салынды. Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарыныңшығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды.
Агрохимия топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың,ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды. Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалады. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар,гербицидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі. Қазақстанда агрохимиялық зерттеулерді